Қазақ әдебиетінен ҰБТ сұрақтары (ІІІ нұсқа)

0
1781
Иллюстрация: Freepik.com
  1. Қасым Аманжоловтың өзі «Сыр» деп те атап, жас ұрпақпен ашық сөйлесіп, мақсат-мүддесін, қуаныш-сүйінішін, сенімі мен дүдәмәлін ортаға салып сырласқан өлеңін анықтаңыз.

A) «Мен — табиғат бөбегі».

B)  «Дауыл».

C) «Өзім туралы».

D) «Үстімде сұр шинелім».

E) «Дариға, сол қыз».

  2. «Қазақстан үшін Әуезов – екінші Абай» — деп кім айтқанын анықтаңыз.

A) Н.Погодин.

B) М.Горький.

C) Ш.Айтматов.

D) Ғ.Мүсірепов.

E) Б.Матиф.

  3. «с» атты туындының авторын табыңыз.

A) С.Мұқанов.

B) М.Әуезов.

C) Ғ.Мүсірепов.

D) Б.Майлин.

E) Ғ.Мұстафин.

  4. Сонда Бурыл гуледі,

Табаны жерге тимеді,

Көлденең жатқан көк тасты,

Тіктеп тиген тұяғы

Саз балшықтай иледі.(«Қобыланды батыр») Үзіндідегі көркемдік тәсілді табыңыз.

A) Кішірейту (литота).

B) Алмастыру (метонимия).

C) Кекесін (ирония).

D) Әсірелеу (гипербола).

E) Мысқыл (сарказм).

  5. М. Мақатаевтың поэмасын табыңыз.

A) «Аққудың айрылуы».

B) «Құлагер».

C) «Көкшетау».

D) «Аққулар ұйықтағанда».

E) «Адасқан өмір».

  6. Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романында қай өңір балықшыларының трагедиялық өмірі суреттелетінін көрсетіңіз.

A) Арал балықшыларының өмірі.

B) Жайық өңірі балықшылары.

C) Каспий балықшыларының тұрмысы.

D) Алакөл балықшыларының тіршілігі.

E) Балқаш балықшыларының жағдайы.

  7. ’’Құтадғу білік’’ (’’Құтты білік’’) атты еңбектің авторын табыңыз.

A) Махмуд Қашқари.

B) Хорезми.

C) Әл-Фараби.

D) Қожа Ахмет Иассауи.

E) Жүсіп Баласағұн.

  8. Асан қайғының:

Ашу – дұшпан, артынан

Түсіп кетсең қайтесің.

Түбі терең қуысқа, — деген өлең үзіндісі қандай мәселені қозғағандығын анықтаңыз.

A) Теріс мінез.

B) Махаббат.

C) Сөз өнері.

D) Достық.

E) Ел бірлігі.

  9. Қарабай мен Қодардың Қозы Көрпешке жасаған жамандығын табыңыз.

A) У береді.

B) Қызын бергісі келмей, бақа айғырға мініп қашады.

C) Ел шетіне кіргізбейді.

D) Елден қуып жібереді.

E) Қой бақтырып қояды.

 10. «Балаларыма өсиет» өлеңінің авторын табыңыз.

A) Шалкиіз.

B) Қазтуған.

C) Ақтамберді.

D) Шернияз.

E) Жиембет.

 11. «Шоқан жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз, «Европаға ашқан терезе» сықылды болды», — деген сөздің авторын табыңыз.

A) С. Дуров.

B) Ф. Достоевский.

C) Н. Костылецкий.

D) Г. Потанин.

E) И. Березин.

 12. А.Құнанбайұлының өзі шығарған өлең-әндерінің санын анықтаңыз.

A) 10 шақты.

B) 15 шақты.

C) 30 шақты.

D) 20 шақты.

E) 25 шақты.

 13. Абай дұрыс еместігін дәлелдеген мақалды белгілеңіз.

A) Отан үшін отқа түс, күймейсің.

B) Қыз – елдің көркі.

C) Қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол.

D) Ата-анадан  мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті.

E) Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.

 14. Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» дастанындағы Мамырдың қандай қыз екенін белгілеңіз.

A) Әнші, батыр қыз.

B) Сұлу, көркем қыз.

C) Көрікті де ашушаң қыз.

D) Оқыған, ақын қыз.

E) Сұлу, ақылды, еркекшора қыз.

 15. С.Сейфуллиннің сөзін де, әнін де өзі шығарған туындысын көрсетіңіз.

A) «Сыр сандық».

B) «Маржан».

C)»Тау ішінде».

D) «Тұлпарым».

E) «Аққудың айрылуы».

 16. Жамбыл бастаған халық поэзиясының көрнекті өкілдерін атаңыз.

A) С.Дөнентаев, С.Көбеев.

B) Ш.Иманбаева, И.Байзақов.

C) А.Тоқмағанбетов, Ө.Тұрманжанов.

D) Х.Досмұхамедов, Ғ.Сланов, Қ.Кемеңгеров.

E) Н.Байғанин, К.Әзірбаев, Н.Бекежанов.

 17. Мейрам (Ғ.Мұстафин) қай романның кейіпкері екенін табыңыз.

A) «Дауылдан кейін».

B) «Миллионер».

C) «Шығанақ».

D) «Қарағанды».

E) «Көз көрген».

 18. «Шырайды қайғы жасырмай,

Күлкінің ерні кезермес«, — деген Абай өлеңіндегі асты сызылған сөздер троптың қай түріне жататынын белгілеңіз.

A) Метафора.

B) Символ.

C) Аллегория.

D) Кейіптеу.

E) Синекдоха.

 19. Халықтық дәстүрді, ұлттық өнерді қастерлеп, бағалауға арналған «Оюлар» атты өлеңнің авторын табыңыз.

A) М.Шаханов.

B) С.Мәуленов.

C) Ж.Молдағалиев.

D) Ф.Оңғарсынова.

E) Қ.Аманжолов.

 20. Ы.Сандыбайұлының: «Жасымнан халқымды сұлу сөздің нәріне қандырған ақын едім. Халқым да мені еркелетіп, маңдайымнан сипап құрмет тұтты. Соның арқасында Сарыарқаны сайрандап ғұмыр кештім»,-деп өз өміріне шолу жасаған шығармасын табыңыз.

A) «Мақпал».

B) «Жаңғызтау».

C) «Қаралдым».

D) «Қалдырған».

E) «Арарай».

 21. Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романында Ғалидың әкесінің атын есіңізге түсіріңіз.

A) Сәрсенбай.

B) Дүйсенбай.

C) Дүйсебек.

D) Жұман.

E) Байжан.

 22. «Тез барам» деген өлеңнің авторын табыңыз.

A) Т.Айбергенов.

B) Қ.Мырзалиев.

C) М.Жұмабаев.

D) М.Мақатаев.

E) Ж.Молдағалиев.

 23. І.Жансүгіров ²Әнші² өлеңін арнаған әнші-ақынды табыңыз.

A) Жаяу Мұса.

B) Балуан Шолақ.

C) Әсет.

D) Ақан сері.

E) Біржан сал.

 24. Жеңгелерінің Абайға кішкене кезінде қойған атын белгілеңіз.

A) Мырза бала.

B) Телғара.

C) Ерке бала.

D) Тетелес.

E) Кішкене бала.

 25. Ғ.Мүсірепов шығармасын табыңыз.

A) «Сөніп-жану».

B) «Барымта».

C) «Қыр суреттері».

D) «Жат қолында».

E) «Қарагөз».

Дереккөз: Ұлттық Тестілеу орталығы

Ұқсас материал:

  1. Қазақ әдебиетінен ҰБТ сұрақтары (І нұсқа)
  2. Қазақ әдебиетінен ҰБТ сұрақтары (ІІ нұсқа)
  3. Тест: Ақиық ақынның өлеңдерін қаншалықты жақсы білесіз?
  4. Эс­се жә­не оның түр­ле­рі
  5. Қазақ тілі бойынша тақырыптық тест сұрақтары
  6. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  7. Шешендік өнер тарихы
  8. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  9. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  10. Қашаған Күржіманұлының өміріне байланысты тест сұрақтары
  11. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ