Қасіретті жылдар-қара орамал ( Танымдық сабақ жоспары)

0
748
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: ХХ ғасырдың 30жылдарынан басталған жаппай қуғын-сүргіннің мақсатын көрсету жәнеқазақ халқына тигізген  зардаптарын түсіндіру.

Дамытушылығы:  Қасіретті жылдардың  көрінісі лагерьлер жүйесінің қалыптасуының  себептерін  ажыратып, салыстыра  талдай білуге үйрету.

Тәрбиелігі: Оқушыларды өткенге тағзым етуге шақыру және бауырмашылдыққа баулу, оларға интернационалдық – адамгершілік тәрбиесін беру.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру сабағы

Көрнекілігі: презентация,  бейнефильм, кесте, суреттер, ҚР картасы

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, География, Дүниежүзі тарихы, Саясаттану

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:  Оқушылармен сәлемдесу,  тәртіп пен  тазалықты тексеру.

ІІ.Негізгі білімді меңгерту кезеңі

1.Ой қозғау сұрақтары?

  • Тоталитарлық режімнің негізгі белгілері қандай?
  • Халықтың сана-сезіміне қандай идеология егілді?
  • Қоғамдық құрылыстың тоталитарлық моделін бекіту қандай шараларға ұласты?
  1. Интерактивті тақтада тірек кестесімен талдау жұмысы жүргізіледі.
Тоталитарлық режімнің зардабы мен салдары Ұжымдастыру Индустрияландыру
1925 жылы  жазда республика басшылығына  Ф.И.Голощекиннің тағайындалуы, геноцид саясаты күшейтті. 

 

Шауашылықтың ешқандай даярлықсыз отырықшылық тұрмысқа көшірлуі; 

жерді қайта бөлуі;

мал-мүлікті тәркілеуі;

азық-түлік салығын салу, күштеу- қорқыту жазалау әрекеттері;

халықтың аштыққа және босқындыққа ұшырауы;

халықтың атамекенінен ауа көшуі;

Дәстүрлі шаруашылықтың жүйесін біржола жоюы; 

Жергілікті ерекшеліктерді есепке алмауы;

Ауылшаруашылығына  өлшеусіз зиян келтіруі;

Индустрияландыруға қажетті қорды шаруалар еңбегі есебінен қанауы;

Шикізат көзі ретінде орталыққа қызмет көрсету;

 

ХХғасырдың 30-50жылдар аралығында Кеңес үкіметі қазақ халқының тарихына үлкен сызат түсірді. Осы кезеңде

3.Терминдерді сәйкестендіру  жұмысы

Тоталитаризм  – басқа ұлттар мен ұлыстарға өшпенделік пен қастандықты

тарататын  ұлтшылдық   саясаттың бір түрі

Геноцид     —   шыдамдылық,  мейірімділік көрсету

Шовинизм —    халықтың жеке тобын нәсілдік, ұлттық, діни белгідеріне    қарап, саналы  және жүйелі түрде жою

Экспансия   —  ұлттық сезімді, ұлттық дәстүр мен мәдениетті, патриотизмді жоққа шығарушылық

Космополитизм —  ескі тәртіпті сақтап қалу мақсатында қоғамдық үдеріске

белсенді қарсылық көрсету

Реакция — адамның тіршілік әрекеттерінің барлық салаларына мемлекет  тарапынан қатаң  бақылау мен белгілеуді ұйғаратын саяси режім

Толеранттылық   – басқа елдерге, халықтарға ықпал ету салаларын

кеңейтуге  бағытталған мемлекет саясаты

ІІІ.Жаңа сабақты меңгерту кезеңі

  1. Жаңа тақырыпты ашу үшін мұғалім түсінік беріп өтеді.

1930жылғы 25 сәуірде лагерьлерді басқаратын ОГПУ құрылып, бір жылдан кейін ГУЛАГ  ОГПУ атала бастады. Қазақстанда 1930 жылдардың басында лагерьлер жүйесі қалыптасты. 1930жылы мамыр айында КСРО ХКК «Қазақстанда еңбекпен түзету лагерін құру туралы» қаулы қабылданды. Қазақстандағы Далалық лагерьлер қатарында «Қарлаг», «Степлаг», «Жезлаг», «АЛЖИР» деген атпен белгілі болған  осы лагерьлер ГУЛАГ жүйесінің бір бөлімшесі болып табылады.

Ал Гулаг-тың құрамында әр түрлі салалық өнеркәсіп басқармалары енді. Осылайша НКВД  жазалау – күштеу органы бола отырып, шаруашылық-экономикалық мекемелердің жұмысын атқаратын орынға айналды.  Қазақстанда 1939жылы 21 еңбекпен түзету лагерьлері мен колониялары орналасты.

ГУЛАГ құрылымындағы ең үлкен сала – Қарлаг болды. 1931жылы 19 желтоқсанда  ҚазИТЛАГ-қа қараған «Гигант» кеңшары ОГПУ-дің Қарағанды жеке еңбекпен түзету лагері болып қайта құрылып, қысқаша «Карлаг ОГПУ» аталды. Орталығы Қарағанды облысының Долинка селосында орналасты.

Оқушылар тақырып арасында ақын Ғалым Жайлыбайдың « Қара орамал» поэмасынан үзінді оқыды:

1- оқушы:

Дүр сілкінтер дүниенің дүрмегі ауыр,

Күнде дабыр бұл тірлік күнде дауыл.

Алаш жұрты азаптың аралы ма –

Қарағанды лагері бұл не лагерь?..

Ірің толған ібіліс іреңінде,

Будақ-будақ бұлт көшкен бұл өңірде.

Қарағанды лагері- қара таңба

Жиырмасыншы ғасырдың жүрегінде.

Дерек көздері бойынша 1939жылы НКВД-ның 42 лагерінің ішінде Карлаг тұтқындарының саны жағынан КСРО-да тоғызыншы орын алған.

Д.Шаймұқанов пен С.Шаймұқанованың «ҚарЛаг» кітабында:  КСРО НКВД лагерьлерінің Бас басқармасына қарасты қапастар мен түрмелерде жалпы саны 4 миллионға жуық сотталғандар отырса, олардың 1-1,5 миллионнан астамы ҚарЛагтан өткен. Жалпы ГУЛАГ-тың құрамында 61 лагерь болса, Қарлаг соның ең ірілерінің бірі-деп көрсетілген.

Қарлагта тұтқындар саны үнемі өзгеріп отырған. Жаңадан лек-легімен адамдар әкелініп, кезең-кезеңмен өзге лагерьлерге жөнелтіліп жатты. ГУЛАГ жобасы бойынша ҚарЛаг 32мың тұтқынға арналған, ал, шын мәнінде , мұнда 75 мыңға жуық адам тырды.

Тұтқындар санын артыру ҚарЛагқа жүктелген халық шаруашылығы міндеттерімен – Қарағанды көмір алабын игеру, Жезқазған және Балқаш металлургия комбинаттарын салу құрылысымен тығыз байланыста болды. Сонымен бірге тұтқындардың көпшілігі ауыл шаруашылығы жұмысына тартылды.ҚарЛаг жүйесінде мал щаруашылығы фермаларымен қатар, жеміс-көкөніс өсіру, жер жырту, кірпіш зауыттары, әк өндіру карьерлері тас көміршахталары болды. Тұтқындар Балқаш мыс қорыту зауытының құрылысында , халықаралық атом электр станциясында , темір жол желілерінде еңбек етті.

ҚарЛаг тұтқындарының арасында ғалымдар, ойшылдармен қоса 1000-нан астам әртіс, 360пианист, 100-ге тарта суретші болған.

2 — оқушы:

Кімге  ол күннің обалы?

Балалығын ұрлады, қызықтарын тонады.

Ессіз ғасыр адамзаттың алдында –

Жауап берген жоқ әлі.

Көкті кезіп кеткен кезде жыр құсым,

Мен олардың танып алғам түр-түсін.

«Мамочкино» моласынан  естимін

Сақ-сақ еткен сәбилердің күлкісін.

Дыбыстарын жұртқа естіртпей былайғы,

Қарғамай-ақ  қоғамды да,

Құдайды.

Жартастағы «Мамочкино» моласы –

Сақ-сақ етіп күледі де жылайды..

«Мамочкино моласы» — бұл молада «ҚарЛаг» тұтқындары әйелдер мен балалардың мүрделері жерленген. Зират Қарағанды  облысы, Абай ауданы, Жартас кентінің аумағында.

ҚарЛагта ересектермен бірге халық жауларының балалары да мерзімдерін өтеді. Жаңа туған балаларды аналарынан тартып алып, Балалар комбинаттарына тапсырады. Оның да вахтасы, қақпасы бар. Барактары және тікенек сымдары кәдімгі зонадан еш айырмашылығы жоқ. «ҚарЛагта» осындай жеті мекеме болған.

Мұрағат деректері бойынша, мұндай үйлерде балалар өлімі өте жоғары еді. Мәселен, 1941-1944 жылдары 924 бала, ал 1950-1952 жылдары 1130 сәби опат болған.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында ГУЛАГ жүйесі одан әрі кеңейе түсті. Оның құрамында 56 еңбекпен  түзету лагерьлері , 910 лагерьлер бөлімшелері,424 еңбекпен түзету колониялары орналасты.

1953жылы 1қаңтарда Қазақстанда 1млн-ға жуық арнайы қоныс аударылғандардың 13мыңға жуығы лагерьлерде, колонияларда және түрмелерде тұтқында отырды. Арнайы қоныстанушылардың ішінде 450 мыңы неміс, 245 мыңы шешен, 80 мыңы ингуш, 37 мыңы грек, 35 мыңы поляк, 33мыңы Грузиядан, 6,5мыңы Қырымнан жер аударылған аз ұлт өкілдері еді.

Тас пен ас

Алжир тұтқыны Гертруда Платайстың естелігінен:

« Бірде қыстың таңында бізд Жалаңашкөлден қамыс будаларын арқалап келе жаттық.Жолда жұтаң киінген жергілікті адамдар кезікті. Қастарында балалары бар екен. Үлкендер бізді көрген соң сәбтлерге қарап бірдеңе айтқаны мұң екен, балалар бізге қарай тас лақтыра бастады.

Айдауылдар біздерге «Сендерді Мәскеуде ғана емес, бүкіл адамзат баласы жек көретінін байқадыңдар ма?» деп қарқылдап күлді. Тұтқын әйелдер «бұлардың балаларға берген тәрбиесі осы ма?»-деп налыды. Мен әлгі тастардың біреуіне сүрініп құлап, дәл алдымда жатқан тастан сүт пен ірімшіктің иісін сезгендей болдым. Шетінен тістеп көрсем дәмі тіл үйіреді екен. Сөйтіп,  тастарды теріп баракқа алып келдім. Барактағы қазақ әйелдері оның тас емес, кептірілген құрты екенін түсіндірді.»

3-оқушы:

Қасиетін қара тасқа қашатқан,

Тас атпаған кім-кімге де ас атқан.

Мейіріміне мейірленер шөлдеген –

Барактағы баланда  емес ол деген

Адамзатқа көңілінің жоқ аласы-

Құрт лақтырған қайран қазақ баласы.

Уа, «ҚарЛаг» кешкен тұтқындардың ұрпағы!

Сақтап жүрген қазақтың бар құрты әлі…

«Жалаңкөл» маңында,

Сол «Алжирдің» жанында –

Құрт лақтыртқан Анасына қазақтың,

Құрт лақтырған  Баласына қазақтың-

АЛТЫН КЕШЕН салып қойсақ қайтеді?

4 — оқушы:

Жалаңашкөл,

Бидайық,

Дарияда,

Ұшқан құсым!

Айналып, кел ұяңа!

Жиырмасыншы ғасырда қырдан асқан –

Сталин жоқ…

Ежовта, Берия да.

Жем шашайын, кел құсым, балапанға,

Аялайын бәріңіді алақанда.

Жиырмасыншы ғасырдың жүрегінде-

Қарағанда лагері – қара таңба.

Адамзаттың арда емген асылдары,

Арығаны, атылып,асылғаны…

Қарағанды лагері-кара орамал

Жиырмасыншы ғасырдың басындағы…

ІV.Сабақты қорытындылау

Сабақ  «Көк тудың желбірегені»  әнімен қорытындыланды. Оқушылар бағаланып, белсене қатысқан оқушыларға алғыс білдіріп үй тапсырмасы беріледі.

Дереккөз: internet-konkursy.com

Ұқсас материал: 

  1. Қазақстан тарихынан тест тапсырмалары (І нұсқа)
  2. Қазақстан тарихынан ҰБТ тапсырмалары (ІІ нұсқа)
  3. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  4. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  5. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  6. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  7. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  8. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ