ҚазҰУ еңбек нарығындағы ең қажетті мамандарды дайындайды

0
853
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Әлемнің екінші ұзтазы Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ең ірі және алдыңғы қатарлы оқу орны. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бүгінде 16 факультет, 7 кафедра, ғылыми-зерттеу институттары, әртүрлі мамандықтар бойынша докторлық диссертацияларды қорғауға арналған арнайы диссертациялық кеңестер, сонымен қатар біліктілікті арттыру институты бар. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бүгінде өз зерттеу нышаны қалыптасқан жетекші классикалық университет, Қазақстандағы жоғары ғылым, білім және инновациялар орталығы деп айтуға толық негіз бар.

Университетте кәсіби білім беру  көпсатылы жүйесі бойынша 25 мыңнан астам білімгер мен магистрант білім алуда. Бүгінгі таңда запастағы офицерлер шығаратын әскери кафедра бар. Сонымен қатар, әр түрлі үйірмелер бар: КВН, «ҚазҰУ хабаршысы», театрлық, интеллектуалдық және пікірталас, би ансамблі, мұражайлар.

Әл-Фараби университетінің көптеген түлектері таңдаған мамандығы бойынша жоғарғы санатты маман ретінде жұмыс жасауда. Университет тек білім беріп қана қоймайды, сонымен қатар жеке тұлғалық қасиеттерді — алға қойылған мақсаттарға жету қабілеттілігін, қарым-қатынас, бәсекеге қабілеттілік, стандартты емес ойлау қабілетін дамытады.

Әйгілі жазушы Р.Киплинг: «Білім — бұл жердегі тауарлардың ішіндегі ең маңыздысы, егер бұл жоғары сапа болса, керісінше, бұл мүлдем пайдасыз» деп жазды. Бұл жағынан ҚазҰУ студенттері сапалы білім ала отырып, өз саласының маманына айналады.

Жоғарыда айтылғандардың барлығынан ҚазҰУ университетінде адамның барлық жақсы қасиеттерін дамытуға барлық мүмкіндіктер жасалған. Себебі университетте осы аспектілер үшін барлық құралдар бар. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми, инновациялық және өндірістік әлеуеті зор. Сонымен, қазіргі жастардың білімге деген сұранысы ерекше деп қорытынды жасауға болады. Қорытындылай келе, 86 жылдық тарихы бар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әрдайым елдегі ең беделді университет болған және болып келеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филолгия және әлем тілдері факультеті Шетел тілі: екі шет тілі мамандыңының 4-курс студенті
Аманқулова Аружан
Жетекшісі: П. Медетбекова


ПІКІР ҚАЛДЫРУ