Балуан Шолақтың «Ғалия» өлеңіндегі ғашықтық сезімін жеткізуге қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз

0
2794
Иллюстрация: Freepik.com

Балуан Шолақтың өмірінде үлкен орын алатын адамның бірі Ғалия. Өткені, Балуан Шолақтың аты аталған жерде Ғалия еске түспей қоймайды.

Тағдыр қос ғашықтың арасын қанша бөлсе де, тарихта Шолақ пен Ғалияның есімдері қашанда бірге аталады. Сол Ғалия деген ғашықтық сезімі қала өрбиді?

Балуан Шолаққа Алла сан қилы өнер берген. Ақындығы да ғажап. Ғалия – оның шын ғашығы. Ғалия жастай қайтыс болып кетеді. Қазір ол бір аңыз әңгімедей айтылып жүр. Бірақ бұл ән мақтаныш үшін емес, композитор ретінде атын әйгілі ету мақсатында да емес, шынымен де оның жанынан, жүрегінен шыққан туынды болатын.

Бір сөзбен айтқанда жүректен шыққан туындысы. «Ғалия» әндерінің сөзіне назар аударсаң , Балуан Шолақтың бүкіл өмірі, тарихы баяндалып тұрғандай көрінеді.

Балуан Шолақ Ғалияға арнап бес түрлі арнаған дейді халық. Әр өңірде оның айтылу иірімдері ерекше. Ғалияның сұлулығын, оған деген ерекше ілтипаты мен сүйіспеншілігін, сезімін аңғаруымызға болады. Сөзіме дәлел ретінде өліңнің мына үзіндісін ұсынамын:

Айдың көзін жалт еткен бұлт алсын,

Бүйте берсең діңкемді құртасың.

Биылдан қосылған Ғалия жан,

Қай қылығын қалқаның ұмытарсың.

Айым да сен, Ғалия, күнім де сен,

Оң қабағым тартады күлімдесең, — деп оған деген махаббат жалынын білдірген.

Сөзсіз бұл Балуан Шолақ ғұмырындағы естен кетпес ең әдемі щақтардың бірі. Себебі, оның Ғалияға деген ғашықтығы – шын ғашықтық. Ғашық жүрекке әмір жүрмейді. Шолақтың да әмірі жүрмеген.

Қайта ғашықтық әміріне құлдық етіп, осындай ғажайып туындыны дүниеге әкелген. Нағыз махаббатың символыретінде Шолақтың «Ғалия» әні бізге және келешекке мұра.

Сүйіспеншілік – Балуан Шолақ өліңінің өзегі, қаны, жаны, бүлкілдеп тұрған жүрегі.Ақынды ақын қылатын да – махаббат, ғашықтық. Гүл болмаса, бұлбұлдың сайрамайтындығы сияқты, ғашық болмаған ақын да жырлай алмайды.

Сол себепті махаббат – адам өмірінің мәні десем артық айтқаным емес.

Ұқсас материал: 

  1. Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз
  2. Сал-серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын жазыңыз
  3. Жаяу Мұсаның қиянатқа жазылған “Ақ сиса” өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңдар
  4. Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз
  5. Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз
  6. Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
  7. «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі
  8. Ғасырлық туынды. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы
  9. «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пея­сы туралы түсінік (І том)
  10. Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы»,«Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз
  11. Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз
  12. Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз


ПІКІР ҚАЛДЫРУ