Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы
№8 «Қонжық» ортаңғы тобына арналған
Күні, айы, жылы: 03.05.17ж.
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Тақырыбы: 5 саны және цифры. Заттың пішінін геометриялық фигуралармен сәйкестендіру.
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды 5 санымен және цифрымен таныстыру, 5 санының пайда болуы, оның құрамымен таныстыру.
Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін ойлау қабілеттерін математикалық тілін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру. Балалардың ой-өрісін ойлау қабілеттерін математикалық тілін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: геометриялық пішіндер туралы білімдерін толықтыру, бір-біріне қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: 5 саны, цифры.
Көрнекілік: суреттер, сандар.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру.
Қостілділік компонент: бес — пять
| Қызмет кезеңдері 
 | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың қызметі | 
| Ұйымдастырушы-оятушылық кезеңі 
 
 
 | Психологиялық дайындық. 
 Шаттық шеңбер: 
 | Балалармен бірге шеңберге тұрып, өлең шумақтарына сәйкес қимыл-қозғалыстарды орындау. | 
| Ұйымдастырушы ізденушілік кезеңі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 | — Балалар қазір математика сабағы, 5 саны мен цифрымен танысамыз. 
 — Балалар біз математика сабақтарында не үйрендік? 
 — Біз қалай санаймыз сандарды? 
 — Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер? — Балалар қане маған 5-ке дейін санап беріңдерші. 
 — Ал енді кері санаймыз 5,4,3,2,1. 
 — Енді біз 1,2,3,4 сандарымен толық танысқанбыз. Ал , қазір 5-санының құрамымен танысамыз. 
 — Балалар біз санды естиміз , айтамыз, ал сол санды цифрмен белгілейміз. Тақтаға 5 санын жазып көрсету. 
 
 — Ал енді 5 цифрын ауада жазайықшы. 
 — 5-ке дейінгі санамақты айту 1 дегенім – бірлік, 
 2 дегенім – еңбек, 
 3 дегенім – үміт, 
 4 дегенім – талап, 
 5 дегенім – білім 
 Білім жарық күнің. | — Балалар мұқият тындайды. 
 
 — Санауды, геометриялық пішіндерді, уақытты бағдарлауды үйрендік. 
 — Сандарда тура және кері санаймыз. 
 — Төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, сопақша. 
 -1,2,3,4,5. 
 
 — 1-ді 1-ге қосу керек. 
 — 1-ді 1-ге қосқанда 2 болады. 
 — 5 саны бірліктерден тұрады. 
 — 5 саны 5 бірліктен тұрады. 
 — Балалар бәрі бірге санайды. 
 — Ауада жазады. 
 
 — Балалар тәрбиешімен қайталап, жаттайды. | 
| Рефлекстік түзету кезеңі 
 
 
 Қорытындылау 
 Өзін-өзі бағалау 
 
 | Сергіту сәті: 
 
 Сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылау. 
 
 Сендер жақсы жауап бердіңдер, шапалақтау. | Балалармен бірге қимыл- 
 қозғалыстарды орындау. 
 | 
Күтілетін нәтиже: Зейіндерін қойып тындау.
Білу керек: Сандарды, сандар бірліктен тұратынын білулері керек.
Түсінігі: 5 санын, цифрын түсінді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: 5 санын, цифрын және 5 саны бірліктерден тұратынын меңгерді.
Тәрбиешінің аты, тегі Гүлайым Аубакирқызы.
 
            



