Галогендер туралы түсінік

0
6621
Иллюстрация: Freepik.com

Галогендер VIIA топшада орналасқан, олар: фтор F, хлор Сl, бром Вr, йод I, астат At. Астат — радиобелсенді элемент.

Жалпы мәліметтер

Олардың валенттілік электрондарының жалпы формуласы ns2 nр5 (n=2-6). Бұл элементтердің топтық атауы «тұз түзуші» деген түсінікке сәйкес келеді.

Галогендердің соңғы электрондары р-деңгейшесіне түседі, сондықтан олар р элементтеріне жатады. Топ бойынша жоғарыдан төмен қарай олардың атом радиустары артады, қайнау температурасы мен тығыздықтары да осы бағытта өседі.

Олардың агрегаттық күйлері газдан (F2, С12) сұйықтыққа (Вr2), ары қарай қатты (І2) күйге өзгереді, түстері де біртіндеп қоюлана түседі.

Галогендер типтік бейметалдар, себебі олардың сыртқы валенттілік қабаттарының толысуына бір ғана электрон жетіспейді, оны қосқанда тотықтырғыштық қасиет көрсетіп, өзінен кейін тұрған бекзат газдардың электрондық кұрылысын алады.

Галогендердің тотықтырғыштық қасиеттері топ бойынша жоғарыдан төмен қарай кемиді, себебі атом радиустары артқандықтан ядроның электрон тарту күші азаяды.

Фтор қосылыстарында тек бір валенттілік қана көрсетеді, тотығу дәрежесі үнемі -1,0-ге тең, себебі ол электртерістіктілігі ең жоғары элемент; оның екінші энергетикалық деңгейінде екі ғана деңгейшесі бар, электрондардың дараланып көшетін орны болмағандықтан топ нөміріне сәйкес валенттілік көрсете алмайды. Қалғандары топ нөміріне жеткенше тақ мәнді валенттіліктерді (I, III, V, VII) көрсетеді, тотығу дәрежелері: -1, 0, +1, +3, +5, +7.

Басқа материал:

  1. ҰБТ-да химиядан кездесетін күрделі сұрақтардың жауабы
  2. Дәнді-дақылдар биохимиясы. Нан және макарон өнімдерінің тағамдық құрамын көтеру мен қазіргі кездегі жағдайы
  3. Көмірсулардың жіктелуі. Адам ағзасындағы көмірсулардың биохимиялық рөлі.
  4. Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері. Амин қышқылының классификациясы мен құрылымы
  5. Химиядан тест сұрақтары жауабымен
  6. Мобильді құрылғылар сипаттамасы
  7. Виртуалды машиналар туралы мәлімет
  8. Вир­туал­ды жә­не ке­ңей­тіл­ген шын­дық де­ге­ні­міз не?
  9. Инфографикамен жұмыс істеуге арналған тегін немесе тарифы төмен сервистер

ПІКІР ҚАЛДЫРУ