Журналистика әлеміне саяхат

Сан түрлі қырлары мен ғажайыбы бітпес мына өмір барлығымызға жұмбақ. Өзгелерден өзгеше болу, болмысы мен жан дүниесін әсемдікке толтыру, барлық жанның арманы. Өзіңе не керектігін,нені жүрегің қалайтындығын білетін адам, әрқашан жетістікке жетпек. Өмірің мәнді болсын десең, әрине, таңдай да, талғай да білу керек.  Болашағыңның жарқын болуының бірден бір себебі, өмір бойы айналысатын сүйікті нәрсеңе байланысты екенін білгенің жөн. Ол дегеніміз әрине, мамандықты дұрыс таңдай білу. Ал сен, ең қызықты, ең мықты мамандық түрін білгің келе ме?  Жұдырықтай жұмылса жер жаһанды көтеретін журналист қауымын үздіктердің үздігі дер едім.

Журналист–әлемде болып жатқан алуан құбылысты зерттеп, саралай алатын, мақсаткер, халық мұңы мен қуанышын сөзсіз ұғатын нағыз кәсіп маманы. Төртінші билік иесі болған бұл мамандық иелері  халықтың ең сенімді жанашырлары. Қаламың мен қағазың арқылы қорғансызға пана болып, әділеттік тапқанда, біреудің бақытты болуына себепші болғанда бұл мамандықтың құдіретін сезінуге болады. Тіл жансызды жандандырады, әлсізге күш береді, мықтыны ойсыратады. Мықты журналист болу тікелей тілмен тығыз байланысты.  Тілінде тазалығы бар, сауатты, сөзі салмақты журналисттің жұмысы мен еңбегі қашан да биік бағаланады. Журналист болу үшін бойында  қайсар, пысық, шапшаң, сабырлылық деген сияқты қасиеттер   болу керек. Журналистика мамандығы қызығы мен қиындығы қатар жүретін жан – жақты мамандық. Бұл мамандықты игеру үшін әрине, ең бастысы ниет пен қабілеттің болуы шарт. Журналистика мамандығын таңдай отырып,   радио, теледидар, газет, түрлі редакцияларда жұмыс жасауға болады. Бұл мамандықта қайсарлықты, жұмысқа тиянақты  қарауды, жауапкершілікті сезінуді үйренесің. Мықтылардың арасында жүріп тәжірибе алмасып, өзіңді шыңдауға кірісесің.

Журналистика мамандығының қоғамға тиер пайдасы өте көп. Себебі, журналист  халық пен биліктің алтын көпірі, халықтың айнасы.  Заңгерлер құқығымызды қорғап, дәрігерлер денсаулығымызды сақтайтын болса,  журналистер халықтың әрбір ауруына ем бола алады. Іштеріндегі астарлы ойы мен жан айқайын осы журналист қауымы бір – ақ сәтте жеткізеді. Соның арқасында қоғамның барлық сұрақтары жауапсыз қалмайды. Осындай  жауапкершілігі мол мамандық иесі атану үшін де батыл болу қажет.

Тәуекелге бара алатын болсаң,  қиындықты жеңе алатын болсаң, журналистика мамандығы сені есігін айқара ашып қарсы алады. Сөз саптауыңды дамытып, өзгелерден ерекше көзқарас қалыптастырып, дүниетанымыңды кеңіткің келсе, кітап оқы. Кітаппен дос болған адамның өзі де, сөзі де басқа. Әрине, кез – келген адам бұл мамандықпен келісе алмайды. Дегенмен, белгілі нысанға жетудің тоқсан тоғыз пайызы еңбектен тұратынын есте ұстағанымыз жөн.  Бар күшіңді салатын болсаң, еңбектенсең әлемнің мың есігі  жеңіс болып ашылады.

 

Бибақыт Ерсайынова

Тұран университеті

3 студенті


ПІКІР ҚАЛДЫРУ