Франция баспасөзінің негізі 17 ғасырда пайда болды. Ең алғашқы газет 1604 жылы жарық көруі – Франция баспасөзінің алға жылжуына ерекше ықпал етті. Тек өз жерінде ғана емес, газет шығару ісін Еуропаның бірқатар мемлекеттеріне, соның ішінде Түркияға кеңінен таратты. 4 ғасырға жуық тарихы бар Франция баспасөзінің бүгіні де, келешегі де жарқын. Қазіргі таңда Францияда 100-ға жуық апталық басылымдар шығып тұрады. Жаңа медиаға көшу үдерісі жүріп жатқанымен, ол бұл мемлекеттегі дәстүрлі медианы ысырып тастай алмады. Халықтың бәрі жаңалықтарды газеттерден оқығанға үйреніп қалған. Сол себепті апталық газеттер көптеп шығарылады.
Бүгінгі француз журналистикасында ашықтық, еркіндік сезіледі. Бұл мемлекетте журналистерге айрықша құқық берілген. Журналист пен шенеунік соттасқан жағдайда журналистің жеңу мүмкіндігі жоғары. Сондықтан да, журналистер қателесуден қорықпайды. Ашықтық дегенімізге тоқталып өтер болсақ. Мәселен, біздің мемлекетіміздің парламентте талқыланған жиындардың кейбіріне ешқандай журналистер шақырылмаса, Францияда керісінше, басы – қасында журналистер жүреді. Кез келген қоғамдық шараларға атсалыса алады. Бұл мемлекет баспасөзінде «Цензура жоқ» деуге де болады. Әлемдік рейтинг бойынша бұл мемлекет цензурасыз мемлекеттердің қатарына кіреді. Журналистиканың салалық түрлері өте жақсы дамыған. Сары басылымдардың үлес салмағы өте жоғары. Сенсациялық жаңалықтарға жаны құмар. Бұл елдің баспасөзінің тағы бір ерекшелігі – кез келген жаңалықты сарказм арқылы жеткізу, әжуә ету. Оған дәлел Қазақстанға келген Францияның үкімет басшысына жапқан шапанды келеке ету, тағы сол сияқты.