Жемқорлыққа жол бермейтін университет

0
673

  Коррупция. Қоғам дертіне айналған ұлы қасірет. Рим құқығында «corrumpire» деп әуел бастан қолданысқа енген бұл сөз «бұзу,бүлдіру,зақымдау,сындыру,параға сатып алу»  жалпы, заңға қайшы орындалатын іс-әрекет деген мағынада қарастырылады. Бұл саяси салмағы бар, толықтай шешімі табылмаған түйін. Десек те, Елбасы: «Қазақстан  халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің  Қазақстан халқына жолдауында  «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Демек, бүгінде ғасыр дертімен  кешенді және жүйелі түрде күрес жүргізілуде.

    Алайда еліміздің біршама жоғары оқу орындарын «жемқорлық» түсінігі айналып өте алмай тұрғандығы хақ. Көпке топырақ шашудан аулақпыз.  Баршамызға аян, білім ошағының табалдырығын аттамай тұрып, кейбір студенттердің өзі пара беруге  құлықты болып жатады, һәм бірқатары мәжбүр. Жастық шақтың максимализмі асып-тасып тұрған жалынды түлектер, оң мен солын  ажырата алмаған да шығар. Бірақ  осындай кері әрекетке баруға итермелеп, мұрындық болатын оқытушыларға не дейміз?  Күдіктен гөрі, әрбір студенттің жүрегін өшпес үміт кернейді. Жаңа өмірге нық сеніммен қадам басып, жарқын болашаққа  ұмтылған тұс. Жетістікке жетуге талпынған потенциалдылардың жігерін құм сепкендей бассақ, жас өркеннің тамырын кескендей болмаймыз ба?

Көкейкесті сұрақ мол. Жауап біреу. Абитуриенттерге таңдау еркіндігі берілді. Тек дұрыс шешім қабылдау қажет. Таптырмас таңдау – кәсіптік-инновациялық университет статусын иеленген, 17000-нан астам бәсекеге қабілетті түлекті түлеп ұшырған «Тұран» университеті. 2017 жылы 23 мамырда аккредитация және рейтингтің тәуелсіз агенттігі  Қазақстанның Топ-10 ЖОО-на енген «Тұран» университетінде мамандарды даярлаудың бағыттары мен деңгейлері бойынша Институционалдық рейтингін жариялады. Нәтиже көз қуантарлық. 1992 жылы іргесі қаланған «Тұран» университеті жайлы ассоциация жағымды.   Білім жүйесі сапалы, оқытушылардың студенттерге білім берудегі  жауапкершілігі жоғары.   Білім деңгейін бағалау тәртібі 60 % – аралық бақылау, 40% – қорытынды бақылау арқылы жүзеге асады. Ең жоғарғы эквивалент  А 4.0 95-100%, ең төменгі эквивалент F 0 0-49%-ды құрайды.

Әр емтиханда студенттің білімі жіті тексеріледі.  Ешқандай «Бармақ басты,көз кыстының кебі» байқалмайды. Ақиқат осы. Ата-аналардың құлақтарына алтын сырға. Егер бауыр еті балаңыздың студенттік өмірі алаңсыз,қызыққа толы болғанын қаласаңыз, көп ойланбай «Тұран» университетіне келіңіз. Жанға қажетті жылу, сыйластық, рухани қолдау, бәрі-бәрі киелі ордадан табылады.

Қорытындылай келе, біздің қоғамда сыбайлас-жемқорлыққа орын болмауы тиіс. Қоғамның  күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы  бұл құбылысқа  қарсы тұруға болады. Сол себепті сыбайлас-жемқорлықпен күресуді борышы етіп қабылдаған «Тұран» университетінде жұлдызыңыз жанатыны сөзсіз.  Жемқорлықтың иісі де шықпайтын қасиетті білім ордасын таңдау– өкіндірмейтін  озық шешім.

                                                                                                        САЯНА СЕЙТҚОЖА


ПІКІР ҚАЛДЫРУ