А. Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңіндегі қазақ халқының психологиясын талдап жазыңыз

0
1542
Freepik.com

«Қазақ салты» өлеңі қазақ халқының Ресейге бодан болуының негізгі себептері, нақтырақ айтсақ қазақтың өзіне тән кемшіліктері түсіндірілген Ахмет Байтұрсыновтын ой-толғауларының нәтижесі.

Автор өленде өзінің сыни көзқарасын нақты айқындаған. Қазақтың қаранғылығын сөз еткен. Әйтсе де, өз халқына деген жанының ашуы, өкініші, мұңы сезіледі. Ахмет Байтұрсынов бұл өлеңінде қазақ халқының менталитетінің жағымсыз жағын, санылаусыз салтын ашып жазды.

Қазақтың ұйымшылдығының, ауызбіршілігінің жоқтығынан бір-біріне соқтығып, алауыз, қырық-пышақ болып жүрген кезде, сырттан келген орыстың алдап қазақ жерін басып алғанын сезбей де қалды. XVIII ғасырдан бастап бытырап, өз елінде бірлігін жоғалта бастаған қазақ халқының ХХ ғасырға таман жағдайының қиындай түскенін «…Кіреді тентек есі түстен кейін, Мүшкілін халіміздің жаңа білдік»,-деп жеткізеді. Бұл өленде қазақ халқының саяси санасының төмендігі сезіледі. «Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,

Теңізде жүрміз қалқып кешпесі жоқ. Жел соқса, құйын қуса жылжи беру Болғандай табан тіреу еш нәрсе жоқ»,-деген үзіндісінен басшысы жоқ, бір орталыққа бағынған мемлекеті жоқ қазақ халқын, шығысында айдаһардай айдарлы, солтүстігінде аюдай алпауыт мемлекеттер тұрса да, саясатқа басын қатырмай, өз ішінен жік жікке бөлініп жатқан қазақ халқын көреміз.

Әрине сол кезеңдегі қазақтарды үзілді кесілді қаранғы деп айтуға болмас. Небір дарынды тұлғалар болғаны жоқ, бірақ ауыл молдасының берген білімімен шектеліп қалған, тіпті оқымаған, сауаты нашар қара халықтың басымдығы қазақ халқын артқа тартты.

Міне, автордың жеткізгісі келген ойы, қазақтың кемшілігі осындай. «Қазақ салты» өлеңінде Абайдың ой-толғауларын еске салатын образдар бар, сондықтан бұл өлен сыни көзқараспен жазылған деп айтуға болады.

Бұл хакім Абайдың ақындық дәстүрінің жалғасы, Ахметтің жан айқайы. Ол осы туындысымен XIX-XX ғасырдағы қазақ халқының жағдайын толықтай жеткізе алды.

Ұқсас материал: 

  1. Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз
  2. Сал-серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын жазыңыз
  3. Жаяу Мұсаның қиянатқа жазылған “Ақ сиса” өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңдар
  4. Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз
  5. Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз
  6. Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
  7. «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі
  8. Ғасырлық туынды. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы
  9. «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пея­сы туралы түсінік (І том)
  10. Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы»,«Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз
  11. Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз
  12. Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз


ПІКІР ҚАЛДЫРУ