А.Құнанбаевтың 18,21,29 қарасөздеріне талдау жасау

0
1637
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ
Тақырыбы
А.Құнанбаевтың 18,21,29 қарасөздеріне талдау жасау
Сыныбы 10 «А»
Пән мұғалімі Исхакова Базаркуль Кемелбаевна
Пәні Қазақ әдебиеті
Мақсаты А. Құнанбаевтың қарасөздері туралы өз білімдерін оқушылардың өздерінің анықтауына мүмкіндік беру. Қарасөздің мағынасын ашып талдауға, өмірмен байланыстыруға, өзіндік ой қорытындысын жасауға, бір біріне ықпал етуге бағыттау. Бір бірінің жауабын шынайы бағалауды қалыптастыру
Күтілетін нәтиже А. Құнанбаевтың қарасөздері туралы өз білімдерін оқушылардың өздері анықтауларына мүмкіндік алады. Қарасөздің мағынасын ашып талдайды, өмірмен байланыстырады, өзіндік ой қорытындысын жасайды, бір біріне ықпал етеді. Бір бірінің жауабын шынайы бағалайды
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
топпен жұмыс, АКТ, өзін-өзі бағалау, постермен жұмыс, «Теңгерім дөңгелегі» әдісі, «Сана-сая жолы» әдісі
Ресурстар А.Құнанбаевтың суреті, Абай шығармалары, оқулық, интерактивті тақта, тақырыпқа қатысты слайдтар, бағалау парақтары
Уақыты Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
2 мин Кіріспе

Сәлемдесу

Топқа бөлу

Сергіту сәті

Оқушылар топқа бөліну кезінде тәртіп сақтайды. Сергіту сәтіне белсене қатысады.
3 мин Қызығушылығын ояту
Абайдың бірінші қарасөзін тыңдату

Балалар, Абай қарасөздерін қандай мақсатта жазыпты?

Шәкәрімнің «Жастарға» өлеңінен үзінді оқу

Бұл Абай саудагер ғой ақыл сатқан,

Әр түрлі асылы көп өтпей жатқан.

Тегін білсең – аласың, бос береді,

Тұтасынан ешкім жоқ мұны тапқан…

-Балалар, Абайдың мына суретімен бала күнімізден таныспыз. Ал мына сурет Абайдың 24 жасында 1868 жылы Омбыда Кесслер деген неміс фотографы түсірген суреті

2 мин
«Теңгерім дөңгелегі» әдісі

Оқушыларға «Теңгерім дөңгелегі» әдісі беріледі. Тақтада және теңгерім дөңгелегінде төрт сұрақ жазылып тұрады

(Теңгерім дөңгелегі таратылады)

Теңгерім дөңгелегі

1.Оқығанмын, онша есімде жоқ

2.Оқыдым, ой елегінен өткіздім.

3.Оқыдым, талдадым,негізгі ойды анықтадым.

4.Оқыдым,талдадым,негізгі ойды анықтадым, ой түйдім.

Оқушылар осы сұрақтар бойынша білім деңгейлерін анықтап, теңгерім дөңгелегіне белгілейді
15 мин

Постермен жұмыс

Өзара бағалау

Үш топқа үй тапсырмасы бойынша постерлерін қорғау тапсырылады және берілген критериилер бойынша бағалау ұсынылады (Үш балдық жүйе бойынша)

1-тoптың тапсырмасы Абайдың 18 қара сөзі

1-топтың тапсырмасы Абайдың 21 қара сөзі

1-топтың тапсырмасы Абайдың 29 қара сөзі

Топтар өз тақырыптарын постер арқылы қорғайды, келесі топтың жұмысын бағалайды

Бағалау критерийлері ұпайлары
1 Топтың тәртібі мен белсенділігі
Уақытты тиімді пайдалану
2 Постердің тақырыпқа сай және көркем безендірілуі
3 Таңдалған эпиграфтың қарасөзге сай болуы
4 Қарасөзде айтылған негізгі ойды анықтау деңгейі
5 Қарасөздің мағынасына сай келетін Абай өлеңдерін оқу
Жалпы ұпай
6 мин
«Сана сая жолы» әдісі Сабақта талқыланған Абайдың қөарасөздерге қайшы келетін ой жазылған сөйлемдер беріледі. Әр топтан бір оқушы шығып, өз ойына жақынын таңдайды Осы оқушының ойын өзгерту үшін оны Сана сая жолынан өткізеді
2 мин мин «Теңгерім дөңгелегі» әдісі Оқушыларға сабақтың басында толтырған теңгерім дөңгелегін қайта қарау ұсынылады Оқушылар теңгерім дөңгелегін қайта қарап, алған білімдерінің деңгейін анықтайды
5 мин

«Жеміс жинау» әдісі

Өзін өзі бағалау әдісі

Әр топқа үш корзина беріледі Оқушылар бүгінгі сабақтан алған жаңа білімдерін айтып отырып, жемісті салады. Қай топтың жинаған жемісінің саны сол топтың оқушыларының алған білімінің дейгейін көрсетеді Оқушылар бүгінгі сабақтан алған жаңа білімдерін айтып отырып, жемісті салады. Қай топтың жинаған жемісінің саны сол топтың оқушыларының алған білімінің дейгейін көрсетеді
5 мин Рефлексия Оқушылар сабақ туралы ойларын жазып қалдырады
Үйге тапсырма «Мен қандаймын?» тақырыбында ойтолғау жазу Балалар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады
Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ