Жеке тұлғаны қалыптастыру мен функционалдық сауаттылықты дамыту мақсатында ағылшын тілі сабағында Kahoot бағдарламасын тиімді қолдану

0
1954
Freepik.com

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бəсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы ең маңызды басымдықтарының бірі экономиканы технологиялық жаңғыртуды жеделдету болып табылады.

«Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын жəне басқа да перспективалы салаларды дамыту керек». Қорыта келгенде білім беру процесіне осындай замануи технологияларды енгізу нəтижелі болып табылады. Kahoot сияқты жүйелерді педагогикалық қызметте оңтайлы қолдану «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда педагогикалық қауымның аз да болса маңызды қадамдарының бірі.

Заманауи білім беру машықтануында инновациялық технологиялар мен əдістерді қолдану тəжірибесінде кахут интернет қосымшасы өзекті мəселелердің бірі болып табылады. Сабақ барысына, оқушылардың білімін оңтайлы əрі уақытты үнемдеп тексеретін, интернет технологияларын еңгізу арқылы білім беру кезеңін қызықты əрі сапалы етіп құрастыру.

Бұл платформа мұғалімге лексикалық және грамматикалық білімді ерекше түрде бағалауға мүмкіндік береді. Мен мұғалім ретінде, екі сыныпты бақыладым, бірінші жағдайда бағалау көбінесе тарату материалдары арқылы, екіншісінде Kahoot.com. Зерттеуді қорытындылай келе, Kahoot бағдарламасы қолданылған сынып оқушылары сабаққа көбірек зейін қойып белсенді қатысты. Сондай-ақ мұндай смарт-сервистерді педагогикалық қызметте пайдалану педагогикалық жұртшылық үшін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыруға елеулі қадам болып табылатынын түсіну қажет.

Нәтижелерге сүйене отырып, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, атап айтқанда, сандық smart қызметін пайдалануға қатысты келесі тұжырымдар жасалды:

  • Ынталандыру деңгейі жоғарылайды, өйткені бағалау уақыты аяқталғаннан кейін оқушылар турнир кестесінде орналасады
  • Сабақта мазасыздық атмосферасы жоқ, өйткені бағалау ойын түрінде болады
  • Ойын оқу процесіне эмоциялар әкелуге көмектеседі-ойын механикасы, Музыка және визуалды дизайн арқылы оқушыларға өз мүмкіндіктерін ашуға көмектесетін есте қаларлық сәттер жасайды.
  • Смарт-сервис Kahoot.com! сонымен қатар қашықтықтан оқыту кезінде бағалау мен талдаудың өте тиімді әдісі болып табылады.

Жалпы және орта білім беретін ұйымдарда Kahoot бағдарламасын қондыру арқылы мектеп оқушыларымен жұмыс жасау өте қолайлы әрі тиімді.

Оқытушы заман талабына сай тестілеу жүйесін меңгере алады, ал әрбір оқушының сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасы арта түседі. Бұл бағдарламаны пайдаланудың екі тиімді жағы бар: біріншіден оқытушы мен оқушылар арасында тығыз байланыс орнайды, екіншіден оқушылар арасында бәсекелестік туындап, тиімді шешу жолдарын ұсынып, жаңа мәліметтер мен тақырыпты толық ашуға қызығушылығы оянады.

Агжанова Алтын Ахметовна
Солтүстік Қазақстан облысы,
Мамлют ауданы,
Мамлют қазақ мектеп-интернаты


ПІКІР ҚАЛДЫРУ