Қазақ әдебиетінен ҰБТ тапсырмалары (ІІІ нұсқа)

0
1163
Иллюстрация: Freepik.com

1. Немістің ұлы ақыны Гетемен ой бөлісетін қаламгерді табыңыз.
A) Г.Бельгер.
B) А.Құнанбайұлы.
C) Б.Бұлқышев.
D) Қ.Аманжолов.
E) Ж.Саин.

2. Жамбылдың ұстазын белгілеңіз.
A) Дулат.
B) Орынбай.
C) Шөже.
D) Шортанбай.
E) Сүйінбай.

3. «Қазақстан үшін Әуезов – екінші Абай» — деп кім айтқанын анықтаңыз.
A) Б.Матиф.
B) М.Горький.
C) Н.Погодин.
D) Ғ.Мүсірепов.
E) Ш.Айтматов.

4. Көркем шығармада суреттелетін табиғат көрінісі қалай аталатындығын табыңыз.
A) Монолог.
B) Пейзаж.
C) Мінездеу.
D) Арнау.
E) Диалог.

5. Ана мен жылқышының диалогі М.Мақатаевтың қай шығармасында кездесетіндігін анықтаңыз.
A) «Моцарт».
B) «Жан азасы».
C) «Аққулар ұйықтағанда».
D) «Ару ана».
E) «Райымбек, Райымбек».

6. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» туындысында жалғыз шалдың неге шегара бұзып, тау асып келе жатқанын табыңыз.
A) Жаулардан қашып келеді.
B) Туған жеріне келеді.
C) Түрмеден қашып келеді.
D) Мал ұрлау үшін келеді.
E) Адасып келеді.

7. Бөрідей жұрт ұсылып,
Айқаймен жаға жыртысып,
Өкірген үнін өшіртіп, жылаған көзден жас өрер, — деген үзінді алынған жырды белгілеңіз.
A) «Тоныкөк» жыры
B) «Оғыз қаған жыры»
C) «Күлтегін» жыры
D) «Қорқыт ата кітабы»
E) «Алып-Ер Тұңғаны жоқтау»

8. Желмая мініп жер шалсам,
Тапқан жерге ел көшер, — деген жолдарды кім айтқандығын табыңыз:
A) Асан қайғы.
B) Доспамбет.
C) Шалкиіз.
D) Бұқар жырау.
E) Қазтуған.

9. Қырымның қырық ханының ең үлкені–Ақша ханның еліне баратын батырды табыңыз.
A) Қамбар.
B) Орақ.
C) Алпамыс.
D) Мамай.
E) Ер Тарғын.

10. Жиембет жырау:
Хан ие, ісің жол емес.
Жолбарыстай Жиембет,
Құрбандыққа қол емес, — деген жолдарды қай өлеңде айтқанын белгілеңіз.
A) ’’Қол-аяғы бұғауда’’.
B) ’’Басы саудың түгел дүр’’.
C) ’’Алаштан байтақ озбаса’’.
D) ’’Жақсы үгітте’’.
E) ’’Әмірің қатты Есім хан’’.

11. Шоқанның Қашқарға барғандағы лақап атын көрсетіңіз.
A) Мұхаммед-Қанафия.
B) Әзімбай.
C) Әлімқұл.
D) Шоқан.
E) Әлімбай.

12. Абайдың ел ішінің ісіне неше жастан бастап араласқанын анықтаңыз.
A) 21 жастан.
B) 17 жастан.
C) 13 жастан.
D) 15 жастан.
E) 19 жастан.

13. Ескендір Зұлқарнайынның тәрбиешісі болған ұлы ғалымды атаңыз.
A) Аристотель.
B) Эдиссон.
C) Сократ.
D) Дарвин.
E) Платон.

14. «Оян, қазақ» өлеңінің авторын табыңыз.
A) А.Байтұрсынов.
B) Ш.Құдайбердіұлы.
C) О.Шипин.
D) М.Дулатов.
E) С.Сейфуллин.

15. Б.Майлиннің поэмасын табыңыз.
A) «Он бір күн, он бір түн».
B) «Лашын әңгімесі».
C) «Сұлушаш».
D) «Қорқыт».
E) «Қанай».

16. «Дариға, сол қыз» өлеңінің авторын табыңыз.
A) Мұқағали Мақатаев.
B) Төлеген Айбергенов.
C) Сырбай Мәуленов.
D) Тұманбай Молдағалиев.
E) Қасым Аманжолов.

17. Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетінде оқыған қаламгерді табыңыз.
A) М.Жұмабаев.
B) С.Сейфуллин.
C) С.Дөнентаев.
D) Ғ.Мұстафин.
E) Ғ.Мүсірепов.

18. Шумақтағы бунақ санын анықтаңыз.
Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін,
Алынбаған ақым бар сенде менің.
Бұйрат құмдар-бұйығып шөлдегенім,
Бура бұлттар-бусанып терлегенім.
A) 3.
B) 2.
C) 5.
D) 4.
E) 1.

19. 1939 жылы Атырау өңіріндегі Манаш аулында туған ақынды көрсетіңіз.
A) Ш.Құдайбердіұлы.
B) М.Шаханов.
C) Ф.Оңғарсынова.
D) А.Құнанбаев.
E) Ы.Алтынсарин.

20. “Жұпар мен гүл майының иісін білмес,
Зұлматтың тұмауымен біткен мұрын,”- деген үзінді Ақанның қай өлеңінен алынғандығын көрсетіңіз.
A) “Құлагер”
B) “Заман адамы”
C) “Заман төреге”
D) “Асыл мен жасық”
E) “Жүсіп төреге”

21. «Еңлік — Кебек» поэмасының авторын белгілеңіз.
A) Жүсіпбек Аймауытов.
B) Сұлтанмахмұт Торайғыров.
C) Хамит Ерғалиев.
D) Шәкәрім Құдайбердіұлы.
E) Ілияс Жансүгіров.

22. 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан «Мағжан Жұмабайұлы өлеңдері» атты жинақтың алғы сөзін жазған мемлекет қайраткерін табыңыз.
A) Сұлтанбек Қожанов.
B) Тұрар Рысқұлов.
C) Ахмет Байтұрсынов.
D) Халел Досмұхамедов.
E) Әлихан Бөкейхан.

23. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынайдың асында Құлагермен бірге жарысқа түскен аттың санын табыңыз.
A) 1500.
B) 500.
C) 1300.
D) 900.
E) 1000.

24. «Мен Құнанбай баласы (Тәкежан) өзіміздей адам баласы екенін таныттым. Ұрсаң, оған таяқ өтетін, жұлқысаң оның да жыртылатын жағасы барын таныттым»,- деген сөздердің иесін табыңыз.
A) Дәркембай.
B) Оразбай.
C) Бөжей.
D) Базаралы.
E) Сүйіндік.

25. С.Мұқановтың «Ботагөз» романындағы кейіпкерлердің сөйлеу тілінің ерекшелігін белгілеңіз.
A) Әр кейіпкердің өзінше сөйлеу ерекшелігі бар.
B) Кейіпкерлердің тілі күрделі, қиын.
C) Кейіпкерлер тілі өте әшекейлі, әсем.
D) Сезім тілімен сөйлеген.
E) Қарапайым сөйлеу тілі арнасы сақталған.

Ұқсас материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ