Жылқы. Сәбит Мұқанов (ашық сабақ)

0
1945
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Тақырыбы: Жылқы. Сәбит Мұқанов

Мақсаты:Төрт түліктің бірі жылқының ерекше қасиеттерімен таныстыру.

Сaбақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, іздену, түсіндіру, әңгімелеу, жұптастыру,»  «топтастыру»

Сабaқтың көрнекілігі: сурет, слаид, С.Мұқанов портреті

Сабaқтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Жарық түнде жайлауда  Әбділда Тәжібаев

Әбділда Тәжібаев қай жылдары өмір сүрген? Өлеңді мәнерлеп оқу.

ІII. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

IҮ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Айтылған сұрақтарға  «Қ» әрпінен басталатын сөздермен жауап беру

Кімнің ойы жүйрік?

Жылқынын төлі—құлын.
Жылқынын сүті—қымыз.
Жылқының пірі—Қамбар ата.
Жылының етінен жасалатын тағамдар—қазы,қарта.
Жылқының құйрығынан қай аспаптың шегі жасалады?— қобыз.
Жылқыны қалай шақырады?—құраулап. (жауап берген оқушыларды бағалау  критерий
Топқа бөлу (топ жетекші сайлау )   1.Жүйрік   2. Тұлпар    3.Құлагер

  1. Топқа бөлу арқылы жаңа тақырыпты ашу

Сәбит Мұқанов ( 1900 — 1973) қазақтың аса көрнекті жазушысы. Ол Солтүстік Қазақстан облысында, Жамбыл ауданында туған. Қазақтың аса көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері. Оның «Өмір мектебі»,»Ботакөз»,»Ақ аю»,»Балуан Шолақ» т. б. көптеген шығармалары бар. Сәбит өзіне ұлы Абайды ақылшы ұстаз тұтқан.

  Сәбит Мұқановтың «Жылқы» әңгімесін түсіндіру

Жылқы төрт-түліктің бірі. Жылқы иесі Қамбар ата. Қазақ халқында жылқыны құрметтеп, жоғары бағалаған .Жылқы туралы аңыз әңгімелер, шығармалар ,өлең жырлар ,ертегілер өте көп.Ежелден қазақ батырларының қанаты. Еліміздің Елтаңбасында Қос Тұлпар – осы киелі пырақтар. Жылқы ер қанаты деп тегін айтылмаған.

Әңгімені түсініп, жалғастырып оқу.

Сөздікпен жұмыс:  Қос – шөп шабу, егін салу, егін жинау, жылқыны қысқы отарда бағу кезінде көшіп-қонуға ыңғайлы, тігуі, жығуы оңай баспана.

Топтық жұмыс: (бағалау парақшасын тарату )

Тапсырма. 1 Табиғат көрінісін беретін жолды оқу

2.Жылқының аналық мейірімі туралы оқы

3 Мақаңның сөзін тауып оқы

Жылқының пайдасы:Ассоциация құру

3 топқа 3 түрлі тапсырма тарату.

         Еті: күшті,қуатты,құртаса таза етіне жеткенде өліп қалады, тамақ, емдік қасиеті бар.

         Қымызы: шипалы, табиғи сусын, емдік қасиеті бар, өкпе ауруына ем.

         Терісі: иісіне жылан жоламайды, түрлі бұйымдар жасайды (торсақ, саба, қымыз сапыратын).

Сергіту сәті

Ү.Топтастыру:

Жылқы жасына қарай қалай аталатынын тауып, мына үлгі бойынша сәйкестендіру .

Жауабы: 1 жаста – құлын, 2 жаста – тай, 3 жаста – құнан, 4 жаста – дөнен, 5 жаста – бесті (ат).

Топтар бірін-бірі тексеріп, бағалайды критерий . Барлығы дұрыс болса жасыл. 4 дұрыс – сары. 2-3 қана дұрыс болса — қызыл.

ҮІ. Бағалау  критерий Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды.

ҮІІ. Рефлексия. Бүгінгі сабақта болған көңіл-күйді мәреге жеткен бәйге атқа стикерге жауаптарын жазып,  жапсыру .( барлығы түсінікті болса жасыл мен қызыл)

ҮІІI  Үйге тапсырма:  түсініп оқу, мазмұндау

IХ. Бағалау


ПІКІР ҚАЛДЫРУ