Мектеп мұғалімдерінің кәсіби деңгейін көтеру, құзыреттіліктерін арттыру бағытындағы басымдықтарды талдау

0
3343
Менеджмент қағидасында мектепішілік басқару дағдыларын жетілдіру, педагогикалық квалиметрия әдістері

Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет.

Ш.Уәлиханов

Әр жұмыс бағыты ақылды тұжырым, зерделі ой, терең толғанысты қажет ететіні өз алдына, әр диалог тағылым мен адам өміріне қажетті саналы пікір, мағыналы мазмұнға толы болуы керек.

Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, білім жүйесіне жаңа өзгерістер енгізу мақсатында құрылған «Педагогикалық шеберлік орталығының» бағдарламасын мектепке енгізуді қолға алып, басшылық жасадым. Заманауи әдістерге көшу жауапкершілігін сезіндім. Мектеп мұғалімдері жалпы мектептің оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізу және әріптестермен қарым – қатынас жасаудың жаңа әдіс – тәсілдерін үйрене бастады.

Біздің ең басты міндетіміз – мектептің жұмысын жүйелі түрде жүргізу. Олай болса, мектептің даму жоспарын  жасауда қандай қадамдарды қалай жүзеге асыру керек және одан қандай нәтижеге жетуге болады деген нақты сұрақтар төңірегінде жұмысшы, яғни өзгеріс енгізу тобымен талқылау жүргізілді.

Мұғалімдер бірінші кезекте көшбасшылық, қоғамдастық, коучинг, менторинг, Lesson Study, кері байланыс, формативті  және суммативті бағалау, іс — әрекеттегі зерттеу т.б. жаңа ұғымдармен танысты [1]. Бұл бағдарлама арқылы топпен бірлесе отырып жұмыс істеуге, өз білгеніңді практикалық және теориялық тұрғыдан дәлелдеуді үйренді. Уақытты тиімді пайдаланатын, проблемаларды шешу жолдарын бірге іздестіретін мұғалімдердің керек екенін ұқтым. Идеяларын ортаға салатын әріптестерімнің құнды пікірлерінің маңызды екенін түсіндім.  

Мектепте құрылған қоғамдастық жұмысты жақсартуға, жоспарланған іс — шараларды іске асыруға, талдауға, мониторингілеуге септігін тигізеді. Яғни, өзгертулер енгізуге қуатты қозғаушы күш қалыптасатын болады. Мектепте жұмысшы топты құру кезінде ынтымақтастық ортаның қалыптасуына мүдделі болған едім. Ынтымақтастықта жұмыс атқара отырып, мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен құзіреттілігін дамытуға оң ықпал жасауға болады деп ойлаймын.

Алдағы уақытта коучингтер, тренингтер, практикалық семинарлар ұйымдастыру қажет деп есептедім. Коучинг сабақтарының басты мақсаты әріптестерімізді оқыту болса, олар арқылы оқушыларды оқыту, оқытудың тиімділігін арттыру, оқушылардың белсенділігін жетілдіру болмақ [2]. Ендеше болашақта өтетін іс-шаралардың сапалылығына мән беру қажеттілігі туындайды. Семинар, конференциялардың әсерінің аздығынан көрініс тапқан проблемаларды және оларды шешу жолдарын, дамыту салаларын  сатылай жоспарлау арқылы шешуге болады деп ойлаймын.

Оқыту семинарларының жоспары

Тақырыбы:  Диалогтық оқыту арқылы сыни ойлау дағдыларын қалыптастыра отырып, білім сапасын жақсарту жолдарын нақтылау.

Мақсаты: Бағдарламаның 7 модульдеріндегі идеяларды әлеуметтік — сындарлылық көзқараспен тығыз байланыстыру арқылы мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру, құзыреттіліктерін арттыру. Өзгеріс енгізу тобының жұмысына жан- жақты қолдау көрсету.

Стратегиялық басымдықтар Күтілетін нәтиже және табыс критерийлері
Мұғалім Оқушы Басшы
Оқытуда топтық жұмыстарды қолдану және коллаборативті орта құру. Оқытуда жағымды психологиялық атмосфера қалыптастырады. Өздерін еркін ұстайды, сенімділіктері артады.

Әріптестеріне кеңес береді, қолдау көрсетеді.

 

 

Диалогтық оқыту арқылы сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді үйренеді. Оқушыларды

өз ойын еркін жеткізуге жетелейді.

Cабақ барысында қойылған сұрақтарға СТО-ға дағдыланады .

Оқытуды жақсартуға қажетті тиімді әдістерді ұсынады. Әлеуетті арттырады.

 

Оқыту барысында оқушылардың құзыреттілік (коммуникативтік) дағдыларын дамыту. Айналасындағы және оқшауланған адамдармен қарым — қатынасын, әр топтық жұмыстағы жәйттармен біте қайнау дағдыларын қалыптастырады.

Танымдық іс-әрекеттегі мотивациясы артады. Жекелеген пәндерге  қызығушылығын оянады.

 

 

Әдістемелік нұсқау- кеңес береді.

 

ҚМЖ және ОМЖ-ды диалогтық  оқыту  негізінде құрастыру.

 

Оқыту үрдісінде тізбектелген сабақтар топтамасының ОМЖ-ны құру арқылы өткізеді.

SMART мақсат

тәжірибелерімен алмасады.

Сабақтарды ОМЖ, ҚМЖ арқылы өткізген кезде өздерінің атқаратын міндеттерін нақты біледі.

 

Үздік сабақ жоспарларын дәріптейді.
ОҮБ-ны топтық жұмыстарда қолдану. Формативті бағалау мен бағалау критерийлерін (өлшемдерін) енгізеді. Өзін — өзі бағалауды өзгелерді үйренеді. Сыни бағалау тәсілдерін де қарастырады.

Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану.

 

Әр сабақта АКТ-ны және сандық технологияларды тиімді пайдалануды біледі. Сабаққа қатысты ақпаратты алу, сақтау, ұсыну жолдарын үйренеді. Ақпаратты интернет желісінде педагогтардың пікір алмасуына қатысады.

Мұғалім — ата-ана — оқушы арасында тиімді диалогтық қарым-қатынас орнату.

 

Ата-ана мен оқушыға сенімі артып, араларында  ынтымақтастық қатынас орнайды. Оқушылардың сөйлеу мәдениеті, жауапкершілігі артады. Коллаборативті орта қалыптастырады.

Мұғалімнің көшбасшылығын  дамыту.

 

 

 

Бағдарлама идеяларына негізделген өз тәжірибелері туралы ой тұжырымдарын ұсынады. Шығармашыл ұстаздан шығармашыл шәкірт тәрбиеленеді.

Тұрақты даму үшін  жаңашылдықты қолдайды.

 

Оқушылардың  өзін-өзі басқару дағдыларын дамыту.

 

 

Оқушыны серіктес ретінде құрметтейді.

Оқушыларды тыңдап, бірлесе шешім қабылдауға үйренеді.

Оқушы қатесіне кешіріммен қарайды.

Зерттеушілік жұмыстарды оқу үрдерісінде қолданады. Өз ойын еркін жеткізе алады.

Қателесуден қорықпайды.

Оқушы үнін ескереді.Ынталандырады, жағдай тудырады.

 

Желілік қоғамдастық аясын кеңейту. ЖҚ-та педагогтармен пікір алмасу арқылы жұмыстарын жақсартады.  Байланыс аясын кеңейтеді. ЖҚ-та ұзтаздарынан қажетті мәліметтерді уақтылы алады. ЖҚ арқылы МДЖ  іске асырылуын жетілдіреді. Болашақты болжайды.

 

Жоғарыдағы басымдықтарды негізге ала отырып, осы бағытты таңдау себебім: деңгейлік курс барысында оқып — үйренген әлемдік озық педагогикалық технологияларды мектеп тәжірибесіне енгізу арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктілік деңгейін көтеру.  Бағдарламаның 7 модуліндегі идеяларды әлеуметтік — сындарлылық көзқараспен тығыз байланыстыру арқылы мұғалімдердің құзыреттіліктерін арттыру. Өзгеріс енгізу тобының жұмысына жан- жақты қолдау көрсету.  Себебі, осы уақытқа дейін деңгейлік курстарды тәмамдаған  мұғалімдердің жұмысы дұрыс ұйымдаспаған болатын. Әр мұғалім өз деңгейінде шама шарқынша жұмыс атқарып келді. Өз тәжірибелерімен бөлісу және оны жақсарту жайлы мүлде сөз болған емес. Тек ұжым алдында педагогикалық кеңесте өз таныстырылымдарымен ғана шектелді. Ендігі жерде сол мұғалімдер арқылы ұжым мүшелерін тарту. Оқытуда жағымды психологиялық атмосфера қалыптастыра отырып, үнемі үйренгісі келетін адамдардан коллаборативті орта құруды негізге алдым. Айналасындағы және оқшауланған адамдармен қарым — қатынасын, әр топтық жұмыстағы жәйттармен біте қайнау дағдыларын қалыптастыруды көздедім.

Осы мақсатта деңгейлік курстан өтіп келген мұғалімдерден құрылған өзгеріс енгізу тобының жұмыс жоспары жасалды. Олардың іс — тәжірибесін тарата отырып, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау. Мұғалімдердің біліктілігін арттыруда тәлімгерлік жұмысты жалғастыру. Оқыту мен оқудағы  жеті модульді сабақтарында қолдану. Құзыреттілік — маманның тиісті сапа деңгейі мен тиісті жағдайдағы кәсіби қызметін тиімді және кепілді атқаруына қажет жеке қасиеттер жиынтығы [3].

Құзыреттіліктері бойынша бөлінген топтарға тағайындалған коучтер әр пән бойынша тәжірибелі, алғыр мұғалімдерді анықтап оларды мұғалімдердің кәсіби дамуына ат салысу үшін көшбасшы тағайындалды. Бағдарламаның негізгі идеясы – әрбір адамның өз ортасында көшбасшылыққа қол жеткізу мүмкіндігі. Көшбасшылық мектептегі ұйымдастыру жұмыстарына және оқушыларды оқыту сапасына айтарлықтай ықпал етеді. Оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін әріптестер арасында бір- бірінің сабақтарына қатысу жұмыстары да жолға қойылды. Бұл өз кезегінде тәжірибе алмасу, кәсіби даму. Мұғалімнің кәсіби дамуын жоспарлау, бірлескен оқуды ұйымдастыру арқылы оқытушы көшбасшылықта белсенді рөл атқаруға тиіс.

Фокус топтары арасында «Топтық жұмысты ұйымдастыру түрлері»,«Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытудағы диалогтық оқытудың рөлі», «Оқыту үшін бағалау»,  «Оқыту мен оқудағы АКТ-ны пайдаланудың тиімділігі»,  «Қысқа және орта мерзімді жоспарлар құрастыру» тақырыптарында коучингтер өткізілді. Оларды өткізу барысында топ құрамы тұрақты болмады. Себебі, екі ауысымда жұмыс жасайтын мұғалімдер не кешігіп, не аяғына жетпей шығып кетіп жатты. Сондықтан, екі ауысымның арасындағы 45 минут уақытты немесе сенбі күнді пайдаландық. Мен өз тарапымнан әрбір әдістемелік бірлестіктеріндегі проблемалар төңірегінде тақырып таңдағанды жөн көрдім.

Мектебімізде өткізілген  15 мұғалімнің  топтық сабақтарына  қатыса отырып  оқушылардың  бойынан біраз өзгешеліктерді байқадым. Олардың оқуға деген ынтасының артуы, топпен жұмыла жұмыс істеу, бір-бірін  тыңдап пікірлер айтуы, бір-біріне формативті баға беруі, ынтымақтық ортаның қалыптасуы жұмысымыздың алғашқы жағымды тұстары деп есептеймін. Оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру үшін оларға кері байланыс  пен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болу керек. Әр оқушының  бойынан жақсылық көре білсек, іздей білсек,  бұл біз үшін  жақсы болмақ. Оқушы оқу үдерісіне  белсенді қатысқанда  ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізеді . Мұғалім сабақ үстінде оқушылардың оқуға ынтасы мен жоғарғы және сәйкес деңгейлерге қол жеткізуге ұмтылатындай қолайлы орта қалыптастыруы қажет екендігін білдім.

Пікір алмасу, сауалнамалар арқылы мұғалімдер арасында кері байланыс, бағалау мәселелеріне баса  назар аудару қажет деп есептедік. Әрине, өткізілетін коучингтердің тақырыбының қажеттілікке сай, мұғалім сұранысын қанағаттандыратын тақырыптар болуына мән беру маңызды. Сонымен қатар жоспарлау бойынша, сабақтың міндеттері, оқушыға бағдарланған жаттығулар топтарда жұмыс істейтін оқушыларды тартатын іс- шара — оқыту үшін бағалау. Оқыту, сұрақ қою мүмкіндіктері, тәртіпті басқару, оқуға бағытталған  әңгіме, табыс критерийлеріне сәйкес бағалау, мұғалім оқушыларға өздерін бағалауға  мүмкіндік береді,  кері байланыс, бастапқы байланыс, сыныпта көрсетілім жасау, АКТ- ны меңгеру сабақта тапсырмаларға  таныстырылым жасау үшін, талантты және дарынды оқушыларды дамытады. Жоспар бойынша өткізілген топтық сабақтар осының дәлелі.

Оқушыны  сындарлы ойлауға үйрету үшін ең алдымен мұғалімдерді сындарлы ойлауға үйрету керек. Сыни тұрғыдан ойлау өзінің жұмыс тәжірибесіне  сүйене отырып, өзіндік жеке  ойын, көзқарасын жеткізу, басқаның пікірімен санасу, басқаның көзқарасына  сыни тұрғыдан қарау. Сыни тұрғыдан ойлау шығармашылыққа жетелейді. Мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлауы  өз бойындағы кемшілікті  анықтау, мойындау, оны шеше білуі. Оқушылардың сыни тұрғыдан  ойлауы қажеттілікке негізделген  ерекшеліктер. Ендеше қазіргі заман талабына сай мұғалімдерді , оқушыларды  сындарлы ойлауға үйрету қажет деп есептеймін.

 Оқушылар тарапынан  кері байланыс ала отырып,  бір-бірінің сабақтарына қатысуы арқылы  және Lesson Stydy сабақтарында оқушыны зерттей отырып мұғалімдердің біліктілігі дамитындығына көзім жетті. Ынтымақтастық ортада жұмыс жасап, қоғамдастық аясында өткізіліп жатқан  жұмыстарға қатысуы мұғалімдердің бір-бірімен тәжірибе алмасуына септігін тигізуде. Сондай-ақ  мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде ұйымдастырылған ақпараттық бұрыштың мұғалімдерге тигізер көмегі де зор екен.

Оқыту мен оқуды жақсарту үшін  мектеп өзінің күнделікті әдістемелік жұмыстарының негізгі бөлігі ретінде  коучинг пен  тәлімгерлік жүргізуді дағдыға айналдыруы керек деген ойдамын.

Мектебімізде жас мамандарға тәлімгерлік ету жұмыстары да жаңаша ұйымдастырылды. Ал, деңгейлік курстан өткен мұғалімдер мен тәжірибелі ұстаздардың тәлімгерлік жұмыстары мұғалімдердің ынта -жігерін дамытып, үздіксіз кәсіби дамуларына ұйтқы болмақ.

Балаларды ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. Балалар күннен күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сын тұрғысынан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек [4].

Алдағы уақытта «Қалай оқу керектігін үйренуді» оқушылардың белсенді білім алуы мен оқуды өз бетімен жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны мойнына алуға қалай көмектесуге болатын жолды көрсетуді мақсат тұтамын.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Басшыға арналған нұсқаулық. Frost, 2011, 38 бет.
  2. Ғаламтор материалдары. Sabaq.kz сайты.
  3. ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшылары біліктілігін арттыру бағдарламасы, 23 бет.
  4. Wolfe and Alexander, 2008.

 

Калдыбекова Айнаш Акылбековна

Директордың оқу істері жөніндегі орынбасары

№19 жалпы білім беретін мектеп, Алматы қаласы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ