Қазақ халқының асыл мұрасы (сұрақ-жауап ойыны)

0
6742
Freepik.com

Бірінші топтама: Тұрмыс-салт және тарихи жырлар.

Сұрақтар үлгісі:

1. Төрт түліктің иесін ата?
Қой – Шек-Шек ата
Жылқы – Қамбар ата
Түйе – Ойсыл қара
Сиыр – Зеңгі баба

2. Әдет-ғұрып өлеңдерінің қандай түрлерін білесіңдер?
Жар-жар, Сыңсу, Беташар, Жоқтау, Тойбастар.

3.Нәресте дүниеге келгенде қазақтар қандай жыр айтқан?
Бесік жыры

Екінші топтама: Халық ертегілері мен аңыздары және ертегі кейіпкерлері.

Сұрақтар үлгісі:

1. Қазақ ертегілерінің түрлерін ата?
Қиял-ғажайып, тұрмыс-салт, хайуанаттар жайлы

2. Жаздың қайнап тұрған ыстық күні жылқымды суарайын деп
құрық үстіне құрық салып, жау тигендей қуалап, айдын шалқар бір көлге
келсем, тақсыр-ай, күннің ыстығын содан білерсіз, көлдің суы кісі бойы,
қол ұсыным мұз болып қатып қалыпты. Қазақ халқының қай ертегісінен?
Қырық өтірік

3. Тышқан не айтарын білмей тұрды да, іштей қулық ойлап, жиналғандарға былай деді: “Бұл таластан ешнәрсе өнбес. Жаңа жылды қарай тұралық. Кім бұрын көрсе сол жыл басы болсын”… Бұл қай ертегі?
Жыл басына таласқан хайуанаттар

4. Көктегі, жердегі, жер астындағы өмір туралы жазылған халқымыздың ауыз әдебиетінде ерекше орын алатын батырлар ертегісі?
Ер Төстік

5. “Ұр, тоқпақ” ертегісіндегі үш қасиетті затты атаңдар?
“Піс, қазан”, “Құс, есек”, “Ұр, тоқпақ”

Үшінші топтама: Халық жұмбақтары мен мақал-мәтелдері.

Сұрақтар үлгісі:

1. Отан туралы үш мақал айт.

2. Білім туралы үш мақал айт.

3. Еңбек туралы үш мақал айт.

Жұмбақтың жауабын шеш.

1. Тындырып адам жұмысын,
Тазартып үйдің жуды ішін.
Кейде дауыл соғады,
Кейде ішіне сорады.
(Шаңсорғыш)

2. Ішігіне мұз қатқан,
Өзін-өзі мұздатқан.
(Тоңазытқыш)

3. Жылыны суытпайды
Суықты жылытпайды.
(Термос)

4. Ымырт түсе шығамын,
Таң атқанда батамын.
Көк теңізде шашылып,
Көзімді ілмей жатамын.
(Жұлдыздар)

5. Бір нәрсе білмегенді білгізеді,
Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді.
Жалғанда әңгімесі сондай қызық,
Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді.
(Кітап)

6. Бір ұзын ағаш, ағаштың үстінде он екі ұя, әр ұяда төрт-төрт
тұқым, әрбір тұқымда жеті балапан бар.
(Бір жыл, он екі ай, төрт жұма, жеті күн)

Төртінші топтама: Батырлар жыры.

Сұрақтар үлгісі:

1. Негізгі тақырыбы елін, жерін қорғауға арналған қазақфольклорының жанрын атаңдар?
Батырлар жыры

2. Қандай батырлар жырын білесіңдер?
Қобыланды, Ер Тарғын, Қамбар, Алпамыс, Ер Қосай

3. Батырлар жырының ең көнесі?
“Алпамыс батыр” жыры

4. Қобыланды батыр жырындағы батырдың адал жары, ақылшысы?
Құртқа

5. Қай жырда Сыпыра жырау аталық сөз айтады?
“Ер Тарғын” жыры

6. Алпамыс батырдың сәйгүлігі?
Байшұбар

7. Қобыланды батырға қарсы шыққан айлалы қалмақ батыры?
Алшағыр

8. Батырлар жырының ішінде ең алғаш хатқа түсіп, жарық көрген жыр?
“Ер Тарғын”

9. Алпыс үйлі арғынды, тоқсан үйлі тобырды асыраған, кедей шаруадан шыққан алып, күшті батыр?
Қамбар батыр

10. Қамбарға ғашық болған бай қызы
Назым

Бесінші топтама: Лиро-эпостық жырлар.
Сұрақ үлгілері:

1. Қандай лиро-эпостық жырларды білесіңдер?
Қозы-Көрпеш – Баян сұлу, Қыз Жібек, Айман-Шолпан

2. Қазақ лиро-эпосының ішіндегі ең көнесі?
“Қозы Көрпеш – Баян сұлу”

3. Әуелеп ұшқан алты қаз,
Жерге неге қонбайсың.
Сіздер тірі мен өлі
Жатырсың неғып демейсің?
Қасірет-қайғы халімді
Неге келіп білмейсің? – бұл қай жырдағы кімнің зары?
“Қыз Жібек” жырындағы Жібектің Төлегенді
жоқтап алты қазға айтқан зары

4. “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырын алғашқы зерттеуші қазақ ғалымы?
Ш.Уәлиханов

5. Махаббат мұнарасы – “Еңлік – Кебек” зираты қай жерде орналасқан?
Семей облысы, Абай ауданы, “Шұбар-Төбе” тауында

6. “Қыз Жібек” жыры алғаш рет қай жылы баспа бетін көрді?
1894 жылы

7. Қозы Көрпеш – Баян сұлу мазары қай жерде орналасқан?
Семей облысы, Аягөз ауданы, Таңсық селосына таяу жерде.

Басқа материалдар:

  1. Жасай бер, Ана тілім — Қазақ тілі! (Тақырыптық кеш)
  2. Тіл — біздің тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (Әдеби ертеңгілік)
  3. Тіл жаның, тіл — қаның, тіл-арың, тіл — әнің (Әдеби ойын – сайыс)
  4. «Жас математик» интеллектуалдық сайысы
  5. Математикадан «Ғажайыптар әлемі» сайысы
  6. «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы
  7. «Білімді информатик» сайысы
  8. Жасанды интеллект деген не?
  9. Информатика пәніне қатысты глоссарий
  10. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет
  11. «Заман шындығы» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ