Түркілердің әскери өнері (сабақ жоспары)

0
4082

Сабақтың мақсаты:

— 6.2.2.3 көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін сипаттау;
— 6.4.1.2 көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін
анықтау;
— 6.2.1.1 түркілердің дүниетанымдық ерекшеліктерін түсіндіру.

Зерттеу сұрағы
Қытай және араб деректері түркілер туралы қандай ақпарат береді?

Оқулық
Түркілердің әскери өнері. 46–48 беттер.

Ресурстар
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. 3-том. Алматы.
Атамұра. 2010.
История Казахстана с древнейших времен до наших дней (очерк) Алматы. 1993.
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. 1-кітап. – Алматы, 2016.

Тірек сөздер
— соғыс өнері;
— аң аулаудың артықшылығы;
— ғибадатхана;
— Пайғамбар хадисі

Көрнекілік
— Тарихи карта
— Электронды оқулық;
— Тарихи суреттер: Оқулықтың 49-50 беттеріндегі суреттер.

Мақсатты айқындау
Арабтар қалдырған жазбаша деректерге сүйене отырып, соғыс өнерінің осы кезеңде қаншалықты дамығандығын, қандай соғыс тактикасы болғанын және соғысты ұйымдастыру тәсілдерін оқушыларға түсіндіру.

Дамытушылық маңызы — көшпелілердің түріктердің әскери өнерді меңгеруге бейім болуларының себептерін араб және қытай дереккөздері арқылы оқушыларға баяндау, көшпелілердің аң аулау жетістіктерін соғыста пайдалана білуінің маңызын оқушыларға ашып көрсету.

Тәрбиелік маңызы — соғыс өнерінің әрқашан маңызды болғанын, әсіресе араб және қытай деректерінде түркі тайпаларының шайқасы бейнеленгенін, қандай шайқастар болғанын ашып көрсету оқушылардың соғыс туралы білімін шыңдайды.

Сабақтың деректік материалдары
Оқытушы көрнекілік деректерін пайдалана отырып, соғыс өнерінің көшпелілер арасында қаншалықты дамығандығын оқушыларға нақты түсіндіреді, соғыс өнеріне қатысты араб және қытай деректеріне сақталған мәліметтерді ашып көрсетеді.

Әсіресе арабтар қалдырған жазбаша деректерге сүйенсек, қимақтар аңшылықпен де айналысқан. Олар жабайы аңдарды аулап, оларды тамаққа пайдаланғаны көрсетіледі.

Тапсырманы орындау оқушыларды үш топқа бөлу арқылы орындалады.

Бiрiншi топ. Мұғалiмнiң көмегiмен Түріктердің соғысу барысында неліктен жеңіліп қалу себептерін баяндайды.

Екіншi топ. Мұғалiмнiң көмегiмен арабтардың түріктерге тигізген теріс әсері туралы ақпараттарды мәтіннен іздеп көрсетеді.

Үшінші топ. Мұғалімнің көмегімен Мұхаммед Пайғамбардың бір хадисінде ұрпақтарына түркілермен соғыспау туралы өсиетін оқулықтан тауып, оқиды.

Әр топ өз тапсырмалары бойынша постер жасап, оны қорғау.

Сабақтың түрі мен әдісі:
Аралас. Баяндау, пікір алмасу, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабаққа қатысты ескертпелер:

-Көшпелі түріктердің әскери өнерді меңгеруге бейім болуларының
себептерімен;

— Көшпелілердегі аң аулаудың соғыс өнерін жетілдірудегі маңызымен;

— Көшпелілердің отырықшы халықтармен соғысу ерекшеліктерімен
танысамыз.

Бағалау мүмкіндіктері
— Көшпелілердің мемлекеттік құрылымының қандай сипаты болды?
— Арабтар қалдырған деректерде қимақтардың аңшылық өнері туралы
қандай мәліметтер сақталған?
— Арабтардың түрік жеріне басып кіру себебін көрсетіңдер?
— Қытай деректерінде түріктер туралы қандай мәліметтер сақталған?
— Қытайлықтар түріктерді қалай бағындыруды көздеді?

Кері байланыс
Сабақ қызықты болды ма?
Нені түсінбей қалдың?
Менің сабаққа байланысты пікірім.

Оқушы-
ның аты-жөні
Оқушының өз-өзіне қойған
бағасы
Топ басшы-сының бағасы Топтық жұмысқа қатысуы Тапсыр-
маларды орындауға қатысуы
Бекіту сұрақтарына жауап беруі Жиынтық баға

0 – мүлдем қатысқан жоқ. 1 – орташа қатысты. 2- жақсы қатысты. 3- өте жақсы қатысты.

Қосымша тапсырма
1. Оқулық мәтінімен жұмыс.
2. Көшпелілердің әскери өнері туралы қосымша ақпарат іздеу

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ