Өзіңе сенімді болудың 5 құпиясы

0
1312
Иллюстрация: Freepik.com

Сенімділік деген не өзі?

Ол дегеніңіз:

— тақтаға кім шығады дегенде қолыңды көтеріп, өзіңнің бар екеніңді білдіру;

-тақтаға шықсаң, тақпақты сүрінбей айтып шығатыныңа сену;

-бір жерін ұмытып жатсаң, оны әзілге айналдыра білу;

-жағдай ушықса, салқынқанды болу.

Өзіне сенімді адамның артынан адамдар ереді. Сенімсіз адамның артынан өз жұбайы да, досы да ермейді.

Ендеше, 5 құпияны айтайық:

1. Сенімді болып көрініңіз.

Табиғатта кейбір аңдар жыртқыштың алдында өзін қампайтып көрсетіп, өзін аман сақтайды. Сіз де өзіңіз білетін сенімді адамға еліктеңіз. «Мен сенімдімін» деп 100 рет айтсаңыз да, ол көмектеспейді. Адаммен сөйлескенде даусыңыз дірілдейтін болса, айнаның алдында репетиция жасаңыз.

2. Сенімділікті қалыптастырыңыз.

Бір күнде істейтін істерді үлкені бар, ұсағы бар, бәрін қағазға жазып шығыңыз. Әрбірін орындаған сайын сызыңыз. Істі соңына дейін жеткізу сенімділік береді. Күніне 20 іс бітірсеңіз, сізде сенімділік деңгейі көтеріледі. Оқып шыға салмай, жасаңыз қазір.

3. Спортпен айналысыңыз. 

Неге сенімді адамдар спортпен айналысады? Сол арқылы әлемге өзінің ең жақсы энергиясын бере алады. Зиян тағам жеп, аз ұйықтап, қозғалмайтын адамнан қандай энергия көрдіңіз? Илья сияқты 200 кг көтер демейміз, 30 минут денені шынықтырып, жаяу жүрсеңіз, жеткілікті.

4. Көмектесеңіз.

Біреумен сөйлескенде «бұрыс нәрсе айтып қалмасам екен» деген оймен қобалжып тұрасыз. Ал егер оған қандай көмек бере алам деп мақсат етсеңіз, оның әңгімесін тыңдай бастайсыз. Біреудің проблемасын шешіп беру үлкен сенімділік сыйлайды.

5. Қателесу = Тәжірибе жинау.

Көп қателесіңіз. Сонда қателесудің қорқынышты емес екенін көресіз. Сізде тәжірибе жиналады. Сенімділікке кедергі жасайтын қорқыныштардың бәрі жай әншейін сағым екенін тәжірибеде сезінесіз.

Ұқсас материалдар:

  1. Өз өзіңізге деген сенімділікті арттырыңыз…
  2. Мұғалімдерге арналған 3 таптырмас сайт
  3. Ұстаздар қалай қосымша табыс таба алады?
  4. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  5. «Көтеріңкі көңіл-күй-жанға қуат береді» сергіту тренингі
  6. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  7. 11 сынып оқушыларына арналған тренинг- сабақ
  8. Жас маманға 8 кеңес

ПІКІР ҚАЛДЫРУ