Сырға толы саяхат

«Қазақстанның киелі жерлеріне саяхат» республикалық өлкетану акциясы шеңберінде біз 2017жылы Қызылорда облысынан жетпіс оқушы Нұр-Сұлтан шаһарына саяхаттап келдік. Мектеп оқушыларына арналған «Өлкетану» жобасына алғысымыз шексіз. 25 тамыз күні Нұр-Сұлтанға келген жас саяхатшыларды Нұр-Сұлтан қаласындағы теміржол станциясынан облыстық білім басқармасының мамандары өте жақсы қарсы алды.

Қазақ қашаннан қонақжай, дархан, мәрт мінезді халық қой. Нұр-Сұлтандықтар бізді Қазанғап атындағы музыкалық колледждің жатаханасына орналастырды. Бұл қаланың орталығы екен.

Саяхатты ұйымдастырушылар алғашы күні-ақ бізді қаланың көрікті жерлерімен таныстырды. Атап айтсақ, алдымен Нұр-Сұлтан орталық тарихи-өлкетану музейін араладық. Өңірдің ежелгі, ортағасырлық және жаңа өмір тарихын қамтыған түрлі залдардан, әсіресе археология залынан көп мағұлматтарға қанықтық.
Мұнан соң Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен таныстық. Ұлттық ойын түрлерінен командалық сайыстар, интелектуалды байқаулар өткізді. Осындай танымдық шаралардың да куәсі болдық. Ал кешкілік Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев атындағы саябақта серуендедік.

Саяхатымыздың келесі нысаны Байқоңыр ғарыш айлағы болды. Байқоңыр қаласы тіптен бөлек әлем секілді. Ғарыш қақпасы болған қала тарихын естіп, көрікті жерлерін көріп қана қоймай, музейдегі академик С.П.Королев туралы, ғарышқа алғаш ұшқан Ю.Гагарин туралы қызықты ақпараттар білдік.

Сапарамыздың үшінші күнінде Жаңақорған ауданындағы ортағасырлық Сығанақ қалашығына бардық. Сырға толы Сығанақ қалашығы туралы керемет аңыздарды тыңдап, осындағы археологиялық қазба жұмыстарына куә болдық. Қайтар жолда Шиелі ауданындағы Нартай Бекежанов атындағы музей мен Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейін араладық.

Төртінші сапарымыз Қызылорда қаласы болды.Аты аңызға айналған Қорқыт атамыздың құрметіне қойылған мемориалды ескерткіш кешеніне жолға шықтық. Кешен облыс орталығынан онша алыс емес екен. Өзі үлкен тас жолдың бойында.
Алыстан көрінген ескеркіш кешен шынымен де ғажап екен. Ол жердегі музейден біз Қорқыт Ата туралы аңыздар тындап, әлемдегі түркі елдеріне ортақ ойшылдың өмір жолымен таныстық. Музей қызметкері экскурсовод Айгүл Бекмаханова апай ұлы музыкант, ойшыл бабамызға қатысты қызықты деректер, аңыз-әпсаналар айтып, мұндағы құнды экспонаттармен таныстырды.

Қорқыт Ата мемориалды кешеніне кіргеннен өзімді ерекше сезіндім. Кешеннің аумағы ат шаптырым жерді алып жатыр. Қобыз пішіндес ескерткіштен желдің соғуымен шыққан қобыздың сырлы үні құлағыма әлі естіліп тұрғандай. Бұл жерде де суретке түстік.

Кешкілік Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» кешенінде мәнерлеп сырғанаудан жас қызылордалықтардың өнерін тамашаладық. Өзіміз де коньки тебудің қыр-сырына қанықтық. Қызылордалықтар қонақтарын ереке құрметтейді екен, бізге естелік сыйлар табыстап, салтанатты түрде шығарып салды. Біздің төрт күндік танымдық сапарымызды қызықты етіп ұйымдастырған Қызылорда облыстық білім басқармасына айтар алғысымыз шексіз.

Осылайша, біз қызыққа толы қысқа мерзім ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының оқушыларға арналған «Өлкетану» жобасы аясында Сыр өңірінің шежіресіне қанықтық. Енді Сыр елінің мәдениеті мен тарихын, киелі жерлері туралы көрген-білгенімізді ата-ана, достарымызбен бөлісетін боламыз. Өйткені, бізде әсерлі естеліктер көп.
«Қызылорда облысындағы Қазақстанның киелі жерлеріне саяхат» республикалық өлкетану акциясына келген жас саяхатшылардың атынан ризашылығымды білдіремін.

 

Бибақыт Ерсайынова

Тұран университеті

3 курс студенті


ПІКІР ҚАЛДЫРУ