А.Байтұрсынұлы олимпиадасының аяқтаулына 2 күн қалды

0
1956
Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайтында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ІІІ Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қашықтық олимпиадасының жалғасып жатқанын хабарлаймыз. Олимпиаданың аяқталуына 2 күн қалды.

Олимпиада қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5-11 сынып оқушылары арасында және педагог мамандар арасында өткізілуде. 

Олимпиада ережесімен таныс болыңыз. 

Олимпиадаға 30 сәуір күні де қатысуға болады. Бірақ жоғары балл алған қатысушылардың арасында берілетін төсбелгі мен бағалы сыйлық иегерлері сағат 18:00-ге дейін өткен қатысушылардың  нәтижесімен алынады. Қорытынды нәтиже, яғни, сыйлық иегерлері 3 мамыр күні сайтқа жарияланады. 

Төлем жасап, олимпиадаға қатысып үлгірмеген қатысушылар үшін 1,2 мамырқосымша уақыт беріледі. 

Олимпиадаға қатысушыларға сәттілік тілейміз. 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ