Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы

0
7947

1С.Сейфуллин шығармалары:
A) «Шағым»
B) «Терме»
C) «Жер қазғандар»
D) «Таза бұлақ»
E) «Домбыра»
F) «Сыр сандық»
G) «Көкшетау»

2. С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романы – … шығарма.
А) Лирикалық
В) Биологиялық
С) Тарихи
D) Өмірбаяндық
Е) Публицистикалық

3. С.Сейфуллиннің мектепке жазған оқулығы:
А) Математика
В) Тарих
С) Қазақ тілі
D) Әліппе
Е) Көркем әдебиет

4. С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңі не туралы?
А) Достық
В) Сандық
С) Домбыраның пернесі
D) Тауық
Е) Шың

5. І.Есенберлин қазақ әдебиетінде негізін салған жанр:
А) Новелла
В) Пьеса
С) Тарихи роман
D) Эссе
Е) Очерк

6. І.Есенберлиннің «Қаһар» романының кейіпкерлері:
A) Алтыншаш
B) Төрехан
C) Бопай
D) Кенесары
E) Тайлан
F) Ожар
G) Есіркеген

7. І.Есенберлин қалам тартпаған әдебиет жанры:
А) Поэма
В) Пьеса
С) Фантастика
D) Өлең
Е) Очерк

8. «Көшпенділер» трилогиясында қазақ халқының неше ғасырлық тарихы
баяндалған?
А) 3
В) 5
С) 6
D) 4
Е) 7

9. А.Сүлейменовтің төл шығармалары:
A) «Жендеттер»
B) «Кек»
C) «Бесін»
D) «Келіндер көтерілісі»
E) «Айтыс»
F) «Ситуациялар»
G) «Бесатар»

 10. А.Сүлейменовтің шығармашылығы жайлы жарық көрген кітап:
А) «Парасат падишасы»
В) «Адасқақ»
С) «Бесін»
D) «Шашылып түскен тіркестер»
Е) «Кек»

11. А.Сүлейменовтің Біржан сал өміріне арналған шығармасы:
А) «Жетінші палата»
В) «Адасқақ»
С) «Бесін»
D) «Бесатар»
Е) «Кек»

12. «А.Сүлейменовтің «Бесатары» – қызыл империяға қарсы атылған оқ»
деген пікірді айтқан:
А) Ә.Кекілбаев
В) Ә.Бөпежанова
С) А.Аханбайқызы
D) С.Елубай
Е) М.Қойгелдиев

13. А.Сүлейменовтің Мемлекеттік сыйлық алған шығармасы:
А) «Ситуациялар»
В) «Адасқақ»
С) «Бесін»
D) «Бесатар»
Е) «Арғымақ пен шабандоз»

147 «Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның
артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады» деген Міржақып Дулатұлының пікірін пайдаланып, мәтінді талда.

Тарих – үздіксіз даму үстінде болатын ғылым. Өткенін білмей, қазіргісі
мен болашағын бағалау мүмкін емес, қоғамның дұрыс бағытта дамуы үшін
азаматтардың тарихи сауаттылығы мен белсенділігі орасан зор маңызға ие.
«Тарихсыз халық жоқ» деген нақыл бекерге айтылмаса керек. Тарихын зерделеу арқылы тарихи сана, мәдениет, дәстүр, ұрпақтар сабақтастығы қалыптасады. Тарих болып жатқан оқиғаларды жан-жақты әрі тереңінен көре білу
қасиетін дамытады және болашаққа дұрыс қадам жасауға жәрдемдеседі
(Қазақ энциклопедиясы).

 Мәтін қандай үлгіде жазылған?
А) Естелік
В) Хат
С) Анықтама
D) Өлең
Е) Өсиет

15. Мына сөйлемдердің қайсысы жоғарыда берілген мәтіннің мәнін ашпайды?
А) Толған ел тарихын таспен жазады.
B) Елді ояту үшін тарихты ояту керек.
C) Тарихтың шертіп пернесін…
D) Өткендерін ескерген – өскендіктің белгісі.
Е) Тәуелсіздік – тарих тұлпарының қос тізгіні.

16. Тарихтағы «ақтаңдақтардың» себебі неге байланысты?
А) «Тарих» пәніне
B) Тастағы жазуларға
C) Мемлекеттегі саясатқа
D) Мұрағаттарға
Е) Тарихшыларға

17. «Тарих» пен «болашақ» сөздерінің арасындағы байланысты сызықтық,
тармақталған және циклдік алгоритмдердің бірін таңдау арқылы дәлелдеп
көрсет.

18. Мәтінде сын есімнен жасалған туынды зат есім саны:
А) 5
В) 2
С) 3
D) 1
Е) 4

19. Мәтінде айтылмаған сөзді белгіле:
А) Тарихи сана
В) Сабақтастық
С) Тарих тақтасы
D) Болашақ
Е) Тарихи мәдениет

20. Мәтінді оқып, сұраққа жауап бер.
А.Байтұрсынұлы: «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы – тарих. Тарихтың
қызметі – бүтін адам баласының яки бүтін бір жұрттың, иә бір топтың
өткен өмірін болған күйінде айнытпай айту. Түзу тарих түзу жасалуы
керек», – деген екен.
Не себепті? Дәлелде.

Дереккөз:  Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық. Р.Зайкенова,
Р.Сакенова, Л.Н.Нұрланова, 2020 жыл.

Ұқсас материал:

  1. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ
  2. Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
  3. «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі
  4. Ілияс Есенберлиннің өмірі туралы мәлімет
  5. Сәкен Сейфулиннің өмірі мен еңбек жолы
  6. Сәкен Сейфуллин өлеңдерінің идеясы мен мәні
  7. «Қайталау» теориясы туралы түсінік

ПІКІР ҚАЛДЫРУ