Айкидо спорты туралы ұғым

0
890

Айкидо — негізін Морихеи Уешиба қалаған шығыс жекпе-жегінің бір түрі.

Айкидо, спорттық және қорғаныс А-досы болып бөлінеді. Өте ерте заманда Жапонияда пайда болған. Корғаныс а-досын Томики а-до деп атайды. «Удың күшін қайтаратын у» деген сияқты Жапония философиясында «күшке төтеп беретін күш» деген қағида бар.

Осы қағида бойынша шабуыл жасаушы қаншама шебер, тәжірибелі болса да оның мен басымдылығын айламен, айлакерлікпен кері қайтаруға тіпті оны жеңуге де болады.

Міне, осы айлалардың яғни қарсы әдістердің барлығы А-дода жинақталған. Жарыс көлемі 9х9 м қапталдарында қауіпсіздік аумағы (маталар төселтен) бар кілем үстінде өтеді.

Спортшылардың киім киісі дзюдо күресіндегі сияқты, бір спортшы, екіншісі ақ белбеумен буынады. Киімде, белбеуде спортшыларды жарақаттайтын бұйымдар болмайды.

Төрешілік ету де солай. Кілем үстінде төрешінің беретін бұйрықтары, нұсқаулары мен ескертулер де жапон тілінде. Хаджиме — бастаңдар, Ипон — бір ұпай тағы с.с жекпе-жек кезінде жарысқа қатысушылардың біреуі 2 толық 2 ұпай алса сол адам жеңіске жетеді.

Егер бірінші раундта жарысқа қатысушылардың бірі резеңке пышақпен шабуыл жасаса, екінші раунда олар орындарын алмастырады.

Бәсеке көзінде таза жеңіске жете алмаған жағдайда жекпе-жектің нәтижесі ұпай санымен анықталады.

Ал ұпай саны да тең болған жағдайда тағы да қосымша бір раунд беріледі. Олар мұнда да тең түссе жеңістің кімге берілетінін кілем үстіндегі арбитр шешеді.

Ұқсас материал: 

  1. Тазалық — денсаулық кепілі. Сабақ жоспары
  2. «Денсаулық басты байлық»
  3. «Денсаулық-зор байлық» ашық сабақ
  4. «Дарабоз» (Сыныптан тыс спорттық шара)
  5. Спорт бойынша біліміңді тексер (Тест)
  6. «Спорт-өмір серігі» спорттық сайыс

ПІКІР ҚАЛДЫРУ