Журналистиканың жаңа бағыты

0
3061

Еліміздің жағдай халықтың құр сөзге емес дәлел мен дерекке  мән беретінін аңғартты. Қазіргі таңда тіпті телевизиялық жаңалықтардың үлгілері дата журналистиканың бір бөлігін құрайды десек болады. Сонымен дата журналистикасы дегеніміз не?

Деректер журналисті мәліметтер негізінде мәтіндердің әр түрлі типтерін жасайды. Материалдың мазмұны онда айтылған фактілер және автордың пікірі сандық тұрғыдан дәлелденеді.

Бұқаралық ақпарат құралдарының цифрлық жұмысқа көшуі, ашық бағдарламалық жасақтама мен онлайн – сервистердің таралуы, «ашық деректер» ұғымының пайда болуы – осының бәрі медиа нарықта түбегейлі өзгерістерге және журналистердің кәсіби дайындығына қойылатын талаптардың өзгеруіне әкелді. Сапалы ғана емес, сандық ақпаратпен де жұмыс жасай алатын журналистерге сұраныс бар.

Енді олардан іздеу және жинақтау, дәстүрлі гуманитарлық құзыреттілікті сақтай отырып талдау және визуалдау дағдылары қажет. Дата журналистің міндеттері нәтижелі материалдарды қызықты медиа – мәтін немесе инфографика түрінде рәсімдеу үшін тиімді ақпаратты іздеуді, сүзгілеуді, үлкен көлемдегі деректерді өңдеуді қамтиды.

Деректер бойынша журналистер бұқаралық ақпарат құралдарында, әртүрлі мемлекеттік органдарда, ғылыми – зерттеу институттары мен университеттерде, банк секторында – сенімді және тексерілген деректерге негізделген контент шығаруға мүдделі клиенттер бар барлық салаларда сұранысқа ие.
Деректер журналисті тек қана белгілі бір өкілдерден сұхбат алып қана қоймай, ақпараттың рас өтірігін анықтайтын сайттар мен порталдар да еркін ізденіс жұмыстарын жасай білу қажет. Жұмысқа тиянақтылық пен қатар сақ көзбен де қарау негізгі шарттардың бірі. Мәселен, графика сызып сандарды сөйлете алу да оңайға т.сетін шаруа емес. Ақпаратта берілетін шұбырған сандық цифрлар оқырманың көзіне оғаш, түсінігіне баяу болуы әбден мүмкін. Түсініксіз піспеген материал әлбетте оқырманың көңіліннен шығып есінде қала бермейді, сол кезде жұмсаған уақытың зая кетеді. Уақыт ол – ақша, ал оны тиімді пайдаланбасаң желге ұшуы тосын сый емесі анық.
Дата журналистке алдымен нені білу қажет ?
  1. Сілтемелердң дұрыс пайдалануды
  2. Графиканы жасай алуды
  3. Сандарды тиімді пайдалануды
  4. Ақапараттың рас екенін анықтай алуды
  5. Ашық дереккөздерді дұрыс пайдалануды
  6. Порталдар мен сайттарды пайдасына қарай игеруді
Дерекетер журналисті болу көпшілігімздің ойлағанымыздай оңай емес, бір ақпаратты бінеше өкілдер арқылы алып салыстырмалы анализ жасауда маңызды. Мәселен егер бір аймақта қандай да бір орталық отқа оранғаны жөнінде ақпарат алу үшін, құтқарушылармен сұхбат яғни (қанша аймақ өрттен аман қалды, ал қаншамасы жанып кетті?, адам шығыны бар ма?) сонмен қатар оқиға орнындағы куәгерлермен сұхбат олардың көзінде болған оқиға құтқарушылардың берген ақпаратымен сәйкес келеме. Нақты саныды анықтау үшін тіркелен факттар мен құжаттарға көз жүгірту оған қол жеткізуде біраз күшті талап етеді.
Журналистиканың бұл түрі тек аймақты журналист болуға ғана емес әлемдік ақпаратпен де үйден шықпай – ақ жұмыс істеуге қол жетімді. Тек қана тіл білсеңіз болғаны, әлемдік жаңалықтарды өзіңіз сүзгіден өткізіп, растығына көзіңіз жеткенен  соң өзіңіздің аудиторияңыздың тілінде ақпаратты сілтеме көрсету арқылы жарияласаныз да болады.
Шет елге шығып, өзге елдің журналисттерімен бірге тәжірибе алмасуға да мүмкіндіктер жетерлік. Біздің елімізде дата жірналисттердің қатарының аздығынын салдарынан конкуренция аса жоғары емес сол себепті алғашқылардың бірі болуға да зор мүмкіндіктер бар.

Хайдарова Сара Есмағамбетқызы 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ