Жекеше нотариус

0
3144

Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 15-бабында жекеше нотариустардың құқықтық мәртебесі анықталған. Нотариус заңды тұлға құрмай жеке практикамен айналысады, алайда онда заңды тұлғаға тән барлық белгілер бар банк мекемелерінде есеп айырысу шотының болуы және өзге де шарттар ашуы; еңбек заңдарына сәйкес көмекшілер, техникалық қызметкерлер жалдап, оларды жұмыстан босатуы;  мүліктік құқығының болуы және оларды өз атынан билік етуге мүмкіндігінің бар болуы; соттарда өз атынан сөз сөйлеуге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да іс-әрекеттер жасауға құқығы.\r\n\r\n \r\n\r\nЖеке практикамен айналысатын нотариус есептік, валюталық шарттар және Қазақстан Республикасының банктік заңнамаларына сәйкес кез-келген банкте өзге де шоттар ашуға құқығы бар (Заңның 15-бабы).\r\n\r\n \r\n\r\nНотариус ретінде заңды тұлға құрмай, лицензия негізінде нотариаттық қызметпен айналысатын жеке практикамен айналысатын азамат танылады. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 6 тармағы қызметтің лицензияланған түрлері сипатындағы нотариалдық қызмет көрсетулерді енгізді.\r\n\r\n \r\n\r\n«Лицензия туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес лицензия ҚР Әділет Министрлігінің Аттестациялық комиссиямен өткізілген аттестаттау қорытындысы бойынша мемлекеттік немесе жеке нотариустан іс-тәжірибеден өту негізінде тестілеу нысанында беріледі.\r\n\r\n \r\n\r\nӘділет Министрлігінің халыққа құқықтық көмек және заң қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру бойынша Комитетпен құрылған Аттестациялық комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасының Әділет органдарының төрағалары, ҚР Адвокаттар Алқасы, Республикалық нотариалдық палаталар мен оқытушы-заңгерлер кіреді.\r\n\r\n \r\n\r\nАттестациядан Қазақстан Республикасының Біліктілік әділет алқасына біліктілік емтиханын тапсырған тұлғалар; тұрақты судьялар және өздерінің міндеттерін орындау кезінде заңдылықты бұзғаны және басқа да бұзушылықтар жасағаны үшін судья қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья жұмысын істейтін тұлғалар; сондай-ақ мемлекеттік нотариустар өтпейді. Аттестация, сонымен қатар прокурорларға, прокуратура органдарында жұмыс істеген тергеуші және анықтаушыларға тән емес.\r\n\r\n \r\n\r\nНотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғалар Комиссияға аттестацияға жіберу рұқсаты туралы өтініш халыққа құқықтық көмек және заң қызметін көрсетуді ұйымдастыру бойынша  Комитеттің кеңсесі арқылы жіберді. Өтінішке мына құжаттар қоса берілуі тиіс\r\n\r\n \r\n\r\nАттестациялық істің материалдарын қарау нәтижесі бойынша Комиссия аттестацияға өткізу туралы немесе өткізуден бас тарту туралы шешім шығарады. Аттестацияға өткен үміткер әділет аумақтық органдары арқылы аттестацияның өткізілуіне дейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей аттестацияның өту орны, уақыты мен күні туралы хабарландырылады. Аттестацияға өткен үміткер қолданыстағы заңнама бойынша тестілеуден өтеді және егер дұрыс жауабы 65 пайыздан асса және ұсынылған  сұрақтардың жалпы санынан көп пайызын алса, тестілеуден өтті деп саналады. Тестілеудің қорытындысы бойынша Комиссия аттестациядан  өткендігі немесе өтпегендігі туралы аттестация өткеннен кейін келесі күнінен кешіктірілмей шешім шығарады.\r\n\r\n \r\n\r\nОсыдан кейін үміткер жеке нотариалдық іс-әрекеттермен айналысу құқығына ие болу үшін жоғарыда аталған өтудің көрсетілген тәртібі бойынша іс-тәжірибеден өтуі керек.\r\n\r\n \r\n\r\nЛицензиясыз жеке нотариалдық іс-әрекеттермен айналысу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеліп соғады. Нотариустың лицензия алуы үшін қажетті құжаттардың тізімі, лицензияны беру тәртібі мен мерзімі 2002 жылы 27 ақпандағы адвокаттық қызмет және нотариустардың қызметін лицениялау Ережесімен белгіленеді. Жеке нотариалдық іс-әрекеттермен айналысу құқығына лицензия алу үшін Лицензиат Лицениарға (халыққа заң қызметтерін көрсету және құқықтық көмекті ұйымдастыру бойынша Комитет) бекітілген нысанда арыз ұсынады. Арызға қосымша\r\n\r\n \r\n\r\nЛицензиат осы аталған құжаттардың мазмұнында көзделген мәліметтердің толымдылығы мен сенімділігіне жауап береді. Лицензия беру туралы арыз осы арызға қосымша тіркелген құжаттардың толымдылығы мен сенімділігін тексеру жолымен 1 ай мерзім ішінде Лицензиармен қаралады. Қараудың нәтижесі бойынша Лицензиар  лицензияны беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім шығарады. Лицензия «Адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензиясының нысанын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 23 желтоқсандағы №1325 қаулысымен  бекітілген нысан бойынша беріледі.\r\n\r\n \r\n\r\nНотариустың лицензиясы бас лицензия болып табылады және оның мерзіміне шек қойылмай беріледі және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады. Оған Қазақстан Республикасының  Әділет Министрлігінің халыққа құқықтық көмек және заң қызметін көрсетуді ұйымдастыру бойынша Комитет Төрағасы қол қояды, бір данада жасалады және Лицениардың мөрімен ресімделеді. Лицензия сенімхаттың негізінде өкілетті Лицениатпен де берілуі мүмкін. Лицензияны жоғалтып алу кезінде Лицензиаттың оның дубликатын алуға құқығы бар.\r\n\r\n \r\n\r\n Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі нотариалдық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияны мемлекеттік тіркеуден өткізеді және нотариалдық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны берген тұлғалар туралы мәліметті, соның  ішінде нотариустың аты-жөні, әкесінің аты; лицензияның берілген күні мен оның номері көрсете отырып, ведмоствалық баспасөз органдарында (Заң газеттерінде) жариялайды.\r\n\r\n \r\n\r\nНотариустың лицензиясын беруден бас тартудың негізі лицензиялау туралы заңнамамен бекітіледі. Бас тарту туралы шешім үміткерге оның бұл шешімді қабылдаған күннен бастап 3 күн мерзім ішінде бас тартудың негіздері көрсетіле отырып жазбаша нысанда беріледі. Бас тарту туралы шешімге сотта шағым берілуі мүмкін.\r\n\r\n \r\n\r\nНотариус лицензиясының күшін азаматтардың арыздары, аумақтық әділет органдарының, нотариаттық палаталардың, прокуратура, тергеу, анықтау органдарының, сондай-ақ салық қызметінің ұсыныстары негізінде ҚР Әділет министрлігінің шешімімен тоқтатыла тұрады.\r\n\r\n \r\n\r\nОсыған байланысты лицензияны оның ауырлық дәрежесі мүмкін болатын құқықтық салдар, жеке басының мінез-құлқы бойынша тоқтату үшін  негіздердің әртүрлілігіне назар аударады.\r\n\r\n \r\n\r\nНотариус лицензиясының күшін тоқтата тұру туралы шешімде лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептері мен көрсетілуі тиіс.\r\n\r\n \r\n\r\nЛицензияның күші мұндай шешім нотариусқа жеткізілген күннен бастап тоқтатыла тұрады. Тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылған жағдайда лицензиар лицензияның күшін қалпына келтіру туралы шешім шығарады.\r\n\r\n \r\n\r\nНотариус лицензиясының күшін тоқтата тұру тоқтатылған кезеңде нотариаттық іс-әрекеттер жасалуына тыйым салуға  және нотариустың жеке мөрін аумақтық әділет органына тапсыруына әкеп соғады.\r\n\r\n \r\n\r\nНотариус лицензиясының күшін тоқтата тұру немесе қалпына келтіру туралы шешім Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведмоствалық баспасөз органында жарияланады.\r\n\r\n \r\n\r\nНотариус лицензиясының күшін тоқтата тұру туралы шешім жөнінде сотқа шағымдануға болады.\r\n\r\n \r\n\r\nНотариустың лицензиясының күшін тоқтата тұрудан басқа заң нотариустың лицензиясын кері қайтарып алуды да қарастырады. Нотариустың лицензиясын кері қайтарып алу Әділет атестаттау комиссиясының  не прокуратура органдарының, не Қазақстан Республикасы Әділет министррігінің, не Республикалық нотариаттық палатаның талап қоюы бойынша сот шешімімен мынадай жағдайларда\r\n\r\n \r\n\r\nКөріп отырғанымыздай, жекеше нотариустардың лицензиясын кері қайтарып алу үшін негіздер құқық бұзушылықтар болып табылады.\r\n\r\n \r\n\r\nЗаңның 12 бабы жекеше нотариустардың лицензиясының күшін тоқтату негіздерін қарастырады. Оған, ең алдымен соттың шешімі бойынша лицензияны кері қайтарып алу жатады. Бұдан басқа, әділет аумақтық органы және нотариаттық палаталардың ұсынысы бойынша ҚР Әділет Министрлігі лицензиясының күшін мынадай жағдайларда тоқтатуы мүмкін\r\n\r\n \r\n\r\nНотариус лицензиясының күшін тоқтату туралы ұсынысты тиісті нотариат палатасы мен аумақтық әділет органы енгізеді.\r\n\r\n \r\n\r\nЛицензияны алғаннан кейін үміткер алғашқы төлемді енгізе отырып аумақтық нотариалдық палатаға мүшелікке кіруі тиіс және аумақтық әділет органынан есептік тіркеуден өтуі тиіс.\r\n\r\n \r\n\r\nЖекеше нотариус үшін аумақтық нотариалдық палатаға мүшелікке кіру міндетті болып табылады. Аумақтық нотариалдық палата қоғамдық бірлестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында мемлекеттік емес заңды тұлға болып табылатындықтан бұндай палатаның мүлкі  негізінен нотариустардың алғашқы төлемдері есебінен қалыптасады. Алғашқы ай сайынғы мүшелік жарғылардың мөлшері нотариалдық палата басқасының жоғарғы органымен анықталады. Әдетте, алғашқы төлем айлық есептік көрсеткіште есептеледі және 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі соманы құрайды. Кейбір аумақтық палаталар аудандық, селолық және шағын қалалық нотариустар үшін алғашқы төлемнің мөлшерін азайтады. Нотариалдық палатаның мүшелігіне қабылдау туралы нотариусқа тіркейтін есепке орналасау үшін басқару шешімінің көшірмесі берілуі керек.\r\n\r\n \r\n\r\nЖекеше нотариуста штамп, мөр және бланкілері болуға тиіс. 1999 жылдың наурызына дейін жекеше нотариустар Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген жеке мөрді пайдаланған. Жаңа реквизиттерді толық жазу 1999 жылы 24 ақпандағы ҚР-ның Әділет Министрлігінің №16 «Жекеше нотариустардың мөрі туралы», яғни 04.11.2004 жылы өзгерістер енгізілген бұйрығымен баяндалған. Онда жекеше нотариустардың жеке мөрі және нобайы (алғашқы нұсқасы) бекітілген. Жеке мөрде – тегі, аты-жөні, әкесінің аты, нотариалдық қызметпен айналасу құқығына лицензия берілген күні және нөмері көрсетілуі тиіс.  Жекеше нотариустардың жеке мөрлерін дайындауға тапсырысты Аумақтық Әділет органы жүзеге асырады. Жекеше нотариустарға жаңа мөрлерді беру Әділет органдарына сәйкес, мөрмен бекітілген және тігілген, нөмірленген, арнайы тіркеу журналында тіркелген, қолхат беру негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар, нотариустарда келесілер болуы қажет куәландыратын жазуы бар штамптар, «айналымды қара» жазуы бар кіші штамптар, штамптардың көшірмелерін, штамптардың көшірмелерінің көшірмесін, жекелігі көрсетілген, қабілеті тексерілген, тігілген және номірленген, сенімхат, өсиет бланкілері және т.б.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ