Балқаш, Бурабай, Зайсан көлі туралы

0
3164
Иллюстрация: Freepik.com

Балқаш — Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Ол алғашқы дәуірдегі Пятис деген теңіздің қалдығы болып есептеледі. 

Көл Сарыарқа мен Сарыесік құмдарының аралығында орналасқан. Соңғы кезде Балқаш көлінің деңгейі 2 м-ге төмендеп кетті.

Қазіргі Балқаштың ұзындығы — 614 км, ең терең жері — 26,5 м. Балқаш көне түркі тілінде «балшық», «балық» деген мағынаны білдірген. Суының деңгейі бірде көбейіп, бірде азайып отырады. Ұзынарал бұғазы Сарыесік пен Балқашты байланыстырады.

Соның нәтижесінде көлдің батысының суы тұщы, ал шығысында ащы. Себебі көлге негізгі суды Іле өзені құяды.

Іле өзенінің Балқашқа құяр жеріндегі тоғайлы-батпақты жерлер мемлекеттің қорғауына алынды. Мұнда балықтың сазан, көксерке, ақбалық, ақмарқа, т.б 12 түрі кездеседі.

Бурабай көлдері.Бурабай көлдеріне Бурабай, Шортанды, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Қотыркөл жатады.

Бұл — Сарыарқаның , Көкшетау тауларының аралығында бір-біріне жақын орналасқан ұсақ көлдер тобы. Олар суының тазалығымен, тауларымен, қарағайлы-қайыңды ормандарымен ерекшеленеді.

Алғашқы демалыс орны 1810 жылы Бурабай көлі жағасында ашылған. Бурабайда биші қайыңдар өседі. Оларға қызықты аңыз-әңгімелері көп әйгілі Оқжетпес пен Жұмбақтас және биіктігі шамамен 1000 метрег жуық, алыстан көрінетін Көкшетау тауы жатады.

Зайсан көлі Шығыс Қазақстан облысы  Алтай мен Сауыр Тарбағатай тауларының арасында орналасқан. 

Көлдің ұзындығы 100-км-ден асады. Тереңдігі — 8-9 м. Ол ағынды көлге жатады.

Бұдан шамамен 1-2 млн жыл бұрын Алтай тауларының қайтадан көтерілуінен кейбір жерлер төмен түсіп кеткен. Нәтижесінде Зайсан ойысы және Зайсан көлі пайда болған.

Көлдің бірнеше атауы бар. Ойратша (жоңғар) «Зеасингнор», «Зайсаннор» («жақсы көл» деген мағынаны білдіреді) , орыс елшілері «Қызылбас», ал «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» поэмасында «Бесіне теңіз» деп аталған.

Соңғы шыққан карталарда Жайсаң  көлі деп те жазылып жүр. Бұқтырма су қоймасының салынуына байланысты қазіргі Зайсан көлінің көлемі үлкейді. Көлде табан балық, бекіре, алабұға, хариус, шортан балықтары бар.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т
Басқа да материал:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ