Қадыр Мырза Әли шығармаларының тақырыбы қандай?

0
8976

Қа­дыр Мыр­за­лиев – сөз­дің сәй­гү­лі­гі, ой­дың озар­ма­ны. Ол же­ке  бас­тың да­ра мұ­ңы­нан бас­тап, қым-қи­ғаш ха­лы­қа­ра­лық қай­шы­лықтар­ға шей­ін қы­сыл­май, қым­ты­рыл­май ер­кін жыр­лай ала­ды. …Де­мек,  қа­зір­гі қа­зақ поэ­зия­сы көп дау­ыс­ты, қу­ат­ты ор­ке­стр де­сек, мұ­ның  құ­ра­мын­да­ғы Қа­дыр му­за­сы­ның қай­талан­бас өз үні, ма­шы­ғы мен  мә­не­рі, ай­шы­ғы мен өр­не­гі бар. Қа­дыр ли­ри­ка­сы­ның сың­ғы­ры бө­лек, сы­ры те­рең.

Зейнолла Қабдолов

Қа­дыр­ды біл­мей­тін қа­зақ әс­те жоқ. Қа­дыр­ды әлі әріп та­ны­ма­ған бүл­дір­шін бө­бектен бас­тап, әріп­ті кө­зіл­ді­рік­сіз кө­ре ал­май­тын қа­рия­ға дей­ін­гі­нің бә­рі бі­ле­ді. Өзін  біл­ме­се де, сө­зін бі­ле­ді.

Әбіш Кекілбаев

Білгенге маржан. Қа­дыр Мыр­за­лиев­тің қа­нат­ты сөз­де­рі.

Ма­хаб­бат та­қы­ры­бы үл­кен так­ты­ны, ерек­ше әдеп­ті­лік­ті ке­рек ете­ді. Да­ра­қы­лық,
дө­ре­кі­лік, бә­дік­тік оның бол­мы­сы­на жат. Сәл ау­ыт­қып түс­кен тір­кес, ша­лыс бас­қан
ша­ла­ғай сөз ма­хаб­бат­қа да, ға­шық­тар­ға да абы­рой әпер­мей­ді.

Өлең де­ген – ой мен се­зім­нің ар жа­ғы.

Адам өрі­сі ке­ңі­ген сай­ын аң-құс­тың өрі­сі та­ры­ла тү­се­ді.

Әде­би­ет­те са­ған кө­зің­нің ті­рі­сін­де қо­ғам­ның бер­ген ба­ға­сы – анық ба­ға емес.

На­ғыз жа­зу­шы шын­дап кел­ген­де еш­кім­ге қыз­мет ет­пей­ді.

Ана ті­лің – асы­лың, оны біл­ме­ген – ма­сы­лың.

Ота­ның­нан қан­ша ша­қы­рым ұзақ­та­саң,
Сон­ша ша­қы­рым ру­ха­ни жа­қын­дай тү­се­сің.

Адам боп оңай ту­ған­мен,
Адам боп қа­лу көп қи­ын.

Ең үл­кен ма­хаб­бат – ха­лық ма­хаб­ба­ты.

Міне, қызық! Қадыр ба­ла ке­зін­де-ақ өлең жа­зу­ды әдет­ке ай­нал­ды­рып, олар­дан үл­кен
жи­нақ жа­саған. Бі­рақ ол өлең­де­рін жа­қын до­сы өр­теп жі­бе­р­ді. Бұл оқи­ға Қа­дыр­дың шы­ғар­ма­шы­лық жо­лын­да­ғы ал­ғаш­қы ке­дер­гі бол­ды. Де­ген­мен Қа­дыр до­сы­ның ол
әре­ке­ті­не рен­жі­ген жоқ. Ақын, ке­рі­сін­ше, жа­ман өлең­дер­ден құ­ты­лу­ыма кө­мек­тес­ті,
бұл ме­нің қо­лым­нан кел­мес еді деп, до­сы­на ал­ғы­сын біл­дірген.

Қадыр ақын қай өңірде туып-өскен?

Ақын  1935 жылы 5 қаңтарда  Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауданында туған. Ол  жастайынан әдебиетке құмар болып өседі. Қазақ халқының аңыздары мен  қиссалары, эпостары мен ертегілері жазылған  «Қырық батыр» деген кітапты қолынан тастамайды. Қадыр ең алғашқы өлеңін 11 жасында  жазады. Әкесі қайтыс болғаннан кейін мектепинтернатта жатып оқиды. Балалық шағы Ұлы
Отан соғысы жылдарының қиыншылық кезеңімен тұспа-тұс келген ақын ерте есейеді. Қадыр  Мырзалиев бұл жайлы «Балалықсыз балалық»  өлеңінде суреттейді.

Қадыр Мырзалиев қай жерде білім алады? Қандай қызметтер атқарады?

Ақын қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетін, аспирантурасын бітіреді. Өз еңбек жолын 1958–1962 жылдары «Балдырған»  балалар журналының әдеби қызметкері болып жұмыс істеуден бастайды.

1962–1965 жылдары поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, «Жұлдыз» журналының жауапты хатшысы болады. Қ.Мырзалиев 1968–1973 жылдары «Жазушы» баспасының поэзия редакциялық алқасының жетекшісі, 1973–1978 жылдары Қазақстан Жазушылар
одағының поэзия бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарады. 1992 жылы  Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің ұлттық саясат, мәдениет және  тілдерді дамыту комитеті төрағасының орынбасары болып істейді.  1994 жылы ақын Қазақстан Республикасының Халық депутаты болып сайланады.

Ақын шығармаларының тақырыбы қандай?

Қазақ әдебиетінде алғашында балалар ақыны ретінде кеңінен танылған  ақын жырлары қазақ балалар поэзиясына жаңа тақырыптар, тың кейіпкерлер,  көркемдік өріс әкелді. Балаларға арнап шығарма жазудың өзіндік ерекшелігі,  көптеген қиындықтары бар, себебі балалар ақыны болу үшін автор балалардың мінез-құлқын, психологиясын, қабылдау дәрежесін жете білуі аса қажет.

Ақын балалардың осы ерекшеліктерін әбден зерттеп, біліп, меңгергендігін  «Жаңғалақтар» (1960 ж.), «Тақпақ айтып, ән шырқайық» (1961 ж.), «Кішкене Қожанасырлар» (1961 ж.), «Алуан палуан» (1962 ж.), «Омар мен Құмар»  (1963 ж.), «Сабақ» (1964 ж.), «Мешін мен адам» (1968 ж.), «Ноян қоян», «Күміс  қоңырау» (1970 ж.), «Шымыр жаңғақ» (1984 ж.) т.с.с. кітаптарынан көреміз.  Ақынның «Күміс қоңырау» (1985 ж.), «Мәңгі майдан» (1993 ж.), «Үкілі үзінділер» (1996 ж.), «Алаштың арманы» (2001 ж.), «Иірім» (2004 ж.) т.б. кітаптары  жарық көрді.

Қ.Мырзалиевтің «Сақал саудасы», «Қасқыр қақпан» атты сатиралық комедиясы, Махамбетке арналған «Жаралы жолбарыс» трагедиясы, Ақсақ Темірге
арналған «Әмір Темір» поэтикалық драмасы және Төле би либреттосы – ақын
қаламынан туған ірі драмалық туындылар болып саналады.  Қаламгердің елуден астам поэзиялық, прозалық және әдеби сын кітаптары  жарық көрді. Жырлары ойлылығымен, парасат әлемінің кеңдігімен айрықшаланады. Ақынның көптеген өлең жолдары қанатты сөздерге, нақылдарға айналды. Оның «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру», «Бабамыздың шоқ басқан  табанымен», «Қазақ пен қонақ» және тағы басқа өлеңдері халқымыздың психологиясын шебер бейнелеп, ұлттық құндылықтарын ұлықтайды. Ана тілінің, ұлттық  аспап – домбыраның қасиеті мен құдіреті де ақын қаламынан тыс қалған жоқ.

Қадыр Мырзалиев аударма саласына қандай үлес қосты?

Қадыр ақын – шебер аудармашы. Әлемдік әдебиет өкілдері Ж.Румидің,  Г.Гейненің, В.Гюгоның, М.Лермонтовтың, С.Есениннің, Р.Ғамзатовтың,  Э.Межелайтистің, Ш.Петефидің т.б. қаламгерлердің жырларын қазақ тіліне  аударған. Талантты ақынның өз туындылары да бірнеше тілге аударылып, шетелдіктер тарапынан өте жоғары бағаланды.

Оның 200-ден астам өлеңіне Н.Тілендиев, Е.Рахмадиев, Ш.Қалдаяқов,  Ә.Бейсеуов, М.Сағатов, М.Маңғытаев, Е.Хасанғалиев т.б. көптеген талантты  композиторлар әндер шығарған.

Қадыр Мырзалиев – Қазақ КСР Мемлекеттік, Моңғолияның халықаралық  «АВЬЯС», тәуелсіз «Тарлан» сыйлықтарының иегері, Қазақстанның халық  жазушысы. Ол «Достық», «Парасат» ордендерімен марапатталған.  Орал қаласында ақын атында Өнер және мәдениет орталығы, Батыс  Қазақстан облысы Сырым ауданында орта мектеп бар.

Дереккөз: Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
жаратылыстану-математикалық бағытына арналған оқулық.
Р.Зайкенова, Р.Сакенова, Л.Н.Нұрланова

Басқа да материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ