Алакөл, Көлсай, Марқакөл көлдері

0
1834
Иллюстрация: Freepik.com

Теңіз көлі Ақмол облысының аумағында орналасқан. Көлге Сарыарқадан басталатын Нұра өзені келіп құйылады. 

Тереңдігі — 2 — 2,5 м. Теңіз көлінде 60-қа жуық кішігірім аралдар бар. Жағалауында 1858 жылы Қорғалжың қорығы ашылған.

Бұл жерде өсімдіктердің 235, балықтардың 10, сүтқоректілердің 35, құстардың 260 түрі кездеседі. Құстардың көпшілігі күзгі алыс жолдан уақытша қонақтайды да, қайта ұшып кетеді. Солардың бірі — қоқиқаз. Бұл жерде құстардың көбеюіне әсем табиғаттың сақталуына жағдай жасалған.

Алакөл көлі. Алакөл — Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының аралығында орналасқан үлкен көлдердің бірі. Ұзындығы — 104 км, ең терең жері- 54 м. Ертеректегі таулардың қайта көтерілуінен болған тетис теңізінен бөлініп қалған су қоймасы. Алакөлдің бірнеше атауы бар. Моңғолша «Гүргенор» — «көпірлер көлі» дегенді білдіреді.

Құмды жолдарға байланысты да осылай аталуы мүмкін. Қазақтар Дауыл көл, Жұмбақ көл деп те айтқан. Жоңғар қақпасынан соққан қатты желдің әсерінен көлде күшті су толқыны пайда болып, тез өзгеріп отырған.

1999 жылы көл жағалауындағы табиғатты сақтау үшін Алакөл қорығы ашылды. Ол жерде Қазақстанның  «Қызыл кітабына» енгізілген Алакөл шекарасы мекендейді.

Көлсай көлдері. Алматы облысының Райымбек ауданы жерінде,  Күнгей Алатаудың Күрметі және Саты асуларынан бастау алатын кішігірім өзендер суынан пайда болған үш көл бар. Олар Көлсай көлдері деп аталады.

Жоғарғы Көлсай теңіз деңгейінен 3000 метрге жуық, Орта көлсай (Қайыңды) 2600 м және Төменгі Көлсайдың су айдыны басқаларына қарағанда үлкен. Көлсай көлдері табиғаты әсем тау шатқалында жатыр. Көлдердің төңірегін шырша, қарағай, қайың , т.б тау ағаштары мен шалғындарды көмкерген.

Көлдердің әсем келбеті,салқын да таза ауасы туристердің жазғы демалысына таптырмас орын саналады. Суында өсетін бахтах балығының қылтанақсыз еті өте дәмді.

Марқакөл көлі. Марқакөл — Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы көл.

Азутай және Күршім жоталарының  аралығында , Ұзындығы — 38 км, ені — 19 км, орташа тереңдігі — 14,3 м, ең терең жері — 27 м. Жағасының ұзындығы — 106 км.

Көл жағасының оңтүстік жағы тік құлама жартысы. Шағын өзен-жылғалар құятын тұстары батпақты. Қазан — мамыр айлары аралығында көл қатады. Көлге 27 шағын өзен мен жылға құяды, ірілері — Қарабұлақ, Матабай, Жиренбайтал, т.б. Көлден Қалжыр өзені бастау алады. Марқакөл деңгейі мамыр — маусым айларында көтеріледі, қазан — қараша айларында төмендейді. Суы тұщы, мөлдір, құрамында йод, фтор, бром, т.б бар.

Жағалауын қайың, қарағай, шырша өскен орманды алқап алып жатыр. Балыққа бай (табан, сазан, аққайран, хариус, майқан, қара балық, теңге балық, т.б).

Қалжыр өзенінің бастауында ондатр кездеседі. Құстың ондаған түрі мекендейді. Мұнда Марқакөл қорығы ұйымдастырылған.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т
Басқа да материал:

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ