Журналист болғыңыз келеді ме?

Журналист десе , көбінің көзіне бағдарлама жүргізушісі не жаңалық жүргізетін диктор елестейді . Маған да көрген адам » осындай журналист болмайсың ба ? » дейді . Тіпті анамның да арманы — мені теледидардан көру .

Мен басқаның ойындағы идеал болуға ұмтылмаймын , қазақ тілін дамытуға сәл де болса үлес қоссам деген өзімнің нақты мақсатым бар . Сол мақсатпен әлеуметтік желідегі қатемен күресіп , қажет деген жерде қатемді түзетіп жүрмін.

Ал менің журналистика факультетінде оқитынымды естігенде , » Мәә , күшті , мен де кезінде журналист болғым келіп еді » дейтіндер әлі де бар . Неге бала кездегі арманды қазір жүзеге асырмасқа ?!

Инстаграм барлық мүмкіндікті беріп қойды , » мархабат » . Тікелей эфирге шығыңыз да , журналиске айналыңыз . Аты да » тікелей эфир » деп айтып тұр , ең бірінші шыққанда мурналист боларсыз , содан соң пурналист боласыз , бара — бара жаттығып жүріп , нағыз өзіңіз армандаған журналист боп шығасыз .

Не айтамын деп қам жемеңіз . Жаңалық жазып алыңыз да , оқып шығыңыз . Жазған постыңызды ауызша айтып беріңіз . Оқыған кітабыңыз , көрген фильміңіз туралы әңгімелеңіз . Қате сөз айтамын деп қорықсаңыз , мәтініңізді тексеріп беретін редактор алдыңызда отыр . Бірден эфирге шығуға жүрексінсеңіз , стористен бастаңыз .

Ешкім кіріп көрмесе де , мейлі , сіз мәтінді оқып , эфирдi Ig tv арнасына сақтап қоя беріңіз . Күндердің күнінде барлығы кереді , күніне бір уақыт шығып , көрерменнің көзін үйретіңіз . Бала кездегі арманға ұмтылу да ұят болып па ? Бастысы , » че там , қалайсыңдар » деп емес , халыққа пайдалы ақпарат айтуды кездеңіз . Батылыңыз жетпесе , » әріптесіңізбен » бірге жүргізіңіз .

Осы бағытта бастасаңыз да көп нәрсеге қол жеткізесіз. Және адамдармен пайдалы кеңестермен бөлісесіз деп ойлаймын.

 

Бибақыт Ерсайынова

Тұран университеті

3 курс студенті


ПІКІР ҚАЛДЫРУ