Ана тілі туралы даналардан жеткен сөз

0
2139

Тәрбие басы – тіл.

М.Қашқари

Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.

Ғ.Мүсірепов

Ана тілін білмейтін адам – бір қолы жоқ шолақ адам сияқты.

Ғ.Мұстафин

Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып, ел-жұртыңды сүйе алмайсың.

К.Паустовский

Тіл жоқ жерде — ұлт жоқ.

Ш.Айтматов

Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады.

Г.Гегель

Халықтың тіліне қиянат жасау – оның жүрегін жаралау.

Г.Лаубе

Ана тілін шекараны қорғағандай қорғау керек.

П.Вяземский

Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Ақылдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады.

Абай

Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі.

Ж.Аймауытов

Бұл дәуірде, өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес.

М.Әуезов

Тілдің тірікшіліктегі мәніне қазақ ежелден көңіл бөлген. Сондықтан ьда “өнер алды- қызыл тіл” дейді.

С.Мұқанов

Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік.

К.Паустовский

Егер ертең туған тілім жоғалар болса, мен бүгін өлуге даярмын.

Р.Ғамзатов

Тіл – ұлттың жан дүниесі.

Л.Толстой

Қандай да болсын халықтың әдет-ғұрпын үйренгің келсе, алдымен оның тілін үйрен.

Пифагор

Басқа материалдар:

  1. «Жас математик» интеллектуалдық сайысы
  2. Математикадан «Ғажайыптар әлемі» сайысы
  3. «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы
  4. «Білімді информатик» сайысы
  5. Жасанды интеллект деген не?
  6. Информатика пәніне қатысты глоссарий
  7. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет
  8. «Заман шындығы» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ