Елбасы сенген елорда

0
970

Бір кездері жазық, сортаң даланың бейнесі болған. Жерді адамға табындырған тың игерудің куәсі болған.Жылдар жылжыды. Кім ойлаған? Осындай бос жатқан жерлердің орнын көз сүйсіндірер көркімен ғимараттар басты. Батпаққа батып жатқан жерлер жоқ қәзір.Оның орнына көздің жауын алар гүл тізбектері тізілген бүгінде. Бұл жер біздің Отанымызды тербетіп отырған бесігі, жүрегі, тілегі Астана, бүгінгі Нұ-Сұлтан хақында.

Белгілі тарихшы Бүркітбай Аяған Астана қаласының даму тарихын төрт кезеңге бөліп қарастырады.

Бірінші кезең — ортағасырлық Бозоқ қаласының тарихымен байланысты.

Екінші кезең — 1832  жылы Ақмола бекінісі іргетасының қалануы.

Үшінші кезең -Кеңес дәуірі.Соғыстан кейінгі тың игеру жылдарында қала Целиноград атауымен белгілі болды.

Төртінші кезең — Тәуелсіздік кезеңі.Қазақстанымыздың жаңа елордасы Ақмола атауының пайда болуы Сарыарқа төсін мекендеген сонау ғұн державасынан бастау алған.

Ғұн тілінде Ақ «Батыс» ,Мола «Қамал» ұғымын білдіреді екен.Дәл осы ғалымдардың астана шежіресін ғұн заманымен байланыстыруына негіз болып отыр.

1832 жылы құрылған Ақмола қаласы 1961 жылға дейін Ақмола аталып,1961  жылдан бастап  1992 жылға дейін Целиноград қаласы деп аталды.1993 жылдан бастап 1998 жыл аралығында Ақмола атауын қайта иеленді.1997 жылы 20 қазандағы ҚР Президентінің жарлығымен Ақмола қаласы еліміздің Елордасы болып жарияланды.

1998 жылғы 6 мамырдағы ҚР Президентінің шешімімен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді., 1994 жылдың 6 шілдесі күні Қазақстан Респубилкасы Жоғарғы кеңесінің жалпы отырысына қатысқан Нұрсұлтан Назарбаев депутаттарға қазақ елінің елордасын Алматыдан Ақмола көшіру туралы идеясын ұсынып, оны нақты әрі мығым фактілермен депутаттардың алдында дәлелдеп шықты.

Бұл жайында тұңғыш Елбасы өзінің «Еуразия жүрегінде» атты кітабында: «1994 жылдың 6 маусымында Парламент Мәжiлiсiнде мен астананы көшiру туралы идеяны жария еттiм. Сол кезде жұрттың бәрi менi қолдаған жоқ. Көп адамдар мұны ақылға сыймайтын әрекет деп есептедi. Өйткенi, елдiң жағдайы ауыр болатын. Жалақы, зейнетақылар уақытында төленбей жатты.

Ал ендi бiреулер астананы көшiру идеясын қолдағанның өзiнде бұл шешiм 2030 жылсыз жүзеге аспайды деген ойда болды. Дегенмен, осыдан үш жыл өткенде депутаттардың өзi пойызбен жаңа астанаға көшiп келдi. Ендi шешiмнiң дұрыс болғандығына ешкiм де күмән келтiрiп, дауласпайды», — деп жазады.

Ешкім күмән келтіріп,дауласпаған елордамыз Астананың аты Нұр-Сұлтан болып өзгертілгенде,қарсылық көрсеткендер аз болды.Осы елордамыз Нұр-Сұлтанға қарап,тұңғыш елбасымыздың  биліктегі 30 жылдық еңбегінің құр болмағанын  байқаймыз.

Еліміздің ертеңін Елордамызбен байланыстырған  тұңғыш Елбасымыз жаңа қаланың қарыштап дамуына баса назар аударды.Жас қаланың әр ғимаратының салынуына өз идеясын қосты.Мысалы,елорданың символы «Бәйтеректің» біз тұңғыш елбасы идеясымен салынғанын білеміз.

Бұл өзіндік мінез қалыптастырмаған Нұр- Сұлтан  тарихынан.Ал,бүгінде Нұр-Сұлтан еркелеп,көркейіп келе жатқан ,ажары әр арайланған таңмен үнемі өзгерісте отыратын жас қала.

«Асқан игілік пен ең биік кемелділік дәрежесіне ең алдымен қала жетпек» деген екен Әбу Насыр әл Фараби.Ал,бүгінде сол кемелділік дәрежесіне жас қаламыз жету үстінде.Серпінді түрде құрылып келе жатқан Нұр-Сұлтан 1999 жылдың өзінде- ақ ЮНЕСКО-ның «Әлем» қаласы мәртебесіне ие болды.Көптеген маңызды іс-шаралардың орталығына айналды.

Ер түріктің бесігіне айналған Түркістан кесенесін тұрғызған Ақсақ Темір кезінде былай айтыпты: «Ақиқатында біздің жайымыз ісімізден танылады.Сендер біздің құдіретімізге күдіктенсеңдер,зәулім ғимараттарымызға қараңдар».Қаншама ғасырды асырып,осы сөзді біз Нұр-Сұлтанға қарап айтсақ,жарасым тапқандай-ақ.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ