300 кітап тегін таратылды

0
2336

Ақпан айының 20-шы жұлдызында ҚазҰУ-да жаңа «Bookland» жобасының ашылуы болды. Жобаның басты мақсаты студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Оқырмандар өздері оқып бітірген кітаптарын, жаңа туындыға ауыстырып оқи алады. Студенттер өздерінің таба алмай жүрген кітаптарын осы жерден тауып алуы әбден мүмкін. Демек, бұл жоба ізденушілердің қолдары жетпей жүрген кітаптарын оқуына үлкен мүмкіндік тудырады.

«Bookland» жобасын ұйымдастырушылар Сұңқар студенттер мен магистранттар кәсіподағы және «Enactus» командасы. Ашылу салтанатында «ҚазҰУ студенттері оқуға тиіс 100 кітап» және мотивация бағытындағы 100 кітап, бизнес жайлы 100 кітаптың электронды нұсқасы таратылды. Сонымен қатар, оқырмандарға жобаның жүзеге асырылуына демеушілік жасаған «Turan» сусындары тегін берілді. Шараны ұйымдастыруда демеушілік жасаған «Asian waters» компаниясының өкілдері де келіп қолдау білдірді.

Жобаны Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасынан келген Ханшайым Мұсақызы және Аян Жолдасов қолдады. Сонымен қоса, Ханшайым Мұсақызы өз сөзінде ҚазҰУ студенттерінің кітап оқуға қызығушылығының зор екенін және осындай жобаның өткізіліп жатқанына қуанышты екенін жеткізді. Ұлттық университетте осындай рухани байлығымызды дәріптейтін ауқымды жобалардың өткізілуі студенттерді қуантады. Кітап сүйер қауымды қуанышқа бөлейтін,студенттерді кітап оқуға шақыратын, рухани байлығымызды насихаттайтын жобалардың саны арта берсін!

 

Мейірім Бақытбек


ПІКІР ҚАЛДЫРУ