Алабұға және сазан балығы

0
3699
Freepik.com

Қомағай және жыртқыш балықтардың бірі — алабұға. Ол кез келген шағын балықтар мен шаяндарды жейді. Жемін қуып жүріп те, қалтарыста жасырынп тұрып та аулайды. Алабұға суды қалайды, сондықтан су тереңінде жүзіп жүреді. Күн ыстық болған кезде су өсімдіктерінің арасын тасалайды. Көбінесе күндіз жүзіп, түнге қарай бір орында қалқыған тәрізді қозғалмай ұзақ тұра алады.

Алабұға көктемді уылдырық шашады. Уылдырығы ұзын таспа тәрізді созылып, су өсімдіктерінің сабағына оралып жатады. Алабұғаның да жауы көп. Оны шортан, жайын, көксерке сияқты жыртқыш балықтар жеп қояды. Алабұға кәсіптік маңызы зор балық. Ол еті үшін ауланады.

Сазан. Сазан — дене тұрқы 1 м, салмағы 16-20 кг болатын өте бағалы, кәсіптік маңызы бар балық. Олар ащы және тұщы суларда мекендейді және уылдырықтарын да сонда шашады. Сазанның қорегі — түрлі балдырлар, омыртқасыз жәндіктер. Уылдырық шашқан кезде сазан қоректенбейді.

Судың температурасы 1-2 градусқа төмендегенде қыстау үшін терең апандарға кетеді. Олар қыстағанда үлкен үйір болып шоғырланып жатады. Сазан 30 жылдай өмір сүреді. Су қоймаларында, тоған шаруашылығнда жақсы өседі.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т

Биология пәні бойынша басқа да ақпараттар: 
  1. Қазақстанның балықтары. Жайын мен шортан туралы мәлімет

  2. Қазақстанның өсімдіктер дүниесі. Тораңғы, қырыққұлақ, арша туралы

  3. Үштүсті шегіргүл, күймесгүл, атпақияр өсімдігі

  4. Дүңгіршек пен таушешек өсімдігі туралы мәлімет

  5. Қамыс және ақ тұңғиық өсімдігі

  6. Биологиядан тест тапсырмалары жауабымен
  7. Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері. Биология пәнінен сабақ жоспары

  8. Биология пәнінен ҰБТ сұрақтары, жауаптарымен


ПІКІР ҚАЛДЫРУ