Қазақ әдебиетінен ҰБТ сұрақтары (ІІ нұсқа)

0
1798
Иллюстрация: Freepik.com
  1. Балуан Шолақтың шын атын анықтаңыз.

A) Мұхаммедқанапия.

B) Ақжігіт.

C) Нұрмағамбет.

D) Мұхамбеткерей.

E) Имамғабит.

  2. «Өмір сүргім келеді» деп аталатын шығарманың авторы кім екенін белгілеңіз.

A) С. Сейфуллин.

B) Б. Бұлқышев.

C) А. Жұмағалиев.

D) Қ. Аманжолов.

E) І. Жансүгіров.

  3. «Өтеген батыр» дастанының авторын табыңыз.

A) С.Сейфуллин.

B) І.Жансүгіров.

C) Б.Майлин.

D) М.Жұмабаев.

E) Ж.Жабаев.

  4. «Түркістан солай туған», «Индия очерктері» және «Өскен өркен» шығармаларының авторын табыңыз.

A) Ғ.Мүсірепов.

B) Ә.Әбішев.

C) М.Әуезов.

D) Ә.Әлімжанов.

E) З.Қабдолов.

  5. Теңеуді табыңыз.

Шұғыла шалғын кешкі бұлттай,

Толқын шашты оттар ойнар.

A) Шұғыла.

B) Бұлттай.

C) Кешкі.

D) Толқын.

E) Шалғын.

  6. Қарақалпақ жерінде туған қазақ ақынын табыңыз.

A) Т.Молдағалиев.

B) Қ.Мырзалиев.

C) Т.Айбергенов.

D) А.Бақтыгереева.

E) М.Шаханов.

  7. «Шығыстың Аристотелі» атанған адамды табыңыз.

A) Платон.

B) Қожа Ахмет Яссауи.

C) Әбу Насыр әл-Фараби.

D) Захириддин Мұхаммед Бабыр.

E) Әбу Әли Ибн Сина.

  8. ’’Алдар көсе’’ аңызында:

-’’Отырайын он ай,’’- деп төрге шығатын кейіпкерді табыңыз.

A) Алдар.

B) Шығайбай.

C) Бәйбіше.

D) Бай қызы.

E) Бізбикеш.

  9. «Балталы, Бағаналы ел, аман бол», — деп, туған жерімен қимай қоштасатын лиро-эпос жырындағы қыздардың атын табыңыз.

A) Баян сұлу.

B) Ай, Таңсық.

C) Еңлік.

D) Қыз Жібек.

E) Айман, Шолпан.

 10. «Сен алтынсың, мен пұлмын, Сен жібексің, мен жүнмін» деген өлең жолдарын Шалкиіз жырау кімге арнап айтқанын белгілеңіз.

A) Мұса биге.

B) Ханға.

C) Би Темірге.

D) Жолдасына.

E) Батырға.

 11. Ыбырай Алтынсариннің қай әңгімесінде Петр патша туралы айтылғандығын анықтаңыз.

A) «Қыпшақ Сейітқұл».

B) «Жомарт».

C) «Әке мен бала».

D) «Талаптың пайдасы».

E) «Асыл шөп».

 12. Бас-басына би болған өңкей қиқым,

Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын? – деген үзінді Абайдың қай өлеңінен алынғанын табыңыз.

A) “Жасымда ғылым бар деп ескермедім”.

B) “Қалың елім, қазағым”.

C) “Кемді күн қызық дәурен тату өткіз”.

D) “Сабырсыз, арсыз, еріншек”.

E) “Интернатта оқып жүр”.

 13. Абай шығарған нақыл сөзді көрсетіңіз.

A) Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

B) Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

C) Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дер.

D) Ер екі сөйлемейді.

E) Отан үшін отқа түс, күймейсің.

 14. Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы оқиға қай ханның тұсында болғанын табыңыз.

A) Шыңғыс хан.

B) Жәңгір хан.

C) Бөкей хан.

D) Абылай хан.

E) Жошы хан.

 15. С.Сейфуллиннің туған жеріндегі өзендерді табыңыз.

A) Жайық, Еділ.

B) Нұра, Есіл.

C) Сырдария, Әмудария.

D) Ертіс.

E) Іле, Шу.

 16. Абдолла Жұмағалиевтің бейнесін сомдаған ақынды табыңыз.

A) Қ.Мырзалиев.

B) Қ.Аманжолов.

C) Ж.Молдағалиев.

D) О.Сүлейменов.

E) А.Байтұрсынов.

 17. Есеней, Артықбай батыр, Шынар, Қанікей деген кейіпкерлер Ғ.Мүсіреповтің қай шығармасынан екенін белгілеңіз.

A) ’’Оянған өлке’’.

B) ’’Алғашқы адымдар’’.

C) ’’Кездеспей кеткен бір бейне’’.

D) ’’Амангелді’’.

E) ’’Ұлпан’’.

 18. Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» деген өлеңінің композициясын анықтаңыз.

A) Қаусырмалы композиция.

B) Ілгерінді-кейінді аттап суреттеу.

C) Мезгіл мен іс-әрекетті бастан аяқ ретімен бұлжытпай беру.

D) Айналмалы ретпен суреттеу.

E) Ретсіз жүретін ауыспалы композиция.

 19. «Ақ шағыл», «Кішкентай», «Даңқ пен дақпырт» романдарының авторын табыңыз.

A) Ф.Оңғарсынова.

B) Ж.Нәжімеденов.

C) Ж.Молдағалиев.

D) М.Мақатаев.

E) С.Мәуленов.

 20. «Адамнан адам озар немен артып,

Бұл сөзді ақылға сал, кірге тартып …» — деген тармақтардың авторын табыңыз.

A) Ғ.Қараш.

B) А.Құнанбаев.

C) А.Қорамсаұлы.

D) Ш.Құдайбердиев.

E) Ш.Бөкеев.

 21. «Ең алғаш менің өлең жазғаным 13 жасар кезім болса керек. Дұғалық жазатын кішкене ғана шолақ кітапшама тіленші шалға есік ашпаған бір кемпірді… өлең ғып жазып қойғанымды әкем көріп, маңдайымнан иіскегені әлі есімде»,— деген жолдар кімнің өмірбаянынан алынғанын табыңыз.

A) Ж.Аймауытов.

B) А.Байтұрсынов.

C) Ж.Жабаев.

D) С.Сейфуллин.

E) І.Жансүгіров.

 22. «Гималай» өлеңінің басталуын көрсетіңіз.

A) Сол күннен нұр ала алмай…

B) Буырқанып, бұрсанып…

C) Гималай – көктің кіндігі…

D) Ақшалап басын қар көміп…

E) Бұлттанып, құрсанып…

 23. М.Әуезовтің әңгімесін анықтаңыз.

A) «Қарагөз».

B) «Бүркітші».

C) «Еңлік-Кебек».

D) «Отелло».

E) «Асуға тұсау».

 24. С.Мұқановтың «Ботагөз» романындағы кейіпкерлердің сөйлеу тілінің ерекшелігін белгілеңіз.

A) Қарапайым сөйлеу тілі арнасы сақталған.

B) Кейіпкерлердің тілі күрделі, қиын.

C) Кейіпкерлер тілі өте әшекейлі, әсем.

D) Сезім тілімен сөйлеген.

E) Әр кейіпкердің өзінше сөйлеу ерекшелігі бар.

 25. Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі «Түбінде адам болатын бала» деген жолдарды кім айтқанын табыңыз.

A) Ахметов.

B) Афанасьева.

C) Мектеп директоры.

D) Қадыров.

E) Майқанова.

Дереккөз: Ұлттық Тестілеу орталығы

Ұқсас материал:

  1. Қазақ әдебиетінен ҰБТ сұрақтары (І нұсқа)
  2. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы
  3. Тест: Ақиық ақынның өлеңдерін қаншалықты жақсы білесіз?
  4. Эс­се жә­не оның түр­ле­рі
  5. Қазақ тілі бойынша тақырыптық тест сұрақтары
  6. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  7. Шешендік өнер тарихы
  8. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  9. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  10. Қашаған Күржіманұлының өміріне байланысты тест сұрақтары

ПІКІР ҚАЛДЫРУ