Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерінің экономикалық мәні

0
2853

МАЗМҰНЫ\r\n\r\n \r\n\r\nКіріспе\r\n\r\n \r\n\r\nI Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерінің экономикалық мәні \r\n\r\n1.2. Қазақстан Республикасының Салық жүйесі\r\n\r\n1.2. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтарының экономикалық мәні\r\n\r\n \r\n\r\nII Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін төлеу және ресімдеу тәртібі\r\n\r\n2.1 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері бонустарды төлеу мерзімі\r\n\r\n      мен ресмдеу әдістері\r\n\r\n2.2 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері роялтиді төлеу мерзімі\r\n\r\n      мен ресмдеу әдістері\r\n\r\n2.3 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері өнiмдi бөлу бойынша\r\n\r\n      Қазақстан Республикасының үлесi\r\n\r\n2.4 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері келiсiм-шарт бойынша\r\n\r\n       жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiy\r\n\r\n       төлеу мерзімі мен ресмдеу әдістері\r\n\r\n2.5 Жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайда салығы\r\n\r\n \r\n\r\nIII Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін жүзеге асырудағы қазіргі кездегі жетілдіру жолдары  \r\n\r\n \r\n\r\nҚорытынды\r\n\r\n \r\n\r\nПайдаланылған әдебиеттер\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nКіріспе\r\n\r\nНарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты- бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.\r\n\r\nСалық саясатының басты мақсаты- салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.\r\n\r\nСалық жүйесі өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, біршама қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті.\r\n\r\nҚазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экономиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырды.\r\n\r\nҚазақстан Республикасының Салық жүйесінің дамуы 3 кезеңнен өтті.\r\n\r\nБірінші кезең. 1991 жылы 9 шілдедегі Қазақ КСР Президентінің «ҚазКСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Жарлығымен ҚазКСР-нің басты мемелекеттік салық инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілер пакеті қабылданды.\r\n\r\n      Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу жөніндегі қызметке салық салу:\r\n

    \r\n

  1. Салық режимiнiң бiрiншi үлгiсi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу оларды төлеу жөнiндегi міндеттемелер пайда болған кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүргізіледi.  
  2. \r\n

  3. Мiндетті салық сараптамасынан өткен және 2004 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе құзыретті орган мен отандық немесе шетелдiк жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарда айқындалған салық режимi олардың қолданылуының белгіленген бүкiл мерзiмi ішiнде сақталады және қолданылады әрі Қазақстан Республикасы салық заңдарының өзгеруіне байланысты тараптардың келісімі бойынша түзетiлуi мүмкiн.  
  4. \r\n

  5. өнiмдi бөлу туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жасалған келісім-шартта ғана айқындалады.
  6. \r\n

\r\n      Өнiмдi бөлу туралы келiсім-шартта белгіленетiн салық режимi келісім-шартқа қол қойылған (жасалған) күні қолданылатын жеке және заңды тұлғалардың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуiн реттейтiн Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелерiне сәйкес болуға тиіс.\r\n\r\n \r\n\r\nI Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерінің экономикалық мәні \r\n\r\n \r\n\r\n1.2. Қазақстан Республикасының Салық жүйесі\r\n\r\n \r\n\r\n1991 жылғы қабылданған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» Заңына сәйкес сол кездегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлеріне тоқталып өтейік.\r\n\r\nI.Жалпы мемлекеттік салықтардың түрлері:\r\n\r\n1.Қосылған құнға салынатын салық.\r\n\r\n2.Пайдаға салынатын салық.\r\n\r\n3.Акциздер.\r\n\r\n4,Бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан алынатын салық.\r\n\r\n5.Экспорт пен импортқа салынатын салық.\r\n\r\n6.Кеден тарифі және баж салығы.\r\n\r\n7.Пайдалы қазбаларды геологиялық барлау және геологиялық іздестіру жұмыстарына байланысты шығындарды өтеуге жұсалатын алым.\r\n\r\n8.Тіркелген (ренталық) төлемдер.\r\n\r\n9.Транспорт құралдарына салынатын салық.\r\n\r\n10.Автотранспорт құралдарын сатып алуға салынатын салық.\r\n\r\n11.Автотранспорт құралдарының Қазақстан Республикасына келіп кіргені үшін төленетін ақы.\r\n\r\n12.Заңды ұйымдардың мүлкіне салынатын салық.\r\n\r\n13.Қазақстан Республикасының азаматтарынан, шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан алынатын табыс салығы.\r\n\r\n14.Мемлекеттік баж салығы.\r\n\r\n15.Табиғат ресурстарына салынатын салық.\r\n\r\n16.Колхозшылардың еңбегіне ақы төлеу қорына салынатын салық.\r\n\r\nII.Жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдар:\r\n\r\n1.Жер салығы.\r\n\r\n2.Жеке адамдардың мүлкіне салынатын салық.\r\n\r\n3.Орман табысы.\r\n\r\n4.Су үшін төленетін ақы.\r\n\r\n5.Табысқа салынатын салық.\r\n\r\n6.Кәсіпкерлік қызметті тіркеу үшін алынатын алым.\r\n\r\n7.Кәсіпкелік қызметтің субъектілері ретінде тіркелмеген азаматтардан алынатын алым.\r\n\r\n8.Заңды ұйымдарды мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін алынатын алым.\r\n\r\n9.Елтаңбалық алым.\r\n\r\n10.Мұрагерлік және сыйға тарту тәртібімен ауысқан мүлікке салынатын салық.\r\n\r\nIII.Жергілікті салықтар мен алымдар.\r\n\r\n1.Курорттық аймақта өндірістік мақсаттағы объектілер құрылысына салынатын салық.\r\n\r\n2.Курорттық алым.\r\n\r\n3.Азаматтардан алынатын мақсатты алым.\r\n\r\n4.Жарнамаға салынатын салық.\r\n\r\n5.Автотранспорт құралдарын, есептеу техникасы жәнежеке компьютерлерді қайта сатуға салынатын салық.\r\n\r\n6.Автотранспортты аялдауға қойғаны үшін алынатын алым.\r\n\r\n7.Жергілікті символиканы пайдалану құқығы үшін алым.\r\n\r\n8.Ипподромдарда ат жарысына қатысқаны үшін алынатын алым.\r\n\r\n9.Ат жарысындағы ұтысы үшін алынатын алым.\r\n\r\n10.Ипподромдарда тотализатор ойынына қатысушы адамдардан алынатын алым.\r\n\r\n11.Тауар биржаларында және валютаны сату және сатып алу кезінде жасалған мәмілелерден алынатын алым.\r\n\r\n12.Аукциондық сатудан алынатын алым.\r\n\r\n13.Кино-телетүсірімдер өткізу құқығы үшін алынатын алым.\r\n\r\n14.Пәтер алуға берілген рұқсат қағаз үшін алынатын алым.\r\n\r\n15.Ит иелерінен алынатын алым.\r\n\r\n16.Спиртті ішімдіктермен сауда-саттық жасау құқығы үшін алынатын лицензиялық алым.\r\n\r\n17.Жергілікті аукциондар өткізу және лотореялар ойнату құқығы үшін алынатын лицензиялық алым.\r\n\r\nЕкінші кезең. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдады, онда еліміздің\r\n\r\nСалық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық стандарт салық салу принциптеріне сәйкестендіру көзделген еді. Осыған орай 1995 жылы 24 сәуірде « Салық және бюджетке төленетін басқа да мінбдетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты.Бұл өз қаржы жүйемізді құруға ықпал етті. Ең бастысы, салық төлеу ықшамдалып, салық саны 45-тен 11-ге дейін қысқартылды. Оның ішінде бесеуі мемелекеттік, алтауы жергілікті салықтар.\r\n\r\nЖалпы мемлекеттік салықтар:\r\n\r\n1.Заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы.\r\n\r\n2.Қосылған құнға салынатын салық.\r\n\r\n3.Акциздер.\r\n\r\n4.Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық.\r\n\r\n5.Жер қойнауын пайдаланушылапрдың арнайы салығы мен төлемдері.\r\n\r\nЖергілікті салықтармен алымдар:\r\n\r\n1)Жер салығы.\r\n\r\n2)Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық.\r\n\r\n3)Көлік құралдарына салынатын салық.\r\n\r\n4)Кәсіпкерлік қызметпен айналсатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым.\r\n\r\n5)Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын алым.\r\n\r\n6)Аукциондардан алынатын алым.\r\n\r\nҚазақста Республикасы Президентінің бұл Жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды.\r\n\r\n \r\n\r\n1.2. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтарының экономикалық мәні \r\n\r\nЖер қойнауын пайдаланушылардың мынадай салықтары мен арнайы төлемдерiн:\r\n       1) үстеме пайда салығын;\r\n\r\n      2) жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерiн:\r\n\r\n      а) бонустарды (қол қойылатын, коммерциялық табу);\r\n\r\n      б) роялтидi;\r\n\r\n      в) өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн;\r\n\r\n      г) қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiн есептеу мен төлеу тәртiбi белгiленедi.  \r\n\r\n     «жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар», «мұнай операциялары», «мұнай» және «келiсiм-шарттық аумақ» ұғымдарының Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы және мұнай туралы заңдарында айқындалған маңызы бар.\r\n\r\n      Пайдалы қазбалар өндiрудi жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарт жасалғанға дейін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдаланғаны үшiн республикалық бюджеттің кiрiсiне Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн мөлшерде роялти түрiнде аударымдар жасайды.\r\n\r\n      Салық сараптамасы жүргізілген күн мен өнімді бөлу туралы келісім-шартқа қол қойылған күн аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасының салық заңдары өзгерген жағдайда қайтадан сараптама жүргізіле отырып, салық режимi осы өзгерістерге сәйкес келтірілуге тиiс.\r\n

    \r\n

  1. Өнімді бөлу туралы бiр келiсiм-шарт бойынша жер қойнауын пайдалануды бiрнеше салық төлеушi жүзеге асыратын жағдайда келісім-шартта белгіленген салық режимi олардың барлығы үшін ортақ болып табылады. Бұл ретте:
  2. \r\n

\r\n      1) осындай келiсім-шарт аясында жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық төлеушiлер салық салу мақсатында бірыңғай шоғырландырылған есеп жүргізуге және келісім-шартта белгіленген барлық салық пен төлемдерді төлеуге міндетті;\r\n       2) бiр келісiм-шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын резидент eмec жер қойнауын пайдаланушыларға келiсiм-шартта белгіленген салықтар бойынша осы Кодекстің 184-186-баптарына сәйкес салық салынуға тиіс.\r\n

    \r\n

  1. Жер қойнауын пайдаланушы келісiм-шарт аясында жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемелерін eceптеу және осы келісiм-шарт аясынан тыс қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн eceптeу үшін бөлек есеп жүргізуге міндетті.\r\n       Осы ереже кең таралған пайдалы қазбаларды және (немесе жер асты суларын өндiру жөніндегі келісім-шарттарға және барлаумен және өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға қолданылмайды.
  2. \r\n

  3. Қорларын осы мақсаттар үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартта көзделмеген пайдалы қазбаларды өндiрген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстiң 281-бабында белгiленген тәртiппен солар бойынша төлемдер жүргiзедi.
  4. \r\n

\r\n     Жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарттардың салық режимiнiң үлгiлерi\r\n\r\n      Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу келiсiм-шарттардың негiзгi түрлерiне қарай екi үлгiге бөлiнедi:\r\n\r\n      1) бiрiншi үлгi, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте көзделген салық пен басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуiн көздейдi;\r\n\r\n      2) екiншi үлгі жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн төлеуiн (беруiн), сондай-ақ осы Кодексте көзделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерінің төленуін көздейді, оларға:\r\n       экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы;\r\n\r\n        роялти;\r\n\r\n        шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын акциз; \r\n\r\n       үстеме пайда салығы;\r\n\r\n      жер салығы;\r\n\r\n      мүлiк салығы қосылмайды. \r\n\r\n       Жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыруға қатысы  жоқ операциялар бойынша салық режимi\r\n\r\n      Келiсiм-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн орындау жер қойнауын пайдаланушыны осындай мiндеттемелердiң пайда болған күнi қолданылып жүрген салық заңдарына сәйкес, келiсiм-шарт шеңберiнен тыс қызметтi жүзеге асырғаны үшiн осы Кодексте көзделген салық мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды. \r\n\r\nСалық заңдары өзгерген кезде өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша салық салу шарттары\r\n

    \r\n

  1. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттарда белгiленген салық салу шарттары тараптардың келiсiмi бойынша салық заңдарының өзгеруiне байланысты түзетiлуi мүмкiн. \r\n       Салық заңдарындағы өзгерiстер нәтижесiнде жер қойнауын пайдаланушыға салық салу шарттары жақсарған жағдайда, өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттарда Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қалпына келтiру мақсатында салық салу шарттарына түзету жасалады.
  2. \r\n

  3. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта көзделген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiнiң күшi жойылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осы баптың 1-тармағында айқындалған тәртiппен келiсiм-шартқа тиiстi өзгерiстер енгiзiлгенге дейiн келiсiм-шартта белгiленген тәртiппен және мөлшерде оларды бюджетке төлеудi жалғастыра бередi.
  4. \r\n

\r\nСалық сараптамасы\r\n

    \r\n

  1. Салық сараптамасы — құзыреттi орган жасайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарт жобасына, оған толықтырулар мен өзгерiстерге талдау жасау мен баға берудi қамтитын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салығын белгiлеудi қоса алғанда, салық режимiн бекiту мақсатында жүргiзiлетiн мiндеттi сараптама. \r\n       2. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi барлық келiсiм-шарттарға қол қойылғанға дейiн олар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен және мерзiмдерде мiндеттi салық сараптамасынан өткiзiлуге тиiс. Осы ереже бұрын жасалған келiсiм-шарттарға енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларға да қолданылады.\r\n       3. Салық сараптамасының нәтижелерi бойынша белгiленген салық салу шарттары өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттың түпкiлiктi мәтiнiне ешбiр өзгертулер мен түзетулерсiз мiндеттi түрде енгiзілуге тиіс.
  2. \r\n

\r\n \r\n       \r\n\r\nII Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін төлеу және ресімдеу тәртібі\r\n\r\n \r\n\r\n2.1 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері бонустарды төлеу мерзімі мен ресмдеу әдістері \r\n\r\n \r\n\r\nБонустар жер қойнауын пайдаланушының тiркелген төлемдерi болып табылады.  \r\n\r\nЖер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануды жүргiзудiң жеке жағдайларын негiзге ала отырып, бонустардың мынадай түрлерiн:\r\n\r\n 1) қол қойылатын; \r\n\r\n  2) коммерциялық табу бонусын төлейдi. \r\n\r\nҚол қойылатын бонус\r\n\r\n      Қол қойылатын бонусты белгiлеу тәртiбi\r\n

    \r\n

  1. Қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шарт жасалатын аумақта жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығы үшiн бiржолғы тiркелген төлемi болып табылады.  \r\n       2. Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерлерiн пайдалы қазбалар көлемi мен кен орнының экономикалық құндылығы ескерiлген есеп негiзiнде Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi. \r\n       3. Қол қойылатын бонустың түпкiлiктi мөлшерiн жер қойнауын пайдалануға құқық алуға өткізiлген инвестициялық бағдарламалар конкурсының нәтижелерi бойынша комиссия белгiлейдi және ол жер қойнауын пайдалану үшiн берiлетiн кен орындарының (келiсiм-шарт аумақтарының) экономикалық құндылығы есепке алынып, келiсiм-шартта бекiтiледi, бiрақ бастапқы мөлшерлерден төмен болмауы керек.
  2. \r\n

\r\nҚол қойылатын бонусты төлеу мерзiмi\r\n\r\n      Қол қойылатын бонус келiсiм-шарт күшiне енген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрiлмей бюджетке төленедi.  \r\n Салық декларациясы\r\n\r\n      Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонус бойынша декларацияны тiркелген жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi айдың 15-iне дейiн табыс етедi.\r\n 2. Коммерциялық табу бонусы\r\n\r\nКоммерциялық табу бонусын төлеу тәртiбi\r\n

    \r\n

  1. Коммерциялық табу — келiсiм-шарт аумағы шегiнде ашылған, өндiру үшiн экономикалық жағынан тиiмдi пайдалы қазбалардың белгiлi бiр түрiнiң запастары. \r\n       2. Осы баптың 3-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, коммерциялық табу бонусы келiсiм-шарт аумағындағы әрбiр коммерциялық табу үшiн, оның iшiнде кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысында, бастапқы анықталған алынатын қорды арттыруға жеткiзетiн пайдалы қазбалардың табылғаны үшiн төленедi.  \r\n       3. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейiннен өндiрудi көздемейтiн барлау жүргiзуге жасалған келiсiм-шарттар бойынша коммерциялық табу бонусы төленбейдi.  \r\n       Қол қойылатын бонус келiсiм-шарт күшiне енген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрiлмей бюджетке төленедi.  \r\n Коммерциялық табу бонусының мөлшерi
  2. \r\n

\r\n      Коммерциялық табу бонусының мөлшерi салық салу объектiсi, есептеу базасы мен ставка негiзге алына отырып белгiленедi. \r\n       Коммерциялық табу бонусының мөлшерiн есептеу үшiн: \r\n       1) кен орнынан алынатын пайдалы қазбалар қорының уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен осы мақсаттағы көлемi салық салу объектiсi болып табылады; \r\n       2) алынатын пайдалы қазбалар қорының бекiтiлген көлемiнiң құны төлемдi есептеу базасы болып табылады. Алынатын қордың құны, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ақпарат көздерiнiң деректерi бойынша осы пайдалы қазбаның төлем жүзеге асырылған күнгi Халықаралық (Лондон) биржада белгiленген биржалық баға бойынша есептеледi. Пайдалы қазбаларға биржалық баға белгiленбеген жағдайда шығарылатын қордың құны құзыреттi орган бекiткен жұмыс бағдарламасында көрсетiлген өндiруге жұмсалатын жоспарлы шығындардың жоспарлы рентабельдiлiк мөлшерiне түзетiлген сомасынан айқындалады;  \r\n       3) коммерциялық табу бонусы есептеу базасының 0,1 проценті ставкасы бойынша бөлінедi.  \r\n       Коммерциялық табу бонусын төлеу мерзiмi\r\n\r\n      Коммерциялық табу бонусы осы мақсаттар үшiн уәкілеттік берiлген мемлекеттік орган кен орнындағы пайдалы қазбалар қорының шығарылатын көлемiн бекiткен күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей төленедi.  \r\n Салық декларациясы\r\n\r\n      Коммерциялық табу бонусы жөнiндегi декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi айдың 15-iне дейiн табыс етедi.\r\n\r\n  Роялти\r\n\r\nРоялти туралы жалпы ережелер\r\n

    \r\n

  1. Жер қойнауын пайдаланушы роялтидi Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн пайдалы қазбалардың әр түрi бойынша, оның сатып алушыларға өткiзiлгенiне (тиеп жөнелтiлгенiне) немесе өз қажетiне пайдаланылғанына қарамастан, жеке төлейдi.      2. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шартта белгiленген роялти, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ақшалай нысанда төленедi. \r\n       3. Келiсiм-шарт бойынша қызметтi жүзеге асыру барысында роялтидi ақшалай төлеу нысаны Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмiмен құзыреттi органмен қосымша келiсiмде белгiленген тәртiппен заттай нысанмен ауыстырылуы мүмкiн.\r\n Төлеушiлер
  2. \r\n

\r\n      Техногендiк минералды құралымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, пайдалы қазбалар өндiрудi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар, есептi кезеңде олардың өткiзiлген-өткiзiлмегенiне қарамастан роялти төлеушiлер болып табылады.  \r\n2.2 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері роялтиді төлеу мерзімі мен ресмдеу әдістері \r\n\r\n \r\n\r\n      Роялти мөлшерi салық салу объектісi, eceптeу базасы мен ставка негізге алына отырып айқындалады.\r\n       Пайдалы қазбалардың өндіріліп алынған көлемi немесе нақты өндiрiлген пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнiмнің көлемi салық салу объектiсi болып табылады.\r\n       Мыналар:\r\n       1) пайдалы қазбалардың өзi:\r\n       мұнай, табиғи газ және газ конденсаты;\r\n       көмiр және жанғыш тақтатастар;\r\n       тауарлы кендер;\r\n       жер асты сулары, оның ішінде бастапқы өңдеуден өткен сулар;\r\n       слюда, керіш, құрылыс материалдары өндiрісіне арналған шикізат;\r\n       металлургияға арналған кен емес шикізат;\r\n       2) қымбат бағалы металдар, құмда, кенде, концентратта болатын металдар;\r\n       3) қара, түсті, сирек кездесетiн және радиоактивті металдардың, кен-химия шикізатының концентраттары;\r\n       4) қымбат бағалы тастар, бастапқы өңдеуден өткен жарқырауық тас және пьезооптикалық шикізат;\r\n       5) басқа пайдалы қазбалар бойынша — бастапқы өңдеуден өткен минералдық шикізат алғашқы тауарлы өнiм болуы мүмкiн.\r\n       2-1. алып тасталды\r\n      Пайдалы қазбалардың құны роялтиді есептеу үшiн салық базасы болып табылады.      4. Осы баптың 5-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша роялти:\r\n Кесте №2\r\n\r\nГаз конденсатын қоса алғанда, мұнай бойынша — қызметтiң күнтiзбелiк әрбiр жылы үшiн, газ конденсатын қоса алғанда, мұнайдың жинақталған өндiрiлiмiнiң көлемiне байланысты айқындалған процент ретiнде жылжымалы шкала бойынша және мынадай:\r\n       500 000 тоннаға дейiн — 2 процент;\r\n       500 000-нан 1 000 000 тоннаға дейiн — 2,5 процент;\r\n       1 000 000-нан 1 500 000 тоннаға дейiн — 3 процент;\r\n       1 500 000-нан 2 000 000 тоннаға дейiн — 3,5 процент;\r\n       2 000 000-нан 2 500 000 тоннаға дейiн — 4 процент;\r\n       2 500 000-нан 3 500 000 тоннаға дейiн — 4,5 процент;\r\n       3 500 000-нан 4 500 000 тоннаға дейiн — 5 процент;\r\n       4 500 000-нан 5 000 000 тоннаға дейiн — 5,5 процент;\r\n       5 000 000 тоннадан жоғары — 6 процент ставка бойынша төленедi.\r\n       Егер газ тәрiздес көмiрсутектердi сұйық көмiрсутектермен бiрге жер бетiне шығару көзделген жағдайда, роялтидi есептеу мақсатында осындай газ тәрiздес көмiрсутектер мынадай арақатынас арқылы мұнайға ауыстырылады: газ тәрiздес көмiрсутектердiң 1 мың текше метрi мұнайдың 0,857 тоннасына сәйкес келедi; \r\n       2) алтынды, күмісті, платинаны, басқа да қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастарды қоса алғанда, қатты пайдалы қазбалар бойынша — Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын ставкалар бойынша төленеді.\r\n       Осы Кодексте белгiленген роялти ставкалары жүргiзiлетiн өндiру түрiне қарамастан, пайдалы қазбалардың барлық түрiне қолданылады.  \r\n       4-1. алып тасталды  \r\n       5. Кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты сулары бойынша роялти осы Кодекстің 300-бабында белгіленген ставкалар бойынша төленеді.\r\n       6. Жер қойнауына керi айдалатын газ тәрiздес көмiрсутектер бойынша роялти төленбейді.  \r\n       Ескерту. 297-бап жаңа редакцияда — Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), бапқа өзгерту енгізілді — 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.\r\n\r\n      298-бап. <*>\r\n      Ескерту. 298-бап алып тасталды — Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).\r\n\r\nПайдалы қазбалардың құнын айқындау тәртiбi  \r\n

    \r\n

  1. Роялтидi есептеу мақсатында алтынды, күмiстi және платинаны қоспағанда, өндiрiлген мұнайдың, кең таралған пайдалы қазбалардың, жер асты сулары мен пайдалы қазбалардың құны өндiрiлген пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнiмнiң салық кезеңiндегi орташа өлшемдi өткiзу бағасы негiзге алына отырып, жанама салықтар мен оларды сату (тиеп жөнелту) пунктiне дейiн тасымалдауға кеткен iс жүзiндегi шығыстар сомасы есепке алынбай айқындалады.\r\n       Осы баптың мақсаттары үшiн тасымалдауға арналған шығыстар деп темiр жол, магистральдық құбыр жолы және (немесе) теңiз жолдары арқылы тасымалдау кезiнде көлiк тарифiн қамтитын iс жүзiндегi шығыстар, ағызу және құю (сұйық заттар үшiн) жөнiндегi шығыстар, тиеу және түсiру (қатты заттар үшiн) жөнiндегi шығыстар және, егер жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартта өзгеше көзделмесе, жолда сақтандыру жөнiндегi шығыстар түсiнiледi.\r\n       2. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде өндiрген алтынның, күмiстiң және платинаның құны Халықаралық (Лондон) биржада салық кезеңi ішінде қалыптасқан осы металдардың орташа құны негiзге алына отырып есептеледi.\r\n       3. Алғашқы тауарлы өнiм сатылмаған жағдайда, алтынды, күмiстi, платинаны және кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, өндiрiлген мұнайдың, жер асты сулары мен пайдалы қазбалардың құны осындай сату орын алған соңғы салық кезеңiндегi алғашқы тауарлы өнiмiнiң орташа өлшемдi өткiзу бағасы негiзге алынa отырып айқындалады.\r\n       4. Алғашқы тауарлы өнiм мүлде сатылмаған кезде алтынды, күмiстi, платинаны және кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, өндiрiлген мұнайдың, жер асты сулары мен пайдалы қазбалардың құны мұнайды, жер асты суларын өндiруге және көрсетілген пайдалы қазбаларды өндiруге салық кезеңiнде iс жүзiнде қалыптасқан шығындар негiзге алына отырып айқындалады.\r\n       Келесi сату жағдайында жер қойнауын пайдаланушы алғашқы тауарлар өнiмнің iс жүзiнде сатылған бағасын негiзге ала отырып, алғашқы caту орын алған салық кезеңiнде есептелген роялти сомаларына түзету жүргiзуге мiндеттi.\r\n       5. Кең таралған пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнiм сатылмаған не толық сатылмаған кезде немесе оларды толығымен өз қажеттерi үшiн пайдаланған жағдайда, кең таралған пайдалы қазбалардың құны жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңiнде iс жүзiнде қалыптасқан рентабельділiк нормасына ұлғайтылған, өндiру мен бастапқы өңдеуде iс жүзiнде қалыптасқан шығындар сомасы негiзге алына отырып айқындалады.\r\n       Газ тәрiздес көмiрсутектерiн одан әрi өңдеу үшiн өтеусiз берген жағдайда, осындай көмiрсутектерiнің құны Қазақстан Pecпубликасының Үкiметi айқындайтын тәртіппен салық кезеңiнде iс жүзiнде қалыптасқан рентабельдiлік нормасына ұлғайтылған, оларды өндіру мен бастапқы өңдеуге iс жүзінде қалыптасқан шығындар негiзге алына отырып айқындалады. Бұл ретте, газ тәрiздес көмiрсутектерi бойынша роялти ставкаларын айқындау үшiн осы Кодекcтiң 297-бабында айқындалған ауыспалы коэффициент пайдаланылады.\r\n       Жер асты суларын шығарылатын өнiмдердің және (немесе) көрсетiлетiн қызметтердiң негiзгi компонентi ретiнде пайдаланған жағдайда, өндiрiлетiн жер асты суларының құны салық кезеңінде iс жүзiнде қалыптасқан рентабельділік нормасына ұлғайтылған, оларды өндiру мен бастапқы өңдеуде iс жүзiнде қалыптасқан шығындар негiзге алына отырып айқындалады.
  2. \r\n

\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n Кесте №1\r\n\r\nКең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты\r\n                сулары бойынша роялтидiң ставкалары\r\n

    \r\n

  1. Кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша роялтиді жер қойнауын пайдаланушылар, оның iшiнде пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн өндiруге жасалған келiсiм-шарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратындар мынадай тiркелген ставкалар бойынша төлейдi:\r\n ___________________________________________________________________\r\n Р/с                                                       Роялти\r\n N                Пайдалы қазбаның атауы                  ставкасы,\r\n                                                               %\r\n ___________________________________________________________________\r\n 1    Металлургияға арналған руда емес шикiзат                  1\r\n 2    Қалыпқа салынатын құм, глиноземдi жыныс (далалық шпат,    1\r\n      пегматит), әк, доломит, әк-доломит жыныстары\r\n 3    Тамақ өнеркәсiбiне арналған әк                            1\r\n 4    Басқа руда емес шикiзат                                  3,5\r\n 5    Отқа берiк саз балшықтар, каолин, вермикулит             3,5\r\n 6    Ас тұзы                                                  3,5\r\n 7    Жергілікті құрылыс материалдары                          4,5\r\n 8    Ауа кіретін кеуек жыныстар, құрамында суы бар            4,5\r\n      ауа кіретін шынылар мен шыны тектес жыныстар (перлит,\r\n      обсидиан), малта тас пен қиыршық тас, қиыршық\r\n      тас-құм қоспасы, гипс, гипстік тас, ангидрит, гажа, саз\r\n      балшық және саз балшықты жыныстар (баяу балқитын және\r\n      тез балқитын саз балшық, құмды саз балшық, аргиллиттер,\r\n      алевролиттер, сазбалшықты тақтатастар), бор, мергель\r\n      мергельдi-борлы жыныстар, кремнийлі жыныстар (трепел,\r\n      опока, диатомит), кварцты-далалық шпаты жыныстар, шой тас,\r\n      шөгiндi, атқылаудан кейiнгi және метаморфозалық\r\n      жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр), қалыпқа\r\n      салынатыннан басқа құм (құрылыстық, кварцты, кварцты-далалық\r\n      шпатты), құм тас, табиғи пигменттер, ұлутас.\r\n ___________________________________________________________________\r\n 9    Жерасты сулары                                            10\r\n ___________________________________________________________________
  2. \r\n

  3. Жер қойнауын пайдаланушы кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша роялтидi, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың тұтынушыларға сатылғанына немесе өз қажеттерiне пайдаланылғанына қарамастан төлейдi.\r\n       3. Роялтидi: \r\n       1) жеке тұлғалар өзiнiң жеке меншiк құқығындағы жер учаскелерiнде өндiретiн жерасты сулары бойынша, осы сулар сыртқа сатылмайтын және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде өндiрiс пен технологиялық қажеттерге жұмсалмаған жағдайда;\r\n       2) жерасты суларын өзiнiң шаруашылық қажеттерi үшiн өндiрудi жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер;\r\n       3) жер қойнауын пайдаланушылар iлеспе өндiрiлген жерасты суларын жер қабатының қысымын қалпында ұстау үшiн керi айдағанда төлемейдi.\r\n Төлеу мерзiмдерi
  4. \r\n

\r\n      Пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша роялти салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей төленедi.\r\n\r\nСалық кезеңi\r\n

    \r\n

  1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, күнтiзбелiк ай роялти төлеу жөнiндегі салық кезеңi болып табылады.\r\n       2. Егер алдыңғы тоқсандағы роялти бойынша орташа айлық төлемдер 1000 айлық есептiк көрсеткiштен кем болса, онда салық кезеңi тоқсан болып табылады.
  2. \r\n

\r\nСалық декларациясы\r\n\r\n      Жер қойнауын пайдаланушы роялти жөнiндегi декларацияны тiркелген жерiндегi салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi.\r\n2.3 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi\r\n\r\nТөлеушiлер\r\n\r\n      Өнiмдi бөлу жөнiндегi келiсiм-шартта өзгеше келiсiлмесе, өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн төлеушiлер болып табылады.\r\n      \r\n\r\n     Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт аясында\r\n               жүзеге асырылатын қызметке салық салу\r\n               ерекшелiктерi\r\n

    \r\n

  1. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт соған сәйкес Қазақстан Республикасы белгілi бір мерзiмге жер қойнауын пайдаланушыға ақылы негiзде, келiсiм-шарт аумағындағы мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргізу және оның есебiнен осыған байланысты жұмыстарды жүргiзу құқығын беретiн шарт болып табылады.\r\n       2. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт мынадай негiзгi талаптарды:\r\n       1) өлшеу орнынан өткен өндiрiлген өнiмнің жалпы көлемiн және оның құнын айқындауды;\r\n       2) келісiм-шарт бойынша жұмыстарды орындауға арналған шығындарды өтеу үшiн жер қойнауын пайдаланушының, меншiгiне берілетiн өндiрілген өнiм бөлiгiн (өтемдік өнiм) айқындауды;  \r\n       3) өтемдік өнім шегерілгеннен кейін бөлуге жататын өндірілген өнім бөлігін (пайда түсіретін өнім) айқындауды;  \r\n       4) Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушының арасындағы бөлiс үлесін (процент);\r\n       5) Осы Кодексте белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасының пайда түсiретiн өнімдегі үлесiн айқындау тәртiбiн қамтуға тиiс.\r\n Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан\r\n                  Республикасының үлесiн айқындау:
  2. \r\n

  3. Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегі үлесі шегеріліп, Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушы арасында бөліске түсетiн пайда түсіретін өнімнің жиынтық құны ретінде айқындалады.\r\n       2. Өндiрiлген өнiмнiң құны осы Кодекстiң 313-4-бабына сәйкес белгiленедi.  \r\n       3. Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлес төмендегі үш триггерге:\r\n       1) R-фактор (табыс көрсеткіші) — жер қойнауын пайдаланушының жинақтаған табысының жоба бойынша жинақталған шығыстарға қатынасына;\r\n       2) мердігер рентабельдiгінiң iшкi нормасы (PIH) — нақты таза дисконтталған табыс өзiнің нөлдік белгісiне жететін дисконтталған ставкасына;\r\n       3) Р-фактор (баға коэффициентi) — жер қойнауын пайдаланушы табысының есепті кезеңдегі өндiру көлеміне қатынасына сәйкес келетін проценттiк мәндерінiң ең төменгiсi ретінде айқындалады.\r\n       Жоғарыда тiзiп көрсетiлген триггерлер осы баптың 4-6-тармақтарында аталған әдiстемеге сәйкес айқындалады. Жер қойнауын пайдаланушыға берiлуге тиiстi пайда түсiретiн өнiмдегi үлестiң проценттiк мәнiн айқындау үшiн әрбiр триггерден алынған нәтиже өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта айқындалған төменгi мәндермен салыстырылады.\r\n       Жер қойнауын пайдаланушының өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта айқындалған пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiнiң нақты проценттiк мәнi жобаның экономикалық көрсеткiштерiне қарай осы бапта көзделген шектерде, осы Кодекстiң 285-бабында көзделген тәртiппен келiсiм-шартқа тиiстi өзгерiстер енгiзiлгенге дейiн оның қолданылу мерзiмi iшiнде өзгерiссiз сақталады.\r\n       4. R-фактордың (табыс көрсеткiшiнiң) есепті кезеңдегi мәнi (Rn) жер қойнауын пайдаланушының жинақталған табысының жоба бойынша жинақталған шығыстарға қатынасы ретiнде айқындалады.\r\n       Жоба бойынша жинақталған табыс өтемдік өнімнiң нақты жиынтық құны мен жер қойнауын пайдаланушының бюджетке төленген нақты жиынтық табыс салығы шегерiлген пайда түсіретін өнiм үлесінiң нақты жиынтық құнының сомасы ретiнде есептеледi.\r\n       Жоба бойынша жинақталған шығыстар нақты жиынтық өтелетiн пайдалану шығыстарының, барлауға және бағалауға жұмсалатын нақты жиынтық өтелетiн шығыстардың және жep қойнауын пайдаланушының басқа да нақты жиынтық өтелетiн шығыстарының сомасы ретiнде есептеледі.\r\n       Осы баптың мақсаттары үшiн өтелетiн шығыстар осы Кодекстiң 313-бабына сәйкес айқындалатын өтелетiн шығындарды және өтелетiн шығындардың құрамына қосылмайтын, жиынтық жылдық табыстан шегеруге рұқсат етiлетiн және осы Кодекстiң 92-103, 105-114-баптарында көрсетiлген өзге де шығыстарды бiлдiредi. <*>\r\n       Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiнiң көрсетiлген төменгi мәндерге сәйкес келетiн және жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiн айқындау үшiн қажеттi проценттiк мәнi өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта мынадай шектерде белгiленедi:
  4. \r\n

\r\n \r\n\r\nКесте №4\r\n\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

R-фактордың (кiрiстiлiк\r\n көрсеткiшiнiң) мәнi Жер қойнауын пайдаланушының пайда\r\n түсiретiн өнiмдегi үлесiнiң\r\n проценттiк мәнi
1,2-ден аз немесе\r\n соған тең 70 проценттен 90 процентке дейiн
1,5-тен көп немесе соған тең 10 процент

\r\n      Егер R-фактордың (кiрiстiлiк көрсеткiшiнiң) алынған мәнi 1,2-ден көп және 1,5-тен аз болған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесi мына формула бойынша есептеледi:\r\n       жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесі = (A% — (A% — 10%)/0,3*(Х — 1,2)* 100%), мұнда:\r\n       А — жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесiнiң өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта көрсетiлген R-фактордың (кiрiстiлiк көрсеткiшiнiң) мәнiне сәйкес келетiн, 1,2-ден аз немесе соған тең проценттiк мәнi;\r\n       X — жобаның iске асырылуы кезеңiндегi R-фактордың (кiрiстiлiк көрсеткiшiнiң) iс жүзiнде алынған мәнi.\r\n       R-фактордың (кiрiстiлiк көрсеткiшiнiң) мәнi үтiрден кейiнгi екiншi белгiге дейiн дәлдiкпен айқындалады.\r\n       5. Рентабельдiлiктiң iшкi нормасы (РIН) жер қойнауын пайдаланушының өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт күшiне енген кезден бастап әр есептi кезеңдегi және осындай есептi кезеңдi қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушының нақты қолма-қол таза ақша ағынының мәнi бойынша есептелген таза ағымдағы құны нөлге тең болатын дисконттың жылдық ставкасы ретiнде (процентпен) айқындалады.\r\n       Таза ағымдағы құнды есептеу мынадай формула бойынша жүргiзiледi:\r\n       Таза ағымдағы құн = ДЧДП0 + ДЧДП1/(1 + СД1)1 + ДЧДП2/(1+СД2)2+…+ ДЧПn /(1+СДn)n;\r\n       ДЧДПn — eceпті кезеңдегi қолма-қол ақшаның нақты таза ағыны;\r\n       СДn — есептi кезеңдегi дисконт ставкасы (процентпен көрсетілген);\r\n       n — есептi кезең.\r\n       Есептi кезеңдегi нақты таза қолма-қол ақша ағыны мынадай формула бойынша айқындалады:\r\n       ДЧДПn = (ДСКПn + ДСДППn) — (ДВЭРn + ДВРРОn + ДВРОn + СДНn + ДБКОn +ДПБn);\r\n       ДСКПn — жер қойнауын пайдаланушының есептi кезеңде алған өтемдi өнiмiнің нақты құны;\r\n       ДСДППn — жер қойнауын пайдаланушының есептi кезең iшiнде алған пайда түсiретiн өнiм үлесiнің нақты құны;\r\n       ДВЭРn — есептi кезең iшiнде төленген өтелетiн пайдалану шығыстарының нақты құны;\r\n       ДВРРОn — есептi кезең iшiнде төленген, барлауға және бағалауға жұмсалатын өтелетiн шығыстардың нақты құны;\r\n       ДВРОn — есептi кезең iшiнде төленген, игеруге жұмсалатын өтелетiн шығыстардың нақты құны;\r\n       СДНn — өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн қоспағанда есептiк кезең iшiнде төленген салықтардың және бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердiң нақты құны; <*>\r\n       ДБКОn — осындай есептi кезең iшiнде әрбiр жағдайда төленген коммерциялық табу бонусының нақты құны;\r\n       ДПБn — осы игеру учаскесiне жатқызылған және есептi кезеңде төленген қол қойылатын бонус бөлiгiнiң нақты құны.\r\n       Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiнiң көрсетiлген төменгi мәндерге сәйкес келетiн және жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiн айқындау үшiн қажеттi проценттiк мәнi өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта мынадай шектерде белгiленедi:\r\n\r\n \r\n\r\nКесте №5\r\n\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

R-фактордың (кiрiстiлiк\r\n көрсеткiшiнiң) мәнi Жер қойнауын пайдаланушының пайда\r\n түсiретiн өнiмдегi үлесiнiң\r\n проценттiк мәнi
1,2-ден аз немесе\r\n соған тең 70 проценттен 90 процентке дейiн
1,5-тен көп немесе соған тең 10 процент

\r\n      Егер R-фактордың (кiрiстiлiк көрсеткiшiнiң) алынған мәнi 1,2-ден көп және 1,5-тен аз болған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесi мына формула бойынша есептеледi:\r\n       жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесі = (A% — (A% — 10%)/0,3*(Х — 1,2)* 100%), мұнда:\r\n       А — жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесiнiң өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта көрсетiлген R-фактордың (кiрiстiлiк көрсеткiшiнiң) мәнiне сәйкес келетiн, 1,2-ден аз немесе соған тең проценттiк мәнi;\r\n       X — жобаның iске асырылуы кезеңiндегi R-фактордың (кiрiстiлiк көрсеткiшiнiң) iс жүзiнде алынған мәнi.\r\n       R-фактордың (кiрiстiлiк көрсеткiшiнiң) мәнi үтiрден кейiнгi екiншi белгiге дейiн дәлдiкпен айқындалады.\r\n       6. Р-фактор (баға коэффициенті) есептілік кезеңіндегі өтемдік өнімнің нақты құны мен жер қойнауын пайдаланушының есептілік кезеңiндегi пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiнiң нақты құны сомасының есептiлiк кезеңiндегi мұнай өндiру көлемiне қатынасы ретiнде айқындалады.\r\n       Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiнiң көрсетiлген төменгi мәндерге сәйкес келетiн және жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегі үлесiн айқындау үшiн қажеттi проценттiк мәнi өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта мынадай шектерде белгiленедi:\r\n\r\nКесте №6\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Р-фактордың (баға\r\n коэффициентiнiң) мәнi Жер қойнауын пайдаланушының\r\n пайда түсiретiн өнiмдегi\r\n үлесiнiң проценттiк мәнi
1 баррель үшiн 12 АҚШ\r\n долларынан кем немесе соған\r\n тең 70 проценттен 90 процентке дейiн
1 баррель үшiн 27 АҚШ\r\n долларынан астам немесе\r\n соған тең 10 процент

\r\n      Егер Р-факторының (баға коэффициентiнiң) алынған мәнi 1 баррель үшiн 12 АҚШ долларынан астам және 27 АҚШ долларынан кем болған жағдайда, онда жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесi мына формула бойынша есептеледi:\r\n       жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесi = (А%  — (А% — 10%)/15 * (X — 12) * 100%), мұнда:\r\n       А — жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiнiң өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта көрсетiлген Р-фактордың (баға коэффициентiнiң) 1 баррель үшiн 12 АҚШ долларынан кем немесе соған тең мәнiне сәйкес келетiн проценттiк мәнi;\r\n       X — жобаның iске асырылуы кезеңiндегi Р-фактордың (баға коэффициентiнiң) iс жүзiнде алынған мәнi.\r\n       Р-фактордың (баға коэффициентiнiң) мәнi үтiрден кейiнгi екiншi белгiге дейiн дәлдiкпен айқындалады.\r\n       7. Осы баптың мақсаттары үшiн «нақты» терминi жобаны iске асырудың есептi кезеңiндегi жағдай бойынша инфляцияның 1/12 орташа жылдық индексi ескерiле отырып есептелген соманы бiлдiредi.\r\n       8. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартты iске асыру жағдайлары нашарлаған кезде өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi, жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретін өнiмдi айқындаған кезде мұндай ең жоғары мәнге Р-фактор (баға коэффициентi) триггерi есебiнен қол жеткiзілген жағдайды қоспағанда, жағдай нашарлаған кезге дейiн тiркелген өзiнің ең жоғары мәнiнен төмендемеуге тиiс.\r\n Өтелетiн шығындар\r\n

    \r\n

  1. Өтелетiн шығындар — осы Кодекстiң 313-1-бабында көрсетiлген шығындарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының жұмыстар бағдарламасына және бюджеттерге сәйкес өнiмдi бөлу туралы жасалған келiсiм-шарт шеңберiнде жұмыстарды орындаған кезде iс жүзiнде жұмсаған, негiзделген және құжатпен расталған шығындары.\r\n       2. Өтелетiн шығындардың құрамына мынадай шығындар:\r\n       1) жер қойнауын пайдаланушы келісім-шарт күшіне енгенге дейiн жұмсаған, оның iшiнде:\r\n       келiсiм-шарт жасасу алдындағы сатыда техникалық-экономикалық негiздемені дайындауға және әзiрлеуге арналған;\r\n       келiсiм-шарт бойынша алғашқы жұмыс жылы жер қойнауын пайдаланушының шығындар сметасында көрсетілуге тиiс, келiсiм-шарт күшіне енгенге дейiн және оның орындалуымен тiкелей байланысты жүргiзiлген бағалауға және барлауға арналған;\r\n       2) 313-1-бапта көрсетiлген шығындарды қоспағанда, келiсiм-шарт күшіне енген күннен бастап және ол қолданылатын барлық кезең ішінде іс жүзінде жұмсалған шығындар енеді.\r\n       Құрамына жер қойнауын пайдаланушы офистерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқан офистерінің жалға алу ақысын төлеуге, оларды күтіп-ұстауға арналған, ақпараттық және консультациялық қызмет көрсетуге арналған шығыстар, өкілдік шығыстар, жарнамаға арналған шығыстар кіретін, келісім-шартты орындауға байланысты әкімшілік шығыстар және келісім-шарт талаптары бойынша басқа да әкімшілік шығыстар келісім-шартта белгіленген, бірақ есепті кезеңде жер қойнауын пайдаланушыға өтелетін шығыстардың жалпы сомасының бір процентінен аспайтын норматив мөлшерінде өтеледі.\r\n       3. Жер қойнауын пайдаланушы өтейтін шығындар:\r\n       келісім-шарт бойынша жасалған не сатып алынған мүлікті жалға бергені үшін жалдау ақысын алуға байланысты операциялық табыстар сомасына, оларды алуға байланысты шығындар шегеріле отырып;\r\n       келісім-шарт шеңберіндегі қызметтен алынған басқа да табыстар (тұрақсыздық төлемдері (айыппұлдар, өсімпұлдар) және басқалар) сомасына азайтылады.\r\n       4. Егер жер қойнауын пайдаланушы мен Қазақстан Республикасы арасында жер қойнауын пайдаланушының өз өнiмдерiмен қоса өнімдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша мемлекеттiң үлесiн өткiзу мүмкiндiгi көзделетiн болса, онда осындай өткiзуге байланысты шығындар және жер қойнауын пайдаланушы мен құзыреттi орган арасындағы қосымша келiсiмге сәйкес, жер қойнауын пайдаланушының iс жүзiндегi шеккен шығындары өтелуге тиiс.\r\n       5. Yстемеақысыз (аплифтсiз) нақты жүргiзiлген шығындар өтелуге жатады. \r\n       Ескерту. 313-бап жаңа редакцияда — Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), бапқа өзгерту енгізілді — 2004.12.13. N 11(күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
  2. \r\n

\r\n      313-1. Өтелмейтiн шығындардың құрамы\r\n\r\n      Өтемдiк өнiм есебiнен өтелмейтiн шығындарға мынадай шығын түрлерi:\r\n       1) өнiмдi бөлу шарттарына орай жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысуға жарна төлеу бойынша;\r\n       2) геологиялық ақпаратты сатып алу бойынша;\r\n       3) келiсiмде шектеулер, оның iшiнде әкiмшiлiк шығыстар белгiленген шығындарды арттыру бөлiгiндегi баптар бойынша;\r\n       4) қоршаған ортаға белгiленген лимиттерден тыс эмиссия үшiн ақы төлеу бойынша;\r\n       5) жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі өтемдiк өнiм мен пайда түсiретiн өнiмдер үлесiн жеткiзіп беру (бөлу) пунктінен өткiзу пунктiне дейiн жеткiзуге арналған шығындарды, тасымалдау кезiндегi шығындарды, өнiмдi межелi жерге дейiн тасымалдау кезiнде сақтандыруға арналған шығындарды, комиссиялық және өзге де шығындарды қоса алғанда, осы өнiмдi өткiзуге байланысты;\r\n       6) акционерлердің (құрылтайшылардың) талабы бойынша жүзеге асырылған қаржы-шаруашылық қызметтi тексеруге (аудитке) байланысты;\r\n       7) жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шартта белгiленген өз мiндеттемелерiн, соның iшiнде Қазақстаннан қамтылуға тиiс мiндеттемелерiн орындамауына немесе тиiсiнше орындамауына байланысты туындаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғандықтан шеккен шығындары жатады. Қазақстаннан қамтылуға тиiс деп мiндеттi түрде келiсім-шартқа енгізiлуге тиiстi және құзыреттi органмен бiрлесе отырып тиiстi мемлекеттiк органдар растайтын әдiстемелер бойынша есептелетін, жылдар бойынша көлемдерi қайта бөлінуі мүмкiн:\r\n       қазақстандық кадрлардың міндеттi оқу бағдарламаларын iске асыру және бiлiктiлiгiн арттыру жағдайына қарай жыл сайын саны азаюға тиiс, әр санат бойынша шетелдiк персоналмен арақатысының жеке проценттiк ұмтылу құрамы көрсетiле отырып, персонал санаттары бойынша бөлiнетiн келiсiм-шартты орындау кезiнде жұмыс iстеген қазақстандық кадрлардың;\r\n       тiкелей сондай-ақ қосалқы мердiгерлiк шарттар жасасу арқылы сатып алынатын, Қазақстаннан шыққан тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң проценттiк қамтылуы түсінiледi.\r\n       Бұл ретте Қазақстанда шығарылған деп тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетудi тікелей Қазақстан Республикасының аумағында өндiру (орындау) танылады;\r\n       8) экскурсиялар мен саяхаттарға арналған жолдамалардың құнына ақы төлеуге байланысты;\r\n       9) кредит (заем) және заем қаражаттарын пайдалану үшін сыйақыларды төлеу, сондай-ақ заем қаражатын тартуға және пайдалануға байланысты комиссиялық төлемдер және басқа да шығыстар;\r\n       10) технологиялар мен техника қауiпсіздігінің сақталмауы нәтижесінде жер қойнауын пайдаланушының кінәсінен жол берiлген авариялар салдарынан келтірілген залалдар;\r\n       11) әлеуметтік жобалар бойынша шығындар;\r\n       12) қызметкерлердi epiкті сақтандыру бойынша шығыстар;\r\n       13) coт талқылауларына байланысты шеккен шығындар;\r\n       14) жер қойнауын пайдаланушыдан мемлекеттік органдар алатын айыппұлдар мен өсімпұлдар;\r\n       15) қызметкерлердің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген жеке тұтынуына арналған шығыстарды төлеуге байланысты шығындар;\r\n       16) жер қойнауын пайдаланғаны үшін тіркелген бiржолғы төлемдеp немece коммерциялық табу бонустары;\r\n       17) төленген салықтар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер;\r\n       18) (алып тасталды)\r\n       19) келісім-шарт бойынша қызметке тікелей қатысы жоқ басқа да шығындар жатады.\r\n       \r\n\r\nЖер қойнауын пайдаланушының шығындарын\r\n                 өтеу тәртiбi\r\n

    \r\n

  1. Жер қойнауын пайдаланушының шығындарын өтеу өнiмде бөлу туралы келісiм-шартта белгіленген ерекшелiктер ескеріле отырып, осы бапта айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.\r\n       2. Жер қойнауын пайдаланушыға шығындарды өтеу пайдалы қазбаларды сынамалық пайдалану және (нeмece) коммерциялық мақсатта өндiру (бұдан әрi — коммерциялық өндiру) басталған кезден бастап өтемдiк өнiмнің шекті үлесiнен аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады. Бұл peттe өз қажеттерi үшін өндіруге жатпайтын пайдалы қазбалар өндіру коммерциялық өндіру болып табылады.\r\n       3. Өтемдік өнімнiң шектi үлесі қазылатын кен орнының экономикалық құндылығы ескеріле отырып, өнімді бөлу туралы әрбір келісім-шарт бойынша жеке белгіленедi және олар:\r\n       жобаның өзін-өзi өтеуіне жеткенге дейінгі кезеңде — салық кезеңi ішінде жер қойнауын  пайдаланушы өндірген пайдалы қазбалардың жалпы көлемiнiң жетпiс бес процентiнен аспауға;\r\n       кейінгі кезеңдерде — елу процентiнен аспауға тиіс.\r\n       4. Әрбiр кен орны бойынша шығындарды өтеу келісім-шарт аумағында өндірілген барлық өтемдік өнiм есебiнен жүзеге асырылады.\r\n       5. Салық кезеңiнің аяғында өтелмеген, өтелетiн шығындардың қалдығы:\r\n       салық кезеңiнің басында жер қойнауын пайдаланушыға өтелмеген, өтелетін шығындар,   қосу
  2. \r\n

\r\n      салық кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушы жүргізген өтелетiн шығындар,\r\n       алу\r\n\r\n     салық кезеңінде жер қойнауын пайдаланушыға өтелген, өтелетін шығындар ретінде айқындалады.\r\n       6. Егер салық кезеңінiң басында өтелетін шығындардың және көрсетілген салық кезеңінде шеккен өтелетін шығындардың қалдықтары сомасына тең өтемдік өнімнің мөлшері өнімді бөлу туралы келісім-шартта белгiленген өтемдік өнімнің тиісті шекті үлесінен аз болса, онда көрсетілген кезеңде өтелетін шығындардың қалдығы толық көлемде өтеледі.\r\n\r\n      313-3-бап. Өтемдiк және пайда түсiретiн өнiм есебi\r\n

    \r\n

  1. Жер қойнауын пайдаланушы өтемдiк және пайдалы өнiм есебiн ұлттық валютамен және осы Кодексте белгiленген салық есебi ережелерiне сәйкес осы баптың ережелерiн ескере отырып жүргiзедi.\r\n       2. Жер қойнауын пайдаланушы өтемдiк өнiм есебiн жүргiзудi бiр шығынның өтемдiк өнiмде екi рет көрсетiлуiн болдырмайтындай түрде қамтамасыз етуге тиiс.\r\n       Ескерту. 313-3-баппен толықтырылды — Қазақстан Республикасының 2004.12.13. N 11(күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
  2. \r\n

\r\n      313-4-бап. Өндiрiлген өнiм құнын есептеу\r\n

    \r\n

  1. Өндiрiлген өнiм құны бөлу нүктесiнде белгiленедi және әрбiр есептiк кезең үшiн өндiрiлген өнiмнiң бөлу нүктесiнде өлшенген және тоннамен көрсетiлген көлемiнiң осындай есептiлiк кезеңi iшiнде бөлу нүктесiнде өткiзудiң орташа бағасына көбейтiндiсi ретiнде айқындалады. Өнiмдi бөлу нүктесi жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартта айқындалады.\r\n       2. Өнiмдi өткiзудiң орташа бағасы аталған өнiмдi өткiзумен байланысты және осы Кодекстiң 313-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес есептiлiк кезеңде өтелетiн шығыстарға қосылмаған шығыстар алынған есептiлiк кезеңде жанама салықтар ескерiлмей, өнiмдi өткiзуден түскен табыстың есептiлiк кезеңде өткiзiлген өнiмнiң тиiстi жалпы көлемiне бөлiнген жалпы сомасын бiлдiредi.\r\n       3. Есептiлiк кезеңде өнiмдi өткiзу толығымен болмаған кезде өнiм соңғы өткiзiлген есептiлiк кезеңдегi өнiмдi өткiзудiң орташа бағасы кейiннен түзетiле отырып, өнiмдi өткiзудiң орташа бағасы ретiнде алынады.\r\n       4. Өндiрiлген өнiм құны Қазақстан Республикасының трансферттiк бағаларды қолдану кезiндегi мемлекеттiк бақылау жөнiндегi заңдарына сәйкес түзетуге жатқызылуы мүмкiн.\r\n       Өндiрiлген өнiм құнын түзету осы Кодекстiң 312-1-бабының 3-тармағында айқындалған триггерлер мәнiнiң өзгеруiне алып келген жағдайда Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу бойынша үлесiнiң және қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiнiң мөлшерi де түзетiлуi тиiс.
  2. \r\n

\r\nСалық кезеңi      Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасы үлесiнiң төлемдерi бойынша салық кезеңi күнтiзбелiк ай болып табылады.               \r\n\r\nPecпубликасының үлесiн төлеу мерзiмi\r\n\r\n      Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей төленедi.\r\n Салық декларациясы\r\n\r\n      Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi жөнiндегi декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi.\r\n2.4 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері келiсiмшарт бойынша\r\nжүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiy төлеу мерзімі мен ресмдеу әдістері \r\n\r\n \r\n\r\nҚызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша\r\n жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi\r\n\r\nТөлеушiлер\r\n\r\n      Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiн төлеушiлер болып табылады.\r\n\r\nҚызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт\r\n                  бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын\r\n                  пайдаланушының қосымша төлемiн есептеу\r\n                  тәртiбi\r\n

    \r\n

  1. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартты орындау кезiнде мемлекет түсiмдерiнiң үлесi әрбiр салық кезеңiнде өндiру басталған кезден салынған инвестициялар қайтарылған кезге дейiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта белгiленген мәннiң бес процентiнен он процентiне дейiнгiден кем болмауға және жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде, келесi кезеңдерде алған өнiм көлемiнiң қырық процентiнен кем болмауға тиiс.\r\n       2. Осы баптың мақсаттары үшін мемлекет түсімдерінің үлесі жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңі ішіндегі өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер болып табылатын, орындалған салықтық мiндеттемелерiн бiлдiредi.\r\n       Мемлекет түсiмдерiнiң үлесi қосылған құн салығын және жер қойнауын пайдаланушы оларға қатысты салық агентi ретiнде әрекет ететiн салықтарды қамтымайды.\r\n       3. Егер қайсыбiр салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша түсiмдер сомасы осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мәннен кем болып шықса, тиiстi айырманы жер қойнауын пайдаланушы бюджетке Қазақстан Республикасы үлесiнiң шотына осы
  2. \r\n

\r\nСалық кезеңi\r\n\r\n      Күнтiзбелiк жыл қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi жөнiндегi салық кезеңi болып табылады.\r\n\r\nҚызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт\r\n                  бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын\r\n                  пайдаланушының қосымша төлемдi төлеу мерзiмi\r\n\r\n      Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн он бес күннен кешіктiрiлмей төленедi.\r\n\r\nСалық декларациясы\r\n\r\n      Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi жөнiндегi декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына осы Кодекстiң 137-бабында белгіленген мерзiмде табыс етедi.\r\n\r\n \r\n\r\n2.5 Жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайда салығы\r\n\r\n      Төлеушiлер\r\n\r\n      Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттар, кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өндіруге, сондай-ақ барлау мен өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға жасалған келiсiм-шарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратындарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылар осы келiсiм-шарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн өндiрудi көздемеген жағдайда, үстеме пайдаға салық төлеушiлер болып табылады.\r\n Салық салу объектiсi\r\n\r\n      Жер қойнауын пайдаланушының жинақталған табыстардың жинақталған шығыстарға қатынасы 1,2-ден жоғары болған салық кезеңiндегi әрбiр жекелеген келiсiм-шарт бойынша таза табысының бір бөлiгi үстеме табысқа салық салу объектiсi болып табылады. \r\n Салық базасы \r\n\r\n      Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңiндегi әрбiр жекелеген келiсiм-шарт бойынша таза табысының салық кезеңiнiң аяғына көзделген шегерiмдер сомасының 20 процентiнен асатын бөлiгі салық базасы болып табылады.\r\n       Осы бөлiмнiң мақсаттары үшiн таза табыс салық салынатын табыс және корпорациялық табыс салығы, сондай-ақ резидент еместiң тұрақты мекемесiнiң таза табысына салынатын салық арасындағы айырма ретiнде айқындалады.\r\n       Салық базасы қазақстандық кадрларды оқытуға iс жүзiнде жұмсалған шығындардың және (немесе) тiркелген активтер өсiмiнiң сомасына түзетiледi, бiрақ ол салық базасының он процентiнен аспауға тиiс.\r\n       Есептеу тәртiбi \r\n

    \r\n

  1. Салық кезеңi iшiнде үстеме пайда салығын есептеу осы Кодекстiң 306-1-бабына сәйкес айқындалатын салық базасына осы Кодекстiң 308-бабында белгiленген ставканы түзетулер ескерiле отырып қолдану арқылы жүргiзiледi.\r\n       2. Жинақталған табыстар жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шарт жасалған күннен бастап алған жиынтық жылдық табысының сомасы ретiнде айқындалады.\r\n       3. Жинақталған шығыстар осы Кодекстiң 306-1-бабына сәйкес салық базасын түзететiн шығыстар сомасын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шарт жасалған күннен бастап шегерiмге жатқызылатын шығыстарының сомасы ретiнде айқындалады.\r\n       Ескерту. 307-бап жаңа редакцияда — Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11(күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
  2. \r\n

\r\nКесте №7\r\n\r\n      Үстеме пайда салығы мынадай мөлшерлерде белгiленедi:\r\n\r\n________________________________________\r\n Жинақталған табыстардың   | Ставкасы\r\n жинақталған шығыстарға    |\r\n қатынасының алынған мәнi  |\r\n __________________________|_____________\r\n  1,2-ден кем                 0 процент\r\n  1,2-ден 1,3-кe дейiн       10 процент\r\n  1,3-тен 1,4-кe дейiн       20 процент\r\n  1,4-тен 1,5-кe дейiн       30 процент\r\n  1,5-тен 1,6-ға дейiн       40 процент\r\n  1,6-дан 1,7-гe дейiн       50 процент\r\n  1,7-ден жоғары             60 процент\r\n _________________________________________\r\n Салық кезеңі күнтiзбелiк жыл болып табылады\r\n\r\n Салық төлеу мерзімі\r\n\r\n      Үстеме пайда салығы салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірілмей төленеді.\r\n\r\n Салық декларациясы Yстеме пайда салығы жөнiндегi декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей табыс етедi.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nIII Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін жүзеге асырудағы қазіргі кездегі жетілдіру жолдары  \r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан халдқының әл ауқатын аттырумемлекеттік саясаттың басты мақсаты» — Макроэкономикалық саясаттың басымдықтары туралы. Былай делінген:\r\n\r\nҮкімет, Ұлттық банк, Қаржылық бақылау агенттігі мемлекеттің қаржылық тұрақсыздық қатерлеріне қарсы жүйелі де жедел іс-қимылдар жасауының ықпалды тетігін қалыптастырып, халықаралық рыноктардың Қазақстан экономикасына деген сенімін нығайтуы керек. Салық жүйесін Қазақстанның жаңа сатыдағы дамуының міндеттерімен сәйкестендіру қажет.\r\n\r\nҚолданыстағы Салық кодексі экономикалық өсуде оң рөл атқарды, дегенмен, қазіргі кезде оның әлеуеті іс жүзінде таусылды. Кодексте үнемі және жүйесіз өсіп отыратын 170-тен астам жеңілдіктер мен преференциялар бар.\r\n\r\nҮкіметтің жаңа Салық кодексін әзірлеуі қажет. Ол экономиканы жаңғыртуға, әртараптандыруға және бизнестің “көлеңкеден” шығуына жағдай жасауға тиіс.\r\n\r\nЖаңа Кодекс салық қызметтерінің оның нормаларын өз қалауларынша түсіндірулерінен қорғайтындай, әкімшілендіру сапасы мен салық төлеушілер мүдделері үйлесетіндей тікелей іс-әрекет ету заңы сипатына ие болуы керек.\r\n\r\nБірақ, ең бастысы, ол экономиканың шикізаттық емес секторы, әсіресе, шағын және орта бизнес үшін жалпы салықтық ауыртпалықтардың төмендетілуін қарастыруы керек. Бюджеттің күтілетін шығындарының орны өндіруші сектордың экономикалық қайтарымын арттыру есебінен өтелуі тиіс.\r\n\r\nҚР Парламенті Мәжілісінде жаңа өтіп, құжаттағы негізгі жаңалықтар бойынша Салық кодексі жобасының таныстырылымы болып, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов баяндама жасады\r\n\r\n2008 жылдың Қыркүйектің 8-інде ҚР Парламенті Мәжілісінде жаңа Салық кодексі жобасының таныстырылымы болып өтті.\r\n\r\nСалық кодексінің жобасы Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес әзірленіп, ол бойынша экономиканы жаңғырту мен әртараптандыруға, бизнестің «көлеңкеден» шығуына ықпал еткізу шаралары қамтылып отыр. Осыған орай Үкімет тарапынан әзірленген жаңа Салық кодексінің жобасымен тікелей әсер ету заңының қағидаттарын енгізу, өңдеуші сектордың түсімдерін арттыра отырып, экономиканың шикізаттық емес секторына ауыртпалықты төмендету, салықтық әкімшілендіру жүйесін жетілдіру көзделеді.\r\n\r\nЖобадағы негізгі жаңалықтар бойынша баяндама жасаған Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, Кодексте салық салу барысында туындайтын мәселелермен айналысатын Консультациялық кеңес құру қарастырылған. Бұл кеңесті ҚР Премьер-Министрі басқаратын болады. «Кеңестің негізгі жұмысы салықтық міндеттемелерді атқару барысында туындайтын айқын емес, нақтыланбаған тұстарды және қайшылықтарды жою мәселелерін жедел шешу. Сондай-ақ, салық төлеуден жалтарудың болуы мүмкін жолдарын кесу жұмыстары да аталған кеңес тарапынан жүргізіледі», деді министр. Оның сөзіне қарағанда, жаңа Салық кодексін қабылдау экономиканың тұрақты дамуына, әртараптануына жағдай жасап, «көлеңкелі» секторды барынша қысқартуға септігін тигізетін болады.\r\n\r\n2009 жылы қосымша құн салығының ставкасы 12 пайызға тең мөлшерде болады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінде жаңа Салық кодексі жобасының таныстырылымы барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті. «Бұл көрсеткіштің өзінен қазақстандық қосымша құн салығы ставкасының әлемдегі стандартты салықтар арасындағы ең төменгі деңгейдің бірі болатынын көруге болады. Бұнымен қоса, жобада қазіргі жеңілдіктер жиынтығының орнына есепке жатқызылған қосымша құн салығы есептелгеннен асып кету сомасын автоматты түрде бірыңғай қайтару енгізіледі. Ал 2012 жылы тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде дебетті сальдоны автоматты түрде қайтару жүйесін толық енгізу көзделеді», деді Б. Сұлтанов. Сонымен бірге, Қазақстанда шығарылмайтын қондырғыларға, жабдықтарға қатысты жеңілдіктер 2012 жылға дейін сақталатын болады.\r\n\r\nЖобаны таныстыру барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов 2009 жылы Қазақстанда өндірілетін жалпы мұнайдың 44 млн. тоннаға жуығына Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша салық салынатындығын хабарлады.\r\n\r\nМинистрдің баяндамасынан кейінгі сауалдар барысында депутат Кенжеғали Сағадиев жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық жүктемесі бойынша қамтылған негізгі өзгерістерге назар аудартты. «Қазақстанда биыл шамамен алғанда 70 млн. тоннаға жуық мұнай өндірілді. Келесі жылы да осы шамалас өнім өндіріледі деп күтілуде. Осы тұрғыдан алғанда елде өндірілетін мұнайдың қаншалықты бөлігіне салық салынады? Өйткені, бұл салық ауыртпалығынан Өнімді бөлу туралы келісім шартын жасасқандар, «ТШО» секілді ірі жер пайдаланушылар құтылып отыр ғой», деді депутат К. Сағадиев.\r\n\r\nДепутат сауалына жауап бере отырып министр Б. Сұлтанов, алдын ала болжамдарға да тоқталды. «2009 жылы Қазақстанда өндірілген жалпы мұнайдың 44 млн. тоннаға жуығына Пайдалы қазбалар өндіруге салынатын салық бойынша салық салынады. Жалпы алғанда салық кодексінде қамтылған өзгерістер нәтижесінде мұнай саласындағы жерді пайдаланушылар үшін салық ауыртпашылығы коэффицентін 49 пайыздан 62 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік бар», деді Б. Сұлтанов.\r\n\r\nЖаңа Салық кодексі жобасының таныстырылымы барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов 2009 жылы Қазақстанда 72 млн. тоннаға жуық мұнай мен газ конденсаты өндіріледі деп болжанып отырғандығын айтты.\r\n\r\nМинистрдің айтуынша, келесі жылы жер қойнауынан алынатын мұнай мен газ конденсаттарының көлемі биылғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда соншалықты қомақты болмайды. «Биылғы жылы шамамен 70 млн. тоннаға жуық мұнай өндірілсе, келесі жылы Қазақстанда өндірілетін мұнай мен газ конденсатының көлемі 72 млн. тонна шамасында болжанады. Жалпы қазіргі кезең Қазақстан үшін дайындық жылы болғандықтан да мұнай-газ өндірудің көлемі айтарлықтай өзгермейді. Біздегі ауқымды мұнай өндіру көрсеткіші 2012 жылға қарай күтіледі», деді министр\r\n\r\nҚазақстан үкіметі жаңа Салық кодексінде әлеуметтік салықты 11% деңгейінде белгілеуді ұсынуда. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен «Салық салуды реформалаудың басты бағыттары» атты дөңгелек үстелде таратылған материалдарда айтылған, деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісі.\r\n\r\n«Әлеуметтік салықты 11% мөлшерінде белгілеу ұсынылған, ал қолданыстағы заңнамада ол 5 — 13% тең. Әлеуметтік салық сомасы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын мөлшерге азайтылып отыратынын ескергенде, бюджетке аударылатын нақты әлеуметтік салық ставкасы 2009 жылы 7%-ға, 2010 жылы 6%-ға тең болмақ,- деді еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов.\r\n\r\nЖаңа Салық кодексін қабылдау экономиканың тұрақты дамуына және әртараптануына жағдай жасайды, экономиканың көлеңке секторын қысқартуды қамтамасыз етеді, Қазақстанның инвестициялық климатын жақсартады, ол елге капитал ағымын ықпал етеді және экономиканың шикізаттық емес секторына салықтық жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. Салық кодексін тікелей қолданылатын заңның принциптеріне сәйкес келтіру, салық органдары әрекеттерін терең регламенттеу, салықтық бақылау жүйесін құру салықтық жүйесінің сыбайлас жемқорлығын азайтуға мүмкіндік береді және салық органдары мен салық төлеушілердің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.\r\n\r\nБұл заңнан мемлекеттің ұтатыны – салық салудың тәртібін жеңілдету нәтижесінде кәсіпкерліктің дамуына серпін береді. Жеке меншік секторға пайдалы жағы – айналымдағы қаржылары салықтан босап, салық есепте­месі жеңілдетіледі. Онымен бірге, жеке меншік бизнес те анағұрлым жеңілдетілген салық жүйесімен өмір сүреді. Яғни салық органдарында сағаттап кезек күтпей, уақытының көп бөлігін өз шаруасына бөледі деген сөз.\r\n\r\nЖаңа жоба салықты әкімшіліктендіру бағытында да жақсы нәтиже­лерге қол жеткізеді. Өйткені былай алып қарасақ, біз салық салуды, оның есептелуін және салық төлеудің тәртібін жеңілдету арқылы салық органдарының қызметін же­тілдіреміз. Атап айтар болсақ, ақпараттық жүйелер дамиды. Мұның нәтижесінде, әкімшіліктендіру жүйесі де жаңа­рады деген сөз.\r\n\r\nҚандай да бір себептермен енгізілмей қалған нормалар бар. Бұл жерде әңгіме бір жағынан мемлекет және екінші жағынан кәсіпкерлік қауымдастық ұсынған нормалар туралы болып отыр. Оны тарқатып айтар болсам, мемлекет өз тарапынан салықтық бақылауды күшейтуге бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыруды ұсынды. Бірақ жаңа заңның жобасын сараптау барысында ондай бақылаудың күшеюі кәсіпкерліктің өркендеуіне кедергі келтіретіндіктен ондай өзгерісті қабылдамауға шешім шығарылды. Ал кәсіпкерлік қауымдастықтың ұсынғаны – жекелеген субъектілерге салықтық жеңілдіктер беру. Жаңа кодекстің тұжырымдамасының өзі жалпы салықтардың салмағын төмендетуге бағытталғандықтан бұл ұсыныс та енгізілген жоқ. Бұған дейін әртүрлі санаттағы салық төлеушілерге қолданылып келген жекелеген салық жеңілдіктеріне қатысты нормалар мақұлданған жоқ.\r\n\r\nЖаңа кодексті әзірлеуге Үкіметке бар жоғы алты ай уақыт берілгендігімен талқылағанда жұмыс тобына Парламент депутаттары көбірек тартылды. Яғни олардың заң жобасын жан-жақты қарап, өздерінің ой-пікірлерін, ескертулерін айтуға көп мүмкіндік берілді. Оның Мәжілістегі қаралуына екі ай уақыт берілді. Уақыттың аздығы депутаттардың ұсыныстар жасауына кедергі келтіруі мүмкін. Алайда мәжілісшілер қазір аса жоғары құлшыныспен бұл заңды қарап жатыр. Жұмыс тобының мүшелері күн сайын отырыс өткізеді. Барлық тараптардың ұсыныстары назардан тыс қалмауы тиіс. Осындай қызу тірліктің нәтижесінде мемлекеттің де, кәсіпкерлік қауымдастықтың да көңілінен шығатын заң дүниеге келуі керек.\r\n\r\nБатыс Еуропада, АҚШ-та салық жүйесі жақсы дамығандықтан, олардың тәжірибесіне көбірек үңілді Бұл жобаны дайындау кезінде Дүниежүзілік банктің, Еуропалық Одақтың, ЮСАИД-тің, Халықаралық инвестициялық салық орталығының сарапшы-мамандары шақырылып, қол ұшын берді. Олармен қоян-қолтық жұмыс істелді. Бұл жерде айта кетейін, Салық кодексінің жаңа жобасы қазіргі кезде әлемнің өркениетті елдері қолданып отырған Батыстағы салық жүйесінің барлық жақсы жақтарын қамтыды.\r\n\r\nЕң бастысы, қазіргі кезде кәсіпкерліктің алдында тұрған ең үлкен әкімшілік кедергі – салық есептілігінің шамадан тыс болуы. Бұл бағытта үлкен-үлкен шаралар жүзеге асырылды. Салықтың негізгі түрлері бойынша салық есептілігі барынша қысқартылды. Жаңа кодексте салық есептілігін берудің біртұтас мерзімі қарастырылып отыр. Яғни салық төлеудің жалпыға ортақ мерзімін бір айға дейін ұзарттық деуге болады.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nҚорытынды\r\n\r\n \r\n\r\n      Пайдалы қазбалар өндiрудi жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарт жасалғанға дейін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдаланғаны үшiн республикалық бюджеттің кiрiсiне Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн мөлшерде роялти түрiнде аударымдар жасайды.\r\n\r\n      Салық сараптамасы жүргізілген күн мен өнімді бөлу туралы келісім-шартқа қол қойылған күн аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасының салық заңдары өзгерген жағдайда қайтадан сараптама жүргізіле отырып, салық режимi осы өзгерістерге сәйкес келтірілуге тиiс.\r\n\r\n     Жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарттардың салық режимiнiң үлгiлерi\r\n\r\n      Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу келiсiм-шарттардың негiзгi түрлерiне қарай екi үлгiге бөлiнедi:\r\n\r\n      1) бiрiншi үлгi, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте көзделген салық пен басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуiн көздейдi;\r\n\r\n      2) екiншi үлгі жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн төлеуiн (беруiн), сондай-ақ осы Кодексте\r\n\r\nкөзделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерінің төленуін көздейді, оларға:\r\n       экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы;\r\n\r\n        роялти;\r\n\r\n        шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын акциз; \r\n\r\n       үстеме пайда салығы;\r\n\r\n      жер салығы;\r\n\r\n      мүлiк салығы қосылмайды. \r\n\r\n       Жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыруға қатысы  жоқ операциялар бойынша салық режимi\r\n\r\n      Келiсiм-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн орындау жер қойнауын пайдаланушыны осындай мiндеттемелердiң пайда болған күнi қолданылып жүрген салық заңдарына сәйкес, келiсiм-шарт шеңберiнен тыс қызметтi жүзеге асырғаны үшiн осы Кодексте көзделген салық мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды. \r\n\r\nСалық заңдары өзгерген кезде өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша салық салу шарттары\r\n

    \r\n

  1. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттарда белгiленген салық салу шарттары тараптардың келiсiмi бойынша салық заңдарының өзгеруiне байланысты түзетiлуi мүмкiн. \r\n       Салық заңдарындағы өзгерiстер нәтижесiнде жер қойнауын пайдаланушыға салық салу шарттары жақсарған жағдайда, өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттарда Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қалпына келтiру мақсатында салық салу шарттарына түзету жасалады.
  2. \r\n

  3. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта көзделген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiнiң күшi жойылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осы баптың 1-тармағында айқындалған тәртiппен келiсiм-шартқа тиiстi өзгерiстер енгiзiлгенге дейiн келiсiм-шартта белгiленген тәртiппен және мөлшерде оларды бюджетке төлеудi жалғастыра бередi.
  4. \r\n

\r\nСалық сараптамасы\r\n

    \r\n

  1. Салық сараптамасы — құзыреттi орган жасайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарт жобасына, оған толықтырулар мен өзгерiстерге талдау жасау мен баға берудi қамтитын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салығын белгiлеудi қоса алғанда, салық режимiн бекiту мақсатында жүргiзiлетiн мiндеттi сараптама. \r\n       2. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi барлық келiсiм-шарттарға қол қойылғанға дейiн олар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен және мерзiмдерде мiндеттi салық сараптамасынан өткiзiлуге тиiс. Осы ереже бұрын жасалған келiсiм-шарттарға енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларға да қолданылады.\r\n       3. Салық сараптамасының нәтижелерi бойынша белгiленген салық салу шарттары өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттың түпкiлiктi мәтiнiне ешбiр өзгертулер мен түзетулерсiз мiндеттi түрде енгiзілуге тиіс.
  2. \r\n

\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nПайдаланылған әдебиеттер\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995ж.
  2. \r\n

  3. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі.
  4. \r\n

  5. Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысы, 16 мамыр 1996ж.
  6. \r\n

  7. Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы, 24 сәуір 1995ж.
  8. \r\n

  9. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» жолдауы.
  10. \r\n

  11. «Қаржы-қаржат» журналы, №10-11, 1999ж.
  12. \r\n

  13. Бухгалтер бюллетені №10, наурыз 2008ж.
  14. \r\n

  15. Бухгалтер бюллетені №6, ақпан 2008ж.
  16. \r\n

  17. Бухгалтер бюллетені №17, 2008ж.
  18. \r\n

  19. Интернет ресурстары:
  20. \r\n

\r\n      а) www.goverment.kz\r\n\r\n      б) www.kyzmet.kz\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ