Ата-аналар жиналысына арналған тренинг

0
13615
Freepik.com

Тренинг мақсаты: Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс- тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату. Ата-аналардың тәрбиешілерімен, балабақшамен тығыз байланысын арттыру, балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету, бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал ету.

Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі -түсті  шарлар, жер жаңғағы,үлестірмелі сауалнама А-4форматта .

Әдістер: сұрақ-жауап, пікір алмасу, психологиялық жаттығулар.

Тренинг барысы:

«Сөйлемді жалғастыр» сәлемдесу жаттығуы.

«Тентек шар» жаттығуы.

«Жер жаңғағы» жаттығуы

«Мен және менің балам» сергіту жаттығуы

Қорытынды.

Психолог сөзі: Қайырлы күн, құрметті ата-аналар!Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі» атты тренингімізге қош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі-баланың жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, алдағы өмірлерінде оқудағы табыстары.

«Сөйлемді жалғастыр» сәлемдесу жаттығуы

Психолог тренинг қатысушыларына апельсинді бір-біріне бере отырып,                «Сәлем, бүгін тамаша күн, себебі…» сөйлемін жалғастыруды ұсынады.

«Тентек шар»-жаттығу.

— Келесі ойын «Тентек шар» деп аталады. Ол үшін Сіздер тығыз шеңбер құрып, шарды ауада көбірек уақыт бойы қалқытып ұстауларың қажет. Түрлі әдістерді қолдануға болады – үрлеу, баспен тигізу, аяқпен тебу, бірақ ең бастысы – қолмен тигізбеу. Бұл ойын Сіздер мен біздер біздің ортақ мәселемізді, яғни «балаға дұрыс тәрбие беру» мәселесін қалай бірлесіп шешетіндігімізге бағытталған.

— Ойын барысында қандай сезімде болдыңыздар? Шарды ауада ұстап тұру қиын болды ма?

Ата-аналар қалауы бойынша өз әсерлерін айтады.

«Жер жаңғағы»  жаттығуы.

Қазір сіздердің алдарыңызға жер жаңғақтары шашылады. Сіздер әрқайсыларыңыз бір жаңғақ алуларыңыз керек. Өз жаңғағыңызды зерттеуге 1 минут уақыт беріледі. Әркім өз жаңғағының пішініне, көлеміне, суретеріне, сызықтарына көңіл аударып, оны есте сақтау қажет.

Енді мен шеңбер бойымен жүріп, барлықтарыңның жаңғақтарыңызды жинап аламын да, араластырып, қайтадан ортаға шашамын. Өз жаңғағыңызды табыңыздар. Мынадай сұрақтарға жауап беріңіздерші:

Өз жаңғағыңызды қандай принцип бойынша таптыңыз? (түсі, пішіні, көлемі, ақаулары және т.б.)

Өз жаңғағыңызды тауып алу үшін қандай әдіс-тәсілдер қолдандыңыз? (жаңғақ белгілерін есте сақтадым немесе барлығы өздерінің жаңғақтарын тауып алғанын күттім).

Бір қарағанда барлық жаңғақтар ұқсас, бірдей секілді болып көрінеді екен. Алайда дұрыстап қарасаң – бірдей жаңғақ жоқ, барлығы алуан түрлі және индивидуалды. Адамдар да солай, соның ішінде балалар: өте әртүрлі, әркімнің өзіне ғана тән қайталанбас қасиеттері бар.

Оларды тек қана сезініп, түсіну қажет. Біздің әрқайсымыз өз ұстанымдарымызды, мінез-құлық ерекшелігімізді  таңдаймыз. Оны өмірінің барлық салаларында қолданады (отбасы, жұмыс, қоғамдағы қатынастары, бала тәрбиелеу). Мысалы: Жетекшілік  мінезділер– сіздердің араларыңыздан өз жаңғағын іздестіруде барша белсенділік танытқандар, яғни тапсырманы бірінші болып орындауға кіріскендер. Сірә, олар өмір жолынан тапжылмай жүріп, бала тәрбиесінде де белсенділік танытатын шығар.

«Пассивті мінез-құлық» – бұл адамдар тобына барлығы өз жаңғақтарын тауып, өзінікі ғана қалғанын күткен ата-аналар жатуы мүмкін. Мұндай адамдар көбіне әрекетсіз, жұмысында инициативті емес, тәрбиелеуде де белсенділік танытпайды.

— Балалар өз ата-аналарының мінез-құлқына еліктейтіні ғылыми дәлелденген. Яғни ата-ананың қолданымын да өз бойына сіңіреді деген сөз. Басқаша айтқанда, егер сізге жетекшілік қасиет тән болса, онда сіздің балаңыз да соны ұстанады.

«Мен және менің балам» сергіту жаттығу:

1.Тәрбиешінің толық аты-жөні.

2.Балаңыздың досының есімі кім?

— Бүгінгі кездесуімізді қорытындылайтын уақыт келді. Қалауларыңыз бойынша өз пікірлеріңізді айтыңыз… Бүгін қандай мағлұмат алдыңыз? Сіз үшін бұл пайдалы болды ма? Тағы да не білгілеріңіз келеді? Балабақша жұмысына қанағаттанасыз ба? Біз үшін қандай ұсыныстарыңыз бар?

Талқылау. Қоштасу

Дереккөз: internet-konkursy.com

Басқа материалдар:

  1. Балаларды тәрбиелеудің психологиялық қағидалары
  2. Ата-ананың психологиялық құзіреттілігі – бала саулығының кепілі
  3. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  4. Бірінші не көрдіңіз: түлкі ме, дельфин бе? 
  5. 4-5 жастағы балаларға арналған бинарлық сабақ


ПІКІР ҚАЛДЫРУ