АЛҒАШ БОЛЫП ГЕОГРАФИЯДАН ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРІН ҰСЫНАМЫЗ

1
8866

Ұлттық тестілеу орталығы

     Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».

 1. Еуропа мен Азияны бөлетін өзен

A) Жайық

B) Дунай

C) Обь

D) Еділ

E) Печора

 2. Американың үндістері жататын нәсіл

A) негроидтық

B) еуропоидтық

C) монғолоидтық

D) самбо

E) мулат

 3. Қабат бұлттан түсетін жаңбыр түрі

A) ақ жауын

B) шық

C) қырау

D) нөсер жаңбыр

E) бұршақ

 4. Күннен қашықтық бойынша санағандағы Жердің реті

A) 2-ші

B) 3-ші

C) 4-ші

D) 5-ші

E) 6-шы

 5. Тынық мұхитта тіршілік ететін албырт балығы түрлерінің 95% тіршілік ететін материк жағалауы

A) Антарктида

B) Оңтүстік Америка

C) Аустралия

D) Солтүстік Америка

E) Еуразия

 6. Куперс-Крик өзенінің сағасы

A) Эйр

B) Карнеги

C) Дарлинг

D) Муррей

E) Маккай

 7. Орман, орманды дала, шөлейт және шөл зоналарынан тұратын белдеу

A) қоңыржай

B) субарктикалық

C) тропиктік

D) субэкваторлық

E) субтропиктік

 8. Қайың, көктерек таралған табиғат зонасы

A) дала

B) шөл

C) тайга

D) орманды дала

E) шөлейт

 9. Ең «лас» өнеркәсіп саласы

A) ағаш өңдеу

B) жеңіл

C) машина жасау

D) химия

E) тамақ

10. Жылдық жауын-шашын мөлшерінің буланушылыққа қатынасы

A) қар жамылғысы

B) булану

C) конденсация процесі

D) ылғалдану коэффициенті

E) температура инверсиясы

11. Топырақтың құнарлығын кемітетін табиғаттың апаты

A) конденсация

B) эрозия

C) мелиорация

D) конверсия

E) коррозия

12. Атлант мұхитындағы  теңіздік порт

A) Сидней

B) Сингапур

C) Роттердам

D) Сан-Франциско

E) Калькутта

13. Севан көлі орналасқан ел

A) Молдова

B) Қазақстан

C) Грузия

D) Әзірбайжан

E) Армения

14. Анд тауының етегіндегі табиғат зонасы

A) саванналар мен сирек ормандар

B) дала

C) ылғалды экваторлық ормандар

D) шөлейт

E) парамос

15. Тундра зонасы орналасқан климаттық белдеу

A) тропиктік

B) субполярлық

C) қоңыржай

D) полярлық

E) экваторлық

16. Сантонин дәрісі жасалатын өсімдік

A) жанаргүл

B) шайшөп

C) дермене

D) сексеуіл

E) итмұрын

17. Шалқар көлінде болған саяхатшы

A) Чань Чунь

B) Елюй Чу-Цай

C) әл-Фараби

D) Плано Карпини

E) Ибн Фадлан

18. Қазақстанда Менделеев кестесіндегі 70 элементтің мол қоры барланған, оның 60-ы өндіріледі. Өндірілетін элементтердің үлесі

A) 90 %

B) 65 %

C) 80 %

D) 78 %

E) 85 %

19. Дамушы елдердегі қара металлургияның ірі орталықтары

A) Аргентина, Бразилия

B) Бразилия, Үндістан

C) Мексика, Перу

D) Парагвай, Нигерия

E) Гвинея, Чили

20. Бразилияда өзен көлігі дамыған өзен

A) Маракайбо

B) Миссисипи

C) Ориноко

D) Магдалена

E) Амазонка

     Нұсқау: «Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».

21. Атмосфералық қысымды өлшейтін құралдар

A) анемометр

B) миллибаро

C) флюгер

D) сынап барометрі

E) эхолот

F) анероид

G) термометр

H) барометр

22. Қазақстанның полиметалл кендеріне бай аймақтары

A) Мұғалжар

B) Торғай үстірті

C) Арал маңы

D) Маңғыстау

E) Каспий маңы ойпаты

F) Батыс Сібір

G) Қаратау жотасы

H) Кенді Алтай

23. Жол құрылысында қолданатын мұнайдың  қалдығы

A) пластмасса

B) керосин

C) бензин

D) цемент

E) гудрон

F) каучук

G) мазут

H) мәрмәр

24. Оңтүстік Африка Республикасының астанасы

A) Претория

B) Нуакшот

C) Фритаун

D) Кейптаун

E) Порт-Лук

F) Лусака

G) Йоханнесбург

H) Хартум

25. Әлемдегі негізгі дәнді дақылдар

A) жүгері

B) тары

C) сұлы

D) қант қызылшасы

E) күнбағыс

F) күріш

G) бидай

H) қант құрағы

26. Ежелгі Азиядағы мәдениет ошақтары мен орталықтары

A) Франция

B) Қытай

C) Ежелгі Рим

D) Грекия

E) Персия

F) Перу

G) Мысыр

H) Үндістан

27. Мұхит табанындағы жер қыртысы құрылысы

A) шөгінді жыныстар

B) базальт

C) гранит

D) тақта

E) ядро

F) платформа

G) мантия

H) қалқан

28. Ұсақ масштабты картаға жататын масштаб-(тар)

A) 1:50 000

B) 1:25 000 000

C) 1:50 000 000

D) 1:100 000

E) 1:5 000 000

F) 1:250 000

G) 1:25 000

H) 1:200 000

29. Кайназой эрасының дәуірі (дәуірлері)

A) пермь

B) карбон

C) неоген

D) палеоген

E) силур

F) ордовик

G) кембрий

H) триас

30. Қазақстан табиғат зоналары

A) шөл

B) сирек ормандар

C) саванна

D) шөлейт

E) жалпақ жапырақты ормандар

F) тундра

G) тайга

H) дала

31. Қазақстан аумағындағы ұлттық саябақ-(тар)

A) Балқан

B) Баянауыл

C) Марқакөл

D) Алакөл

E) Наурызым

F) Зеренді

G) Алматы

H) Іле Алатауы

32. Алтай тіл әулетінің топтары

A) дүнген

B) нак-дағыстан

C) кәріс

D) грек

E) қытай

F) түрік

G) фин-угор

H) иран

33. Ауыр түсті металл (металдар)

A) күміс

B) молибден

C) мыс

D) алтын

E) титан

F) магний

G) мырыш

H) қорғасын

34. Отаны Оңтүстік-Батыс Азия болатын мәдени өсімдік (тер)

A) қауын

B) мақта

C) асбұршақ

D) шай

E) қызылша

F) жүгері

G) пияз

H) бұрыш

35. Африка материгінің көпшілік бөлігінің ылғалды әрі ыстық және құрғақ ыстық  болуы себебіне әсер ететін ауа массалары

A) экваторлық

B) қоңыржай теңіздік

C) құрғақ экваторлық

D) муссондық

E) арктикалық

F) антарктикалық

G) қоңыржай континентік

H) тропиктік

36. Еуропалық нәсіл өкілдерінің негізгі мекендейтін жері (жерлері)

A) Оңтүстік-Шығыс Азия

B) Оңтүстік Африка

C) Орталық Африка

D) Солтүстік Еуропа

E) Орталық Азия

F) Шығыс Азия

G) Шығыс Африка

H) Батыс Еуропа

37. Шығыс Еуропа жазығының Қазақстандық бөліктері

A) Үстірт

B) Сарыарқа

C) Атырау

D) Жалпы Сырт қыраты

E) Тұран жазығы

F) Мұғалжар тауы

G) Орта орыс қыраты

H) Каспий маңы ойпаты

38. Каспий теңізі қайраңындағы мұнай кен орындары

A) Қарашығанақ

B) Құмкөл

C) Теңіз

D) Құрманғазы

E) Доссор

F) Қашаған

G) Жетібай

H) Ембі

39. 1819-1821 жж. аралығында Антарктика жағалауларын ашқан саяхатшы-(лар)

A) Р. Амундсен

B) Н. Миклухо-Маклай

C) Р. Пири

D) М. Лазерев

E) Р. Скотт

F) Х. Колумб

G) Р. Стэнли

H) Ф. Беллинсгаузен

40. Қазақстан аумағындағы ежелгі қалалар

A) Шам

B) Сарайшық

C) Қашқар

D) Самарқан

E) Бұхара

F) Қойлық

G) Құлан

H) Торғай

 

 ГЕОГРАФИЯ

 ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ

 

 


1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ