Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-таңғажайып мүмкіндіктер мекені

0
957
Менеджмент қағидасында мектепішілік басқару дағдыларын жетілдіру, педагогикалық квалиметрия әдістері

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті маңызды ғылыми-зерттеу институттарының бірі және сонымен бірге Қазақстан Республикасындағы көптеген ғылыми және кәсіптік салалардағы студенттер үшін ерекше білім беру ортасы болып табылады. Университеттің барлық бағыттары білімді жоғары деңгейде дамытады және өз күш-жігерінің нәтижелерін әлемге жеткізеді деп күтеді. Қазіргі кезде университет 37 мамандық бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университетте 2000-нан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 1000-нан астам ғылым докторы мен кандидаты, 100 академик пен 50 философия докторы бар.

       Университет жыл сайын 600-ден астам оқытушылар мен университеттің әкімшілік қызметкерлерінің халықаралық конференцияларға, шетелдік жоғары оқу орындары мен ұйымдардың ТМД, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Таяу Шығыс елдеріне шақыруымен кездесулер өткізеді. Жоғары оқу орындарының сапалық көрсеткіштерін бағалайтың QS рейтингтік агенттігінің зерттеу нәтижесінің қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің 800 үздік университеттері арасында 299-орынды бағындырып, әлемдік «Топ-300» үздік ЖОО-лардың қатарына енді. Университеттің жаңа формациясын жасау мақсатында ҚазҰУ биыл «Аl-Farabi university smart city» ғылыми-инновациялық жобасын іске қосты. Жоба технологиялық және рухани-адамгершілік тұжырымдардың біртұтастығы негізінде ғылыми, білім беру және әлеуметтік мәселелерді шешудің жаңа заманауи тәсілін ұсына отырып, университеттің кемелді ұрпақ дайындауына негіз болады.

ҚазҰУ қалашығы бірегей оқу ғимараттары мен тұрғындық кешендерімен ерекшеленеді. Университет құрамында: 14 оқу ғимараты, Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, тамақтану комбинаты, спорткомплекс, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы бар. Университетте қуатты білім алуға ұмтылған әрбір студент үшін бірқатар лайықты мүмкіндіктер бар. Қазақстандағы ең үлкен және бай кітапханалардың бірі ҚазҰУ-да орналасқан. Әбу Насыр әл-Фараби мұражайы — кітапханадағы барлық қонақтар үшін ашық жер.

      Бүгін еліміздің жетекші университеті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 85 жыл толып отыр. 1934 жылдың 15 қаңтары Қазақстандағы тұңғыш көп салалы университеттің ресми ашылу күні болып саналады. Университет құрылғаннан бері Қазақстанның әлеуметтік-саяси өміріне және экономикасына зор үлес қосып келеді. Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық ғылым және білім беру кеңістігінде өзінің лайықты орнын алып, жоғары білім саласындағы әлемдік көшбасшы университеттің біріне айналды. Елбасы Н.Назарбаев: «ҚазҰУ бастаған тоғыз ұлттық университетке біз үлкен үміт артамыз. Олар отандық жоғары білім берудің омыртқасы болуы керек», деген еді. Бұл үлкен баға.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология және әлем тілдері факультеті студенттері:
Тәңірберген А.Т.
Әбдіғапбар Ә.Ә
Жетекшісі: Медетбекова П.Т.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ