Мақсаты: Ана — өмірдің шуағы, ана — өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көріністер, әндер, суреттер, ойынға қатысты көрнекіліктер, буклет. Плакатқа жазылған нақыл сөздері.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сахна төріне тұрғызу.
1-жүргізуші: Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.
Ведущая: Здравствуйте, дорогие мамы и бабушки, милые женщины! Вот и наступила весна! Позади метели и морозы, природа пробуждается от зимнего сна, а у нас сегодня– праздник 8 марта!
Мы хотим вас в этот вечер
От души поздравить всех,
Пусть стихи и много песен
Принесут улыбки, смех!
Праздник свой мы начинаем,
И ребят своих встречаем!
1-жүргізуші
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің.
Қайратыңнан қайта көрме, анашым,-дей отырып, мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры ____________________________береміз.
2-ведущий
Мы будних дней отложим все дела,
И перед мамой преклоним колени,
Спасибо ей за то, что жизнь дала,
Оберегала нас без устали и лени.
Қазір шәкірттеріміздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық. Аналарға арналған сыйлықтарын береміз.
Келесі кезекті қыздарымыздың «МАМА»биін тамашалаймыз.
1 — оқушы:
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!
2 — оқушы:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап.
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
3 — оқушы:
Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.
4 — оқушы:
Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар жанары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
5 — оқушы:
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың.
6 — оқушы:
Ақыл құйған санама,
Күннен артық, расында.
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.
7 — оқушы:
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
«Асыл әже» әні
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше балғын бүлдіршіндеріңіздің ана туралы әсем әнін тыңдаңыздар. Құттықтаймын МАМА! Әнімен.
Балауса би тобының мүшелерінің Шұғыла мен Аяулының «Я рисую!» биін тамашалаймыз. Қыздар Астана қаласына барып, «Сәлем Астана» фестивалінен ІІІ орын иегерлері.
Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесің тойлаймыз — дей отырып, біздің сыныптың ер жігіттері қыздарға сыйлықтарын ұсынсын.
2 — жүргізуші: Ардақты, аналар, әжелер мен апалар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.
1 — жүргізуші: Деңдеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт – береке дарысын! Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын!
Дереккөз: internet-konkursy.com
Ұқсас материал:
- 8-Наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
- 8-наурыз құтты болсын , Анашым! атты мерекелік сценарий
- «Мереке күніңмен!» атты 8-наурызға арналған сценарий
- 8-Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
- «Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған…» (сценарийлік жұмыс)
- Ана-гүл, Ана-жыр, Ана-өмір шуағы! (мерекелік кеш)
- 8-ші наурыз мерекесіне арналған сайыс сценарийі