Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану тиімділігі

0
2508
Иллюстрация: Freepik.com

Мақсаты: Ойын түрлері арқылы оқушылардың сөйлеу, ойлау, жазу іскерлігін дамыту. Шет тілін үйренуге деген ынталарын арттыру. Қарым-қатынас барысында өзін еркін ұстауға тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • оқушы өз бетімен жұмыс істеуді үйренеді;
  • сөздік қоры молайады;
  • зейін қалыптасады;
  • ойын арқылы диалогтік оқыту дамиды;
  • өзін-өзіне сенімділік арттады;

«Адам ұрпағымен мың жасайды»- дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз — оқу. Қазіргі мектеп мұғалімдердің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру, өз ұрпағын өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін педагогикасының негізгі мақсатын әрбір ұстаздын міндеті болып табылады.

Білім беру стандарты бойынша «Ағылшын тілі» пәнінің мақсаты – тұлғалық бағдарланғаны, қызметтік және қатысымдық- когнитивтік келістердің үйлесіміне сүйеніп іріктелген оқытудың мазмұны және оны оқыту жүйесін ұйымдастыру арқылы шешілетін оқушылардың қатысымдық біліктілігін қалыптастыру болып табылады

12 жылдық білім берудегі экперимент сыныптарда ағылышын тілі ерте оқытып жүргізіледі. Ерте  жастан шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, қызығушылығын ұйымдастыруға мұмкіндік береді.

Жалпы ағылшын тілін 8 жастан бастағаны дұрыс. Балалардың ойлау іс-әрекеті мектептке дейінгі ойлау тәрізді, сондықтан оқыту процесінде көрнекіліктерді көп пайдалануды, абстактілі тілдік ұғымдарды еңгізуді талап етеді. Сабақта өтілген жаңа сөздердің мағыналарын, оқылуын, сөйлеуге қолданылуын келесі сабаққа дейін ұмытып қалатын болғандықтан, сабақты есте қалдыратындай қызықты етіп өткізу қажет.

Бұл бір жағынан оқушылардың жас ерекшеліктерімен де байланысты. Бастауыш сынып оқушыларына көңілсіздік әкелетін жаттығуларды ойын түрінде жасағанда, бұл жаттығулар басқаша әсер қалдырып, олардың қызығушылығын тудырады, естерінде сақталады.

Сабаққа қызығушылықты көтеру үшін сабақтың басында міндетті түрде мотивация жасау қажет.

Оқушылардың есте сақтау қабілеттерің тұрақсыздығын ескеріп, оқытуды СТО технологиямен жүргізуді және ойын түрлерін қолдану жөн көремін. Сабақта СТО технологияны қолданамын.

Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіруге дағдыны қалыптастыруға мүмкіндік тұғызады.

Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолдану тиімді:

  • Алфавитті дұрыс меңгеру;
  • Орфографияны дұрыс оқыту;
  • Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру;
  • Лексиканы меңгеру;
  • Оқушының ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту, білу дағдыларын қалыптастыру;

Ойын дегеніміз — жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын — төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденіпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. Ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, epiк сезім түрлерін де дамытады.

Ойын түрлері көп. Соның ішінде бастауыш және орта буын сыныптарда пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойындар т.б. Осылардың ішінде дидактикалық мақсаттағы ойындардың оқыту үрдісінде оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамытуда үлесі зор болып табылады.

Таңдап алынған ойындар оқушылардың сөз байлығына, тіл қорына сай болу керек. Мұғалім кез келген ойынды өткізу үшін алдын-ала жоспар құрып алыу керек. Сонымен бірге мұғалім ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарын біліп орындауы тиіс. Ол әдістемелік тұрғыдан алғанда мынадай бөліктерден тұрады:

  1. Ойынның өтілген сабақтарының мазмұны мен тақырыбына сай болуы.
  2. ойынға берілген уақытты нақты белгілеу.
  3. Ойынның ойналу түрі топ болын ойнау.
  4. Ойынға қажетті материалдарың түгел дайындалып қойылуы.
  5. Қолданылған сөздер, сөз тіркестері, өлең таңдау.
  6. Ойындардың өту барысының жоспарын жасау.

І. “In — out” әдісі арқылы жаңа сөздерді бекіту қолданғаны тиімді

Тақырып: «Жыл мезгілдері», “Season”

                           Summer                                      Winter
   

Мұғалім жаңа сөздерді оқиды, оқушылар Summer  тақырыпқа байланысты сөздерді І кестеге жазады, Winter тақырыпқа  байланысты ІІ кестеге жазады. Жүппен және топпен талдайды ортаға салады.

ІІ. “Comb” ойыны бойынша сөзжасам “KAZAKHSTAN”

p

p

l

e

ІІІ. «Төрт жол өлең» әдісі. Тақырып: “School”

  1. 1 Зат есім
  2. 2 етістік
  3. 3 сын есім
  4. сөйлем (4 сөз)
  5. синоним.

Келесі ойындармен таңыстырғым келеді.

Алфавиттік ойындар: «I know many English letters», «Мен ағылшын сөздерін көп білемін» барлық оқушылар ойында қатысады. Доп арқылы оқушы барлық ағылышын тілінде білетін сөздерді айтады.  Келесі ойын «Әріпті есте сақта», «One, two, three, letter B come to me», Сан есімді өткен кезде, немесе қайталау сабақтарда «Лото» ойыныды өткізуге дұрыс болады.

«Кім не жақсы көреді?» ойында барлық оқушылар қатысады. Жүргізуші ортада жүреді қалған оқушылар кім не жақсы көретін айтады. Мысалы: I like to eat cheese, I like to eat an apple. Жүргізуші:  Nina likes to eat cheese, Omar likes to eat an apple. «Келесі оқушы» оқушылар шенберге отырады. Қызыл және жасыл кубик дайындалады. Музыка қосылған кезде кубикті бір-біріне береді, музыка тоқталған кезде кімнін қолында қызыл кубик сурақ қояды, кімнін қолында жасыл кубик сураққа жауап береді.

«Сөздерді дұрыс жаз» ойыны.

Ойынға қажетті материалдар: тақтаға 2 сөз жазылады: bank, swim. Әр әріптін арасында бос орын қалдырады,  кімде-кім сөзді көп тауып жазса, сол жеңген болып саналады.

І команда – bank, ball, apple, not, kettle.

ІІ команда – swim, son, well, in, mother.

Қазіргі мектептегі ақпараттық құралдарды жетік меңгеру, Power Point, Active Studio бағдарламаларымен жұмыс істеп қана қоймай үнемі интернет жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерді өзінің кәсіби шеберлігіне қолдана білу, білім кеңістігін кеңейту, ашу бағытындағы өзгерістер мен әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге талпыну. Соңғы кезде уақыт көрсетіп отырғандай, мұғаліммен салыстырғанда оқушыда көп ақпарат болатыны кейінгі көрсетілген тәжірибелер дәлелдеп отыр. Қазіргі кезде адамның кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық және танымдылық деңгейіне өмірдің өзі биік талаптар қойып отыр.

Сондықтан әрбір мұғалім өз қызметіне ақпараттық технологияны пайдалана білуі кажет. Бұл мәселе білім беруді ақпаратттындырудың қажетті шартына айналып отыр. Осы мақсатпен дидактикалық ойындарды оқушыларды Active Studioмен сабақтарымда суреттерді сәйкестендіру, суретін салу, керекті суретті орнына қою сияқты ойындары оқушы білімін дамытуға қолданамын, және де суреттер арқылы есте сақтау қабілеттері де дамуына септігін тигізеді.

Сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды қолданамын. Олар: «доппен ойыны» — балалар допты бір-біріне лақтырып тез заттың атын немесе түсін, яғни жалғастыру керек. «Сұрақ қой» ойынында үстелдің үстінде бірнеше заттар жатады, оқушылар әр затқа сұрақ қою керек, «Затты тап» ойынында мұғалім әлдебір затты газетпен жауып, сұрақтар қою барысында оқушылар ол не зат екенін шешу керек, «Сөз құра» — суретке қарап атын атау және осы сөздің бірінші әрпіне сөз құрау керек.

«Дым білмес» ойынында дым білмес тақтадағы сөзді немесе карташадағы санды дұрыс оқымайды, мысалы: мұғалім 20 санын көрсетеді, ал дым білмес It’s twelve десе, сынып түзетіп No, it’s twenty деп жауап беру керек, «Түсті ата» ойынында мұғалім қызыл түсті карташаны көрсетіп « What colour is it ?” балалар  It’s red деп жауап береді . Әр ойын сабақ мақсатына сай қолданыс табады. Бұл ойындар оқушының сөйлеу тілін жаттықтырады, яғни коммуникативтік құзіреттілікті арттырады.

Қимылдары дамуымен қатар ойын барысында өлең, тақпақ жаттайды, мысалы: «colours”, “friends”, “ school”, “family” .

Сонымен қатар оқушы құзыреттіліктерін дамытатындай рольдік, сюжеттік ойындарға үлкен мән беремін. Ойын үстінде бала сұранысы мен мұғалім тапсырмасы өзара ұштасады. Мысалы: «Our house» ойыны. Топ өздері тұрғысы келетін үйдің сұлбасын сызады немесе суретін салады. Одан кейін осы үйді салу үшін материалдарды анықтап алады. Осылайша ойын өмірмен байланыста болып, оқушы құзыреттілігін дамытуға септігін тигізеді.

Бастауышта ағылшын тілін оқытып үйретудегі басты мәселе бүлдіршіндерді пәнге деген қызығушылығынан басталады.  Ол үшін олардың жас ерекшеліктеріне сай оқу кабинеті жабдықталуы қажет.

Қабинетте не болуы қажет:

  1. Әдемі ашық түсті әріптер (алфавит) – стенді.
  2. Жеке- жеке кесілген қалтаға салынатын алфавит.
  3. Магнит тақтасы.
  4. Әр-түрлі үй жинақтары, ойыншықтар, жануарлар мүсіндері.
  5. Түрлі заттардың жеке суреттері.
  6. Кестелер, стендтер.
  7. Құыршақ олардың киімдері.
  8. Магнитафон.
  9. Түрлі ойындар ойнайтын маскалар, сандар.

Балалар ағылышын тілін тек қана мектепте, пән мұғалімінен ғана естіп оқып білуге мүмкіндігі бар. Сынып оқушыларынын арасында әртүрлі отбасынан келген, қабылдау қабілеті әр түрлі және деңсаулығы мен баланын жеке басынан психологиясын да жете білу қажет.

Тәжірибелер жинақтала келе жаңадан жаңа туындайтын сияқты. Америкалық ұстаз Линданың «Оқытудың бұрынғы әдіс — тәсілдері –бүгінгі әдістеріміздің ата –анасы » дегеніндей, жаңа технологияларды меңгеру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Қай сатыда болсын, оқытудың технологияларын таңдап алу және оларды жүйелеу бойынша орта және жоғары сатыда қолданылатын технологияларды төмендегідей етіп топтастыруға болады.

Дәстүрлі түрде білім беретін технологиялар бойынша:
— Деңгейлеп оқыту технологиясы;
— Модульдеп оқыту технологиясы;
Дамыта отырып оқыту технологиясы бойынша:
Сыни ойлауды жетілдіру технологиясы;
Іскерлік ойын технологиясы;

Қабілетті оқушылармен жұмыс технологиясы.
Педагогикалық технологияның қажеттілік, үнемділік, жобалау, бүтіндік, меңгерушілік, түзетушілік, көру, алгоритмділік, мақсатты білім беру деген ұғымдарды өз ауқымына сыйдырады.

Оқушыға жалпы бірдей қалыптасқан, дәстүрлі әдістермен әлемдік деңгейдегі озық технологияларды салыстыра, байланыстыра, өмір тәжірибесіне ұштастыра отырып білім беру, білімге дұрыс бағыттай білуге үйрету — әрбір оқытушының  міндеті.
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім –біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолданудың маңызы зор.

Сабақ үрдісінде оқушыларға ойынның мақсаты мен талаптары, ережесі толық түсінікті болуы өте маңызды рөл атқарады. Ойын әдісі арқылы оқыту олардың, пәнге деген қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады. Жақсы құрастырылған және де үздік әдіспен ұйымдастырылған ойын практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан оқыту тәсілі болып табылады. Ойынға қойылатын талаптар қандай болмақ деген сұраққа төмендегі сызба негізінде жауап беруге болады.

Қазіргі таңда ағылшын тілін білу – заман талабы. Мектеп жоспарында ағылышн тілі пәні бойынша бастауыш сыныптарда апталық ұйымдастыру жақсы жолға қойылылып келеді. Сыныптан тыс іс шара түрлі мазмұнда түрлендіріледі. Оқушылардың білім сапасын жақсарту мақсатында олардың грамматикалық білімін дамытуға көп көніл бөлінеді. Ағылшын тілі апталығының мақсаты оқушылардың пәнге қызығушылығың арттыру.

Оқушылырды сыныптан тыс кезінде шамадан көп жұмыстырды меңгеру үшін алдын ала дайындау. Оқушыларға өлең, тақпақ, мақал-мәтел, сахналық қойылымдарды жаттайды. Және де ең жақсы шыққан газеттерге, ең жақсы салынған суреттерге конкурс жарияланады. Бастауыш кабинеттерде апталық өтү барысын тексеріп отырған арнайы жоғары сыныптардан шығармашылық топ жұмыс істейді. Сонымен қоса апталық өту кезінде мүмкіндігінше ағылшын тілінде сөйлеуге талап ету. Тіл үйренудің негізі бастауыш сыныптан басталатын болғандықтан, осы кезенде оқыту жүйесін, әдісін, жаңа технологияны дұрыс таңдау алдағы уақытта жақсы нәтиже береді деп ойлаймын.

Қорыта келгенде, оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын көтеру болып табылады. Ойын түрлерін пайдалану мынадай нәтижеге жеткізеді:

  • Әр оқушының шығармашылығы артады;
  • Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады;
  • Оқушының жеке қабілеті анықталады;
  • Оқушы топ жаруға ұмтылады;
  • Оқушының ойлау қабілеті дамиды;
  • Әр оқушы өз деңгейімен бағаланады;

Осы бір ғана 45 минутта мұғалім балалармен бірге қызыға жүріп қызықтырып, шараштпай әнмен, тақпақпен, шынықтыру жатығуымен өзінің бір жақсы эмоциялық қасиеттерімен бүлдіршіндерді өзіне тартып отырса сабақ қызықты да тез өтеді, балалар да көп нәрсені үйренеді, үйренуге құштар болады.

Өз ойымды М. Жұмабаевтың мына сөзімен аяқталғым келеді: «Мұғалімнің шеберлігі өзі білген білімі бәрін балаға тез білдіруде емес, еппен білдіруде».

Дереккөз: internet-konkursy.com

Басқа материалдар: 

  1. Ағылшын тілінен ҰБТ тапсырмасы жауабымен (І нұсқа)
  2. Ағылшын тілінен сабақ жоспары. Theme of the lesson: What’s your name? (5 сынып)
  3. Ағылшын тілінен ҰБТ тапсырмасы жауабымен (ІІІ нұсқа)
  4. Ағылшын тілінен сабақ жоспары. Theme of the lesson: Good morning! (5 сынып)
  5. Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ. Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары
  6. Сабақ жоспары: Күләш Байсейітованың өмірі мен қызметі
  7. «Қызықты математика» үйірме жоспары
  8. Ағылшын тілінен ҰБТ сұрақтары
  9. Ағылшыннан ҰБТ тапсырмалары (І нұсқа)
  10. Ағылшыннан ҰБТ тапсырмалары (ІІ нұсқа)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ