Ақниет Бектұрғанова: Ол жақта біздегідей «сабақта не тыңдап отырдың», — деп бетіңді қайтармайды

1
798

Түркия мемлекеті білім алуға ең ыңғайлы, жағдай жасалған мемлекеттің бірі. Ол жақтың білім жүйесінің артықшылығы қандай? Түркия мемлекетінде оқу кезінде нені ескеру қажет? Бұл сауалдарға  «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша білім алған «Тұран» университетінің 3-курс студенті Ақниет Бектұрғанова жауап берді.

-Ақниет, уақыт бөліп, сұхбаттасуға келіскеніңізге рақмет. «Түркия» мемлекетінде бір семестр болып келдіңіз. Нақты қай қаласында оқыдыңыз? «Тұран» университеті ұсынған бағдарлама туралы толығырақ түсіндіріп берсеңіз?

-Мен Түркия мемлекетінің солтүстік бөлігінде орналаласқан Кастамону деген қалаға бардым. Анкараға жақынырақ орналасқан. Тарихы өте терең қалалардың бірі. Кейде Кастамону қаласын жастар қаласы деп айтады. Себебі көшеден егде жастағы адамдарды кездестірмейсің.

Көбінесе Кастамонуда жергілікті тұрғындырға қарағанда өзге мемлекеттерден демалуға, біз секілді оқуға келгендер өте көп екен. Кастамону қаласында Кастамону деген бөлік – бөліктен тұратын университет бар. Ол Алматыдағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға ұқсайды. Біз сол жерге оқуға келдік.

Бағдарлама туралы айтатын болсақ: Тұран университетіне түсетін кезде мен түрік тілі қосымша жүретінін білдім және 1 курсты аяқтар кезде ұстаздарымыз «академиялық ұтқырлық» деген бағдарламамен таныстырып, тест тапсырып, бағымызды сынап көруімізді сұрады.

Мен құрбыларыммен ақылдаса келе тест тапсыруға бел будым. Құрбыларымда өз бақтарын сынап көрді. Тест тапсырып болған соң, мен не үшін бұл университетте оқуым керек деген хат жазып жіберу керек болды. Барлығын сәтті жазып болғаннан соң, біз оқудан бөлек жұмыс жасауды бастадық. Себебі біз Кастамону университетіне бір семестр оқуға баратынымызға сенімді болдық. Сол үшін қаражат жинауды бастадық.

-Жеткілікті қаражат жинап бардыңыздар. Түркия мемлекетінде сіздерді кім күтіп алды? Ол жерде сіздердің тұрақты тұратын жерлеріңізді кім қамтамасыз етті?

-Бізді арнайы ешкім күтіп алған жоқ. Себебі бағдарламада күтіп алу, тұратын жер беру деген сияқты мәселелер қамтылмаған. Біз балаша қуанып, алып – ұшып барғанда Түркия бізді жылы қарсы алмады. Ақтаудан жолға шығып, алғашқы тұрақтаған жеріміз Стамбул болды. Стамбулдан түсіп, жүгімізді алатын жерді білмедік. Жергілікті аэропорттағы адамдардан сұрастырып едік, бізге өте дөрекі жауап берді.

Біз қыз болғандықтан қатты абыржып, бірден қайта туған жерімізге оралғымыз келді. Бірақ белді бекем буып келгендіктен бірден шешім қабылдамадық. Біз Түркияға бармас бұрын бір қазақ жігітпен сөйлесіп жүрген болатынбыз. Сол жігіт бізді жақын тартып, Стамбулдан Кастамонуға жетуімізге көмектесті, қайтарда жылы шыраймен бізді шығарып салды.

Кастамону университетіне келіп, жатахана сұрап едік, олар бізді қатты таңғалдырды. Түркия елінде бірінші өз елінің адамдарын қамтамассыз етіп, одан кейін ғана өзге елдерді ойлайтынына көзім жетті. Бізге жатахана бермеді, өзіміздің пысықтығымыздың арқасында жатаханаға ұқсас ақылы жер таптық. Сол жерде оқу аяқталғанша тұрдық.

-Сіздер сияқты Қазақстаннан Түркияға оқуға барғандар көп пе? Түркиядағы оқудың бізден артықшылығы қандай?

-Иә, онда оқып жатқан қазақтарда, оқуға бара жатқан қазақтарда өте көп. Біз Тұран университетінің өзінен 13 адам болып бардық. Бір байқағаным ол жерде әзірбайжандар өте көп және қазақтар да баршылық. Сондықтан Кастамону университетінің оқытушылары бізді «қазақ бандалары» деп те атайтын.

Менің көз қарасым бойынша «Түркиядағы оқудың артықшылықтары» деп атап өтетіндей, бөліп – жарып қарайтындай артықшылық жоқ.

Маған ұнаған жерлері: ол жерде сабақта түсінбей қалған тақырыптарыңды еркін мұғалімнен сұрай аласың, біздегідей «сабақта не тыңдап отырдың», — деп бетіңді қайтармайды. Бір тақырыпты қамтуға тұтас 3 сағатты арнайды. Бірінші сағатында лекция оқыса, екіншісінде тақырыпқа қатысты видео ұсынып, үшінші сағатында түрлі ғалымдардың көзқарастарын мысал ретінде келтіреді. Сондықтан тақырыпты ұқпай қалу деген болмайды.

Сонымен қатар қосымша ақпарат алу үшін интернетке үңілудің қажеті жоқ, өте үлкен 3 қабатты кітапхана бар. Ол жерде қай тілде болсын, қай тақырыпта болсын қалаған ақпаратыңды таба аласың. Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханамен салыстырғанда әлдеқайда үлкен және кітап қорына бай.

Емтихандарында да айырмашылық бар. Қазақстанда бір семестрде 2 аралық бақылай, 1 сессия болса. Түркияда тек 1 аралық бақылау, 1 сессия ғана болады. Бар айырмашылық осы.

-Емтиханда неден қиналдыңыздар? Жақсы нәтиже көрсете алдыңыздар ма?

-Біз грантта оқыған соң, 75 баллдан төмен нәтиже көрсетпеуіміз керек. Сондықтан емтихан бізге өте қиынға соқты. Себебі түрік тілін толық меңгермегендіктен көп ізденіп, көп жұмыс жасауымызға тура келді. Түрік тіліндегі ақпаратты орыс тіліне аударып, оны қазақшаға аударып, түсініп, қайта түрік тіліне аудару, біздің уақытымызды алды және уақытты тиімді пайдалануға үйретті.

Тест тапсырмалары ашық түрде емес, тек жабық түрде, жауап нұсқаларынсыз берілді. Сондықтан 75 баллдан асыру өте қиын болды. Сонда да біз берілмей грантымызды сақтап қалдық!!!

-Сабақтан бос уақыттарыңызда Түркияның қандай көрікті жерлерін араладыңыздар? Қандай көрікті жерлер сізге ерекше әсер қалдырды?

— Иә, біз әр сенбі, жексенбі күндері қаланың көрікті жерлерін аралап, көруге тырыстық. Ең ерекше әсер қалдырғандарының бірі  Каппадокия болды. Таң ертеңгі көрінісін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әуе шарлары көздің жауын алады және тамаша көңіл – күй сыйлайды. Түркияның әр жері әдемі, бір тарих қойнауына түсіп кеткендей әсер қалдырады.Табиғаты да, ғимараттары да бәрі – бәрі керемет.

-Түркияда көрікті жерлерін, оқудағы артықшылықтарын есепке ала отырып, Түркияда оқуды жалғастырғыңыз келді ме? Толыққанды Түркияға оқуға ауысу туралы ой мазалаған жоқ па?

-Біз оқу аяқталып, кететін кезде Түркияның атмосферасына бейімделіп алдық. Көп дос таптық. Аз уақыттың ішінде тұрақты тұрғындарына айналып кеттік десек те болады. Қайтатын кезде шынында да қимастық бір сезім болды. Маған қайта оқуға мүмкіндік туып, бар десе, мен бірден бас тартар едім. Түркия оқитын жерге қарағанда, қыдырып, демалатын жерге көбірек ұқсайды.

-Түркия мемлекетіне барып оқығысы келетін жастарға қандай кеңес бересіз, нені естен шығармағаны дұрыс?

-Түрік халқы өте патриот халықтардың бірі. Олар өз елдерінде ағылшын немесе басқа тілде сөйлеп тұрғандарды онша жақтыра бермейді. Сондықтан түрік тілін толық меңгермей жатып, барудан аулақ болыңыз.

Баяғды  Түрік елінің ер азаматтары «қыз құмар» болады деп жиі еститінбіз. Расында, халық айтса, қалып айтпайды. Шын мәнінде көзім жетті. Сондықтан, бірінші кездескен адаммен ашық сөйлесіп кетуге болмайтынын ескертемін.

Соңғы ескеретін мәселе: баратын кезде материалдық тұрғыда дайын болу керек. Ол жақта дәмді тағамдарға, көрікті жерлерге көп қаражат жұмасайтыныңыз анық.

Сұқбатыңызға көп рақмет! Сәттілік!

 Мәлік Мади Арманұлы
Тұран университеті
3 курс студенті


1 ПІКІР

  1. Ұтымды, әрі пайдалы мағлұматтар бере алдыңыз. Рақмет!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ