Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары: Бұл әлемге келген соң….

0
1424
Гомотетия және оның қасиеттері
Пән: Өзін-өзі тану

Бөлімі: Таным қуанышы   

Бекітемін:

Мектеп:

Күні:  Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып:  8

 

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 
Сабақ тақырыбы Бұл әлемге келген соң
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.      8.1.2.1 сүйіспеншілік құндылығы арқылы өмірдің мәнін түсіну.
Сабақ                 

мақсаттары

Барлық оқушылар:  Өмірге деген қызығушылықтарын арттырады;

Көптеген оқушылар:  Жаңа білімді меңгереді, талдайды;

Кейбір оқушылар:  Айнала қоршаған адамдарға ізгі ниеттерін дамытады.

Жетістік критерийлері Оқушылар сыйластық, адалдық, жауапкершілік қасиеттерінің маңыздылығын түсінеді, қарым-қатынаста қолданады.
Тілдік  мақсаттар

 

Ниет – адамның өзгеге бағытталған түзу,дұрыс ойы.

Құндылық:  сүйіспеншлік

Қасиеттер: сыйластық, адалдық, жауапкершілік

Құндылықтарды дарыту

 

 

Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Бірлікке, ынтымақтастыққа баулу.

Пәнаралық байланыстар Қазақ әдебиеті, музыка
АКТ қолдану дағдылары Аудиоплеер
Бастапқы білім

 

Табиғаттан нәр алып
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

 

Ресурстар

 

Сабақтың басы

 

Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т ережесі-тәртіп, тыныштық, талап, тазалық, татулық.

Оқушыларды топқа бөлу. Түстер арқылы топқа бөлу.

Сары түс –«Отбасы» тобы

Қызыл түс – «Достық» тобы

Жасыл түс – «Қоршаған орта» тобы

Көк түс – «Мектеп» тобы

Тыныштық  сәті. «Достық елі»

— Балалар, денемізді тік ұстап,орындықта еркін отырамыз. Көзімізді жайлап жұмамыз. Өздеріңді ұшқыш кілемге отырып, «Достық еліне» сапар шегіп барамыз деп елестетіңдер. «Ұшқыш кілем» көкке көтеріліп барады. Алдымыздан қоңыр жел есіп тұрғандай. Ашық аспан биігінен қарасақ биік-биік таулар мен шексіз далалар, ну ормандар мен тоғайлар, көлдер мен шөлдер артта қалып бара жатқандай. «Достық еліне» де келіп жеттік. Нұрдан төгілген жан жылулығы бой-бойымызға тарап бара жатқандай. Өйткені, достық-сыйластық пен жылылықтан құралады. Көзімізді ептеп ашайық. -Кім қандай әсерде болды?

Үй тапсырмасын тексеру. «Табиғатты аялайық» эссе. Әр топ ішінен үздік эссені анықтап, оқу.

Ой қозғау. Жаңа тақырыпты ашу.

—          Оқушылар топтарыңызды не біріктіреді деп ойлайсыздар? «Әлем».

—          Біз өмір сүріп жатқан әлем қандай?

—          Бүгінгі сабақтың тақырыбы…?

 

 

 

 

Релаксация: (баяу музыка әуені ойналады)

 

 

 

Топтар бір-бірін смайлик арқылы бағалайды.

Өте жақсы

Жарайсың

Сенің қолыңнан келеді

 

Интерактивті тақта

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 

Дәйек сөз:

«Қиянат жасамау шексіз сүйіспеншілікті білдіреді, өз кезегінде шексіз жанашырлықты білдіреді»

                                                           Махатма Ганди

1. Балалар сендер қиянат жасамау дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Қиянат жасамау үшін не істеу керек?

3.Табиғатқа қиянат жасамау дегенді қалай түсінесіңдер?

 

Яғни, біз барлығына қайырымдылық жасасақ, әрбір жасаған ісіміз бізге жақсылық пен қуаныш алып келеді. Гүлдерге, жан — жануарлар мен өсімдіктерге, тіпті үстіміздегі киімге, отырған орындығымызға, мектебімізге жақсы қарайтын болсақ, олар да бізге рахметін айтады. Ұстаздарымыз бен ата — анамызды тыңдап, айтқанын орындайтын болсақ, ол біздің оларға қиянат жасамай, қайырымдылықпен қарағанымыз болады.

Қиянат жасамау дегеніміз ол:

Жақсы ой ойлау — әлемге қиянат жасамау,

Сөз айту — тілге қиянат жасамау,

Жақсы әңгіме тыңдау – құлағымызға қиянат жасамау

Жақсылықты көре білу – көзге қиянат жасамау,

Дұрыс тамақтану — денсаулығымызға қиянат жасамау

Дұрыс іс — әрекет жасау — денемізге қиянат жасамау.

Құрбыларымызды ренжітпеу – достыққа қиянат  жасамау

Мәтінмен жұмыс.Қызыққа толы қас қағым 
Ганс Христиан Андерсеннің ізімен.
Теңіз жағасындағы ну орманда әбден қартайған, үш жүз алпыс бес жыл өмір сүрген емен тұратын. Әрине аз жас емес, бірақ ағаш үшін әр жыл адамдардың бір күніне тең. Біз күндіз сергек болып, түнде ұйықтаймыз. Ағаштың жағдайы басқаша: жылдың үш мезгілінде сергек, ал бір мезгілінде ұйқыға кетеді.

Қыс-оның ұйықтайтын уақыты, көктем, жаз, күз ұзақ күні. Жаздың бір шуақты күні оның саясында шыбын-шіркейсайрандап ұшып жүрген. Бір кезде әбден шаттанған, масайраған біркүндік көбелек демалмақ болып. Еменннің жапырағына қонады:
-Байғұс-ай! Сенің бар өмірің бір ақ күндік! Сондай қысқа…. Қандай аянышты еді! –деп күрсінді.
Аянышты? Не айтып тұрсың? Айнала жап-жарық, жып-жылы керемет! Жаным қуанышқа толы сондай рақат!

— Бәрі де бір-ақ күнде жоқ болады ғой!
— Жоқ болады?! –деді таң қалған көбелек. Не жоқ болады? Сен де жоқ боласың ба?
— Мен әлі сенің мың күндік өміріңдей өмір сүремін, өмірімнің ұзақтығын сен санап тауыса алмассың!
— Жоқ, мен сені түсінбеймін! Сенің қаншалықты ұзақ өмірің болса, менің соншалықты шаттыққа ,бақытқа толы сәттерім бар. Сол сәттерімді ешнәрсеге айырбастамаймын. Әлемнің бар қызығын өзімізбен бірге алып кетпейміз ғой!?
— Әрине, әлемнің шексіздігін сөзбен жеткізу қиын.
— Ендеше екеуімізге өмір тең берілген, тек біз оны екі түрлі есептейміз-деп көбелек өзінің әсем қанаттарымен қалықтап күн шуағына, раушан гүлдері мен құлпынайдың хош иісіне масайрады. Шаттыққа, тәтті сезімдерге толы қандай ұзақ күн еді!.. Кешқұрым күн орнына қонған кезде көбелектің жаны жай тапқандай бір рақат сезімге бөленді, қанаттары балбырап, бойын бір әлсіздік биледі. Ол баяу тербетілген ақ ұлпа гүлдің күлтесіне басын қойып, тәтті ұйқыға кетті. Бұл мәңгілік ұйқы еді.
-Неткен қызыққа толы қысқа өмір еді!-деп күрсінді емен.

Сұрақтар:
1.Көбелек үшін өмірдің мәні неде?
2. Өмірдің қызығы уақыт өлшем бірлігімен өлшене ме?
3.  Өмірдің қызығына нелерді жатқызуға болады?

4.Өз өміріміз мәнді, мағыналы, қызықты болу үшін не істеу керек?

Шығармашылық жұмыс (топпен жұмыс)

   1-топ: Отбасы. Сахналау.Отбасылық өмірдің қызықты кездерін, отбасы мүшелерінің өмірінің қызғылықтығы.

   2-топ: Достық. Өлең шығару.

3-топ: Қоршаған орта. Танысқан  материалды (мұғалім сыйын) суретпен бейнелеу.

4-топ. Мектеп. Берілген қағаз қиындылары мен суреттер арқылы мектеп өмірінің қызықты кезеңдеріне жоба құру.

Топпен ән айту. «Өміріңе немқұрайлы қарама»

Әні: С.Дәрібаев

Сөзі: С.Сейітман  Караоке.Бірге қосылып айту.

Тыңда, досым, мен айтайын от тілек,

Дүниеден кетті бай да, өтті бек.

Өміріңе немқұрайлы қарама

Дәулетің мен тұрсаң-дағы көктіреп.

Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,

Зерлі шапан киінсең де жақұттан.

Өміріңе немқұрайлы қарама

Шақша басың айналса да бақыттан.

Қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа,

Өміріңе немқұрайлы қарама.

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Қанша азап көрсең-дағы, бауырым,

Өміріңе немқұрайлы қарама

Бекіту (3 минут)

— Көзімізді жұмып, осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

— Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

— Жақсы ой ойлайық, жақсы іс жасайық, жүрегімізде сақтайық, іс жүзінде асырайық.

— Енді көздеріңді аша қойыңдар. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін! Сабаққа белсенді қатысқандарыңыз үшін рахмет!

Үй тапсырмасы (1 минут)

«Өмірімнің қызықты сәттері» жоба құру.

Рефлексия (1 минут)

Үнтаспа

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үлестірмелі қағаздар

Смайлик арқылы бағалау қызыл, сары, жасыл

 

 

 

 

 

Дәптер, түрлі түсті бояулар, қайшы, смайликтер.

Смайлик арқылы бағалау. Өте жақсы, жарайсың, сенің қолыңнан келеді.

Интерактивті тақта

Дифференциация – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Пəнаралық байланыс;

денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс,

құндылықтармен байланыс (тəрбие элементі)

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу  түрінде күтіледі.  Смайлик арқылы бағалау бойынша

Қалыптастырушы бағалау оқушылар жеке деңгейлік тапсырмаларды орындай отырып білімдерін нақтылайды, оқушылар смайликтермен бағаланады.

Қазақ әдебиеті, музыка пәндерімен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
 
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

Дереккөз: plani.kz

Басқа да материалдар: 

  1. Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ. Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары

  2. Өз мүмкіндігімізді таниық (өзін-өзі танудан сабақ жоспары)

  3. «Аялай біл,сен деп соққан жүректі». Өзін-өзі танудан сабақ жоспары

  4. Оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдылары


ПІКІР ҚАЛДЫРУ