Асыл металдар туралы

0
2437
Freepik.com

Асыл металдарға алтын, күміс, платина және осы платина тобына жататын иридий, осмий, палладий, рутений және радий металдары жатады.

Басқа металдарға қарағанда, асыл металдар химиялық әсерлерге тұрақтылығымен, оңай иілгіштігімен (алтын, күміс), баяу балқығыштығымен (платина, т.б)  және әсемдігімен ерекшеленеді. Табиғатта асыл металдар құрамында аз  да болса қоспалар кездеседі. Ондай қоспалардан асыл металдарды сумен жуу, амальгамалау, сынып қоспасынан тазарту, цианды тұздар ерітіндісінде сүзу, тұндыру және афоринаттау, яғни тазарту арқылы алады.

Асыл металдардың беріктігін арттыру үшін құрамына мыс, мырыш, никельтағы басқа металдар қосады. Олардың құймаларынан құнды құймалар: металл, ақша, медальдар, тіс протезін жасайды.

Қазақстанда асыл металдардан алтын мен күміс өндіріледі. Алтынның елімізде 30-дан астам кен орыны бар. Ірілері: Арқарлы, Бақыршық, Майқайың тағы басқа. Олардан басқа қоспа түрінде Ақжол, Балқаш, Зырянов кеніштерінен де өндіріледі.

Күміс кен орындары: Бозшакөл, Қоңырат, Ақтоғай, Айдарлы, Бақыршық тағы басқа Платина кентастары елімізде өте сирек ұшырасады және оның мөлшері де аз.

Олар Бетпақдаланың, Солтүстік Балқаш, Солтүстік Ұлытау, Кемпірсай (Ақтөбе облысы), Шар (Шығыс Қазақстан облысы) өңірлеріндегі тау жыныстарында кездеседі. Кейінгі зерттеулерде Қалба жоталарындағы кейбір қорымдардан табылған.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т

География пәні бойынша басқа да ақпараттар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ