Абай Құнанбаев туралы естеліктер

0
1614

М.Әуе­зов­тің «Абайы» – бұл на­ғыз ро­ман, бас­қа­ша айт­қан­да, өмір­дің тұ­тас қыр­тыста­рын қо­пар­ған, тұр­мыс­тың, адам­дар ара­сын­да­ғы құш­тар­лық­тың, ма­хаб­бат пен өшпен­ді­лік­тің ай­қын бояу­лы кар­ти­на­ла­рын жа­са­ған, ең бас­ты­сы – ес­те қа­лар­лық жар­қын об­раз­дар ар­қы­лы ха­лық та­ри­хы­ның өмір­лік про­цес­те­рін жи­нақ­та­ған, құ­ла­шы кең кі­тап.

Лео­нид Со­бо­лев

«Абай жо­лын» оқы­ған­да, ұлы ақын­ның об­ра­зы біз­ді жа­лық­тыр­мауы бы­лай тұрсын, тіп­ті, не нәр­се­ні бол­сын, Абай­ша тү­сі­ніп, Абай­ша се­зі­ну­ге мәж­бүр ете­ді. Абай­ша
шам­дан­бас­қа, Абай­ша шат­тан­бас­қа, Абай­ша жек­көр­мес­ке, Абай­ша сүй­мес­ке, Абай­ша
ой­ла­нып, тол­ған­бас­қа, күй­зе­ліп, те­бі­рен­бес­ке ла­жың жоқ. Абай об­ра­зы­ның елік­тір­гіш,
илан­дыр­ғыш кү­ші, мі­не, осын­да. Әуе­зов­тің Абай об­ра­зын жа­сау­да­ғы ора­сан ше­бер­лі­гі
де осын­да.

Ра­сын­да Абай­дың Тоғ­жан­ға, Әйге­рім­ге де­ген кір­шік­сіз та­за ма­хаб­ба­ты,
Пуш­кин мен Лер­мон­тов­қа елік­теуі, Татьяна об­ра­зын шек­сіз сүюі, Абай ау­лы­на Біржан ақын­ның ке­луі, Абай­дың тол­ғау­ла­ры, оның ке­ре­мет өлең­де­рін ту­ғыз­ған ақын­дық
ша­быт­тың та­ма­ша су­рет­те­рі, ту­ған да­ла­ның ақын кө­зі­мен көр­ген әр кез­де­гі та­би­ғат
кө­рі­ніс­те­рі т.с.с. – Абай­дың із­гі ақын­дық жа­ны­ның ай­на­сы се­кіл­ді, на­ғыз поэ­зия. Мұ­ны
оқып отыр­ған­да, мы­на­дай ой­ға ке­ле­сің: ақын ту­ра­лы, ақын жа­ны­ның нә­зік, құл­пыр­ған
ға­жап құ­бы­лыс­та­ры ту­ра­лы тек ақын ға­на осы­лай жа­зуы мүм­кін! Бұл рет­те Әуе­зов­ті
Абай жа­ны­ның, әсі­ре­се, Абай­дың ақын­дық жа­ны­ның ин­же­не­рі дей ала­мыз.

Мұ­ха­мед­жан Қа­ра­таев

…Абай­ды кү­ні бү­гін­ге шей­ін ұлы ақын деп қа­рап кел­дік. Бұл орын­ды. Орын­ды
бол­са да, жет­кі­лік­сіз. Ұлы ақын өлең сөз­бен бей­не­ле­ген жү­рек сы­рын, те­рең ой­ын тек
ар­ма­ны етіп қал­дыр­ма­ған. Сол үшін кү­рес­кен. Ше­шен­дік, би­лік жо­лы оның ха­лық­тық
са­на-бол­мыс­ты би­ік­те­ту­де­гі не­гіз­гі құ­ра­лы са­нал­ған. Абай – тұ­тас тұл­ға. Оның би
ата­нуы, би­лік­те­рі – тұ­тас тұл­ға­ның күр­де­лі бол­мы­сы­ның бір қы­ры.

Ол «Ұлы да­ла» за­ңын үл­кен қо­ғам­дық күш деп са­на­ды. «Мен егер за­кон қу­аты қо­лым­да бар кі­сі болсам, адам мі­не­зін тү­зеп бол­май­ды де­ген кі­сі­нің ті­лін ке­сер едім» деп жаз­ды.  Абай­дың ақын­ды­ғын би­лік, ше­шен­дік өне­рі­мен ұш­тас­ты­ра қа­рау мін­дет. Сон­да
ға­на ұлы адам­ның ұлы­лы­ғы биігі­нен кө­рін­бек.

Абай­дың өмір­ба­янын, та­рих­та­ғы ор­нын оның би бо­лып ат­қар­ған қыз­ме­ті­нен бө­ліп қа­рау бір­жақ­ты­лық екен­ді­гі ай­қын.  Абай жа­сы­нан қарт­тар­дың қы­зық­ты әң­гі­ме-аңыз­да­ры­на, сөз талас­та­ры­на, ау­ыз  әде­бие­ті­не әуес бо­лып өс­ті. Атақ­ты ел бас­шы­ла­ры­ның, би­лер­дің ке­ңе­сін тың­дау­ды  әдет ет­ті. Әке­сі Құ­нан­бай­дың, бас­қа да то­бық­ты ішін­де ата­ғы шық­қан үл­кен­дер­дің  ой­лы сөз өне­рін, ата-ба­ба­дан қал­ған атау­лы жол-жо­ба, ше­шім, ке­лі­сім, би­лік үл­гіле­рін үй­рен­ді, жа­ды­на құй­ды. Абай ата жо­лын қуа­ды деп оған Құ­нан­бай се­нім арт­ты.

Қар­тая ке­ліп, то­бық­ты ұлы­сы­ның тіз­гі­нін бұ­дан бы­лай да ұс­тап тұ­ру мақ­са­ты­мен
Құ­нан­бай ба­ла­сын Се­мей­де­гі Ах­мет-Ри­за мед­ре­се­сін­де­гі оқуын бі­ті­рт­кіз­бей, ел­ге
ша­қыр­та­ды да, би бо­лып би­лік ай­ту­дың сы­ры­на баули­ды. Оны қа­сы­на ер­тіп Қоян­ды
жәр­мең­ке­сі­не, Қар­қа­ра­лы­ға, та­ғы бас­қа жер­лер­ге апа­ра­ды. Бел­гі­лі ақ­са­қал­дар,
би­лер ке­ңе­сі­не қо­са­ды.

Абай­дың өс­кен за­ма­нын­да би­лер сан жа­ғы­нан көп те, шын ма­ғы­на­да­ғы би­лер
сау­сақ­пен са­на­ған­дай бо­ла­тын. Би ата­ғын атап та бе­ру, са­тып та бе­ру та­ра­ған-ды.
Ау­ыл ба­сы­на ке­мін­де бір би­ді ұлық та­ғай­ын­да­ды. Бұ­рын­ғы, ел бұ­зыл­май тұр­ған­да­ғы
адал би­лер­дің сал­тын, өне­рін, әді­лет­ті­лі­гін, тап­қыр­лы­ғын, ой­шыл­ды­ғын сақ­та­ған­дар
си­рек кез­де­се­тін еді. Со­ның бі­рі Абай бол­ды.

«Сұң­қар дау­сы­мен, тұл­пар ша­бысы­мен» де­ген­дей, Абай­дың тап­қыр­лы­ғы, сөз қи­сы­ны мен ой қи­сы­ны­ның ұш­та­суы, үл­кен­дер­дің ал­дын­да кай­мық­пай ай­тыс­қа тү­се ала­тын­ды­ғы жа­сы­нан-ақ се­зі­ле­ді. «Те­гін емес», да­рын­ды жас екен­ді­гі бай­қау­дан өте­ді. Ел ара­сын­да «Құ­нан­бай­дың Ыбы­райы», кей­де «Құ­нан­бай­дың Абайы» де­ген сүй­сін­ген кө­те­рің­кі ат ке­ңі­нен та­рай  бас­тай­ды. Әділ би, ше­шен би аты көп­ке та­рап, Абай та­рих­та өт­кен ұлы би­лер­дің қа­та­ры­нан са­на­ла­ды.

Ға­сыр­лар бойы қа­лып­тас­қан үл­гі бой­ын­ша би ата­ғы­на ие бо­лу үшін ал­ды­ме­н  ақыл­ды­лы­ғы­мен бір­ге тап­қыр­лы­ғын, әсі­ре­се үл­кен ой­шыл­ды­ғын үл­кен­дер ал­дын­да,  жи­ын ал­дын­да жа­сы­нан бас­тап көр­се­туі, сөйт­іп көп­ші­лік сы­ны­нан өтуі қа­жет. Абай да
осы жол­дан өт­ті.

Са­лық Зи­ма­нов

Дереккөз: Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық. Р.Зайкенова,
Р.Сакенова, Л.Н.Нұрланова

Ұқсас материал:

  1. Ғасырлық туынды. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы

  2. «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пея­сы туралы түсінік (І том)

  3. «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пея­сының тараулары (ІІ том)

  4. «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пея­сының тараулары (ІІІ том)

  5. Абай жолының ІV томы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ