Бастауыш мектеп журналынан озық іс-тәжірибені талдау және аннотация жазу

0
2207

 \r\n\r\nАннотация\r\n\r\nСынып журналы мектептің әрбір мұғалімі үшін жүргізуге міндетті мемлекеттік құжат болып табылады.\r\n\r\n Мектеп директоры және оның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары сынып журналының сақталуын қадағалауға және олардың дұрыс толтырылуын жүйелі түрде бақылауға міндетті.\r\n\r\nСынып журналы бір оқу жылына есептелген. Параллель сыныптардың журналдары литермен нөмірленеді.\r\n\r\nДиректордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары (мектеп директоры) бастауыш сынып мұғалімдеріне оқу жоспарындағы әр пәнге бөлінген сағаттардың санына сәйкес оқушының жыл бойғы үлгерімі мен қатысуын есептеуге арналған журнал беттерін бөлу туралы нұсқау береді.\r\n\r\nЗерттеу тақырыбын таңдау.  Мұғалім оқушылардың білімін жүйелі түрде тексеруге және бағалауға, сондай-ақ оқушылардың сабаққа қатысуын әр сабақта белгілеуге міндетті.\r\n\r\nАшылған журналдың сол жақ бетіне мұғалім өткізілген сабақтың күнін жазуға, сабаққа қатыспаған оқушыларды «ж» әрпімен белгілеуге міндетті.Журналдың ашылған бетінің оң жағына мұғалім өтілген сабақтың тақырыбын және үй тапсырмасын жазуға міндетті.\r\n\r\n«Мұғалімнің ескертпелері» бағаны жекелеген оқушылардың тәртібі туралы, олардың оқу барысындағы жетістіктері мен кемшіліктері туралы ескертулерді жазуға арналған.\r\n\r\nЖазба жұмыстарының бағалары сол жұмыс өткізілген күннің бағанына қойылады.\r\n\r\nӨткізілген практикалық және зертханалық жұмыстардың, экскурсиялардың, жазба бақылау жұмыстарының тақырыптары және оған жұмсалған сағат саны нақты көрсетілуі тиіс.\r\n\r\n«Үй тапсырмасы» бағанына тапсырманың мазмұны және оның орындалу түрі (оқу, әңгімелеу, жатқа айту т.б.), есептер мен жаттығулардың, практикалық жұмыстардың беттері, нөмірлері жазылады. Егер оқушыларға тапсырма қайталауға берілсе, онда оның көлемі нақты көрсетіледі.\r\n\r\nӘр оқу тоқсанының (жылдық) қорытынды бағаларын мұғалім пәннің тоқсандағы соңғы сабағы өткізілген күні белгіленген жазбадан кейін қояды. Сонымен қатар тоқсандық бағалар оқушылардың үлгерімі мен тәртібін есепке алудың жинақтық тізімдемесіне көшіріледі.\r\n\r\nБастауыш сыныптың мұғалімі оқушылардың тегін алфавиттік тәртіппен сынып журналына жазады; Жеке іс қағаздарындағы мағлұматтарды пайдалана отырып, «Оқушылар жөніндегі жалпы мағлұматтарды» толтырады; «Оқушылардың сабаққа қатысу есебі» деген бөліміне оқу жылындағы және тоқсан бойы әр оқушының және сыныптың жыл бойы және тоқсан бойы босатқан сабақтар мен күндерін ай сайын жазады.\r\n\r\n«Дене тәрбиесі дайындығының көрсеткіштері» беті дене тәрбиесі мұғалімі жылына екі рет толтырады.\r\n\r\n «Сынып журналын жүргізу жөніндегі ескертпелер» беті директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары немесе мектеп директоры толтырады.\r\n\r\n Сынып журналындағы барлық жазбалар анық және ұқыпты сиямен немесе пастамен (мектеп әкімшілігінің шешіміне сәйкес) толтырылуы тиіс.\r\n\r\nЗерттеу тақырыбының өзектілігін дәлелдеу.  Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселе-леріне терең бойлауға бастайтын, күнде-лікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан, оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені, баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілі-гінің, белсенділігінің қалыптасуы мектеп-ке дейінгі тәрбие мен бастауыш сынып-тарда жүзеге аспақ. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығарма-шылық қабілетінің, жалпы мүмкіндікте-рінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптас-тыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.\r\n\r\nМектеп құжаттарын екі үлкен топқа бөлуге болады: педагогикалық ұжымның I қызметін айқындайтын және балалар ұжымының өмірі.  Мектеп жоспары және есептері мен мұғалімдер бірлестігі, үйірме жетекшілері, педагогикалық кеңес пен басқа да құжаттармен танысу мектептің даму жолдарын, оның дамуындағы қайшылықтар, қызықты жұмыс формаларын айқындауға жол салады. Зерттеушілер үшін  күнделіктер, балалар ұжымы мен жеке оқушылар өміріне бақылау үлкен қиындық туғызады. Балалар әрекетінің нәтижелері де тиянақты зерттеуді талап етеді: шығармалар, суреттер, дәптерлер, бұйымдар, т.б.\r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ