Қазақстан тарихынан ҰБТ сұрақтары жауабымен (І нұсқа)

0
9377
Freepik.com

Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест тапсырмалары. Оқушының білімін арттырып, тестке өздігінен дайындалуға септігін тигізеді.

  1. Мезолит заманының басты жаңалығы:
    А) Тобырдың пайда болуы
    В) Қыш ыдыстардың жасалуы
    С) Кен өндірудің пайда болуы
    Д) Тайпаның пайда болуы
    Е) Садақ пен жебенің пайда болуы
  2. Кир бастаған парсылар сақтармен соғысқан жыл:
    А) Б.з.б. 451 ж
    В) Б.з.б. 519 ж
    С) Б.з.б. 490 ж
    Д) Б.з.б. 530 ж
    Е) Б.з.б. 453 ж
  3. Қимақтар VII ғасырдың басында мекендеді:
    А) Моңғолияның солтүстік батысын
    В) Моңғолияның шығысын
    С) Тарбағатай, Алакөл аймағы
    Д) Алтай мен Балқаш аралығын
    Е) Оңтүстік Қазақстанды
  4. Маңғыстауда айдауда болған украин ақыны Т.Г.Шевченконың  қазақтардың өмірі туралы суреттері
    А) «Салт атты қырғыз»
    В) «Көші»
    С) «Мал айдау»
    Д) «Қоңыр»
    Е) «Алтыбасар»
  5. 1538-1580 жылдары билік құрғақ қазақ ханы:
    А) Бұрындық
    В) Есім
    С) Тәуке
    Д) Қасым
    Е) Хақназар
  6. «Қалан» салығының мағынасы:
    А) балықшыларға салынатын салық
    В) еңбекке жарамды адамдар табысынан алынатын  салық
    С) еңбек құралын пайдаланғаны үшін алынатын салық
    Д) жер көлеміне байланысты егіншілерге салынатын салық
    Е) мұқтаж адамдар үшін мешітке беретін салық
  7. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанға қоныс аударғандар: 
    А) Кәрістер мен немістер
    В) Қырым мен татарлары мен месхеті түріктері
    С) Гректер мен күрдтер
    Д) Ұйғырлар мен дүнгендер 
    Е) шешендер мен ингуштер
  8. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының негізі қаланған мерзім:
    А) 1996 жылы сәуір
    В) 1992 жылы наурыз
    С) 1991 жылы желтоқсан
    Д) 1995 жылы желтоқсан
    Е) 1995 жылы мамыр
  9. Қоқан қаласы астанасы болған автономия:
    А) Алаш автономиясы
    В) Түркістан АКСР-і
    С) Қазақ АКСР-і
    Д)1995 жылы желтоқсан
    Е)  Түркістан автономиясы 
  10. «Қырғыз (қазақ) халқының 1000 әні» және «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» жинақтарының авторы:
    А) А.Жұбанов
    В) Н. Тілендиев
    С) А. Затаевич
    Д) Е.Рахмадиев
    Е) Ә.Қашаубаев
  11. 1859 жылы Ұлы жүз бен қырғыз елінің солтүстік шекарасына тұрғызылған бекініс:
    А) Қоқан
    В)Іле
    С) Торғай
    Д) Кәстек
    Е) Лепсі
  12. 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалысқа белсене қатысқан ақын: 
    А) С.Асфендияров
    В) М.Дулатұлы
    С) Қ.Аманжолов
    Д) Т.Жароков
    Е) Ж.Саин
  13. 1847 жылы қырғыз жеріндегі шайқаста Кенесарыдан бөлініп кеткен Ұлы жүздің биі:
    А) Дәуітбай
    В) Сыпатай
    С) Бекболат
    Д) Боранбай
    Е) Масан
  14. Батыс Сібір генерал-губернаторлығының алғашқы әкімшілік орталығы болған қала
    А) Томбы
    В) Атбасар
    С) Қостанай
    Д) Ақмола
    Е) Тобыл
  15. 1947 жылы «Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет  институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы» қаулысы негізінде ғылыми мұраны зерттеуге тыйым салынған аралық:
    А) Индустрияландыру кезіндегі
    В) Қазан төңкерісіне дейінгі кезең
    С) 1918-1920 жылдардағы
    Д) Ұжымдастыру кезіндегі
    Е) Ұлы Отан соғысына дейінгі кезең
  16. 1991 жылы 1 желтоқсанда Республикада болған оқиға: 
    А) Жоғарғы Кеңес сайлауы
    В) Президент сайлауы
    С) Мәжіліс сайлауы
    Д) Референдум
    Е) Конституция қабылданды
  17. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнаған мерзімі
    А) 1917 ж. қазан — 1920 ж қаңтар
    В) 1917 ж наурыз — 1918 ж мамыр
    С) 1917 ж қазан  — 1918 ж сәуір
    Д)1917 ж қазан — 1918 ж наурыз
    Е) 1917 ж сәуір — 1918 ж маусым
  18. 1989 жылы шілде айындағы Қарағанды шахтерлерінің саяси талаптары:
    А) Ауғанстаннан АҚШ әскерлерін шығару
    В) Қарағанды қаласын еркін экономикалық аймақ деп жариялау
    С) Қазақ тілін мемлекеттік дәрежеге көтеру
    Д) Одақтық министрліктің монополиясын жою
    Е) Жастар арасындағы жұмыссыздықты жою
  19. Оқиғалардың хронологиялық ретін анықтаңыз:
    1. Тың және тыңайған жерлердің игерудің басталуы; 2. Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы; 3. Семей ядролық полигондағы алғашқы жер үсті жарылысы; 4. КСРО-ның соңғы Конституциясын қабылдау;
    А) 2,3,4,1
    В) 3,2,4,1
    С) 2,3,1,4
    Д) 3,2,1,4
    Е) 3,4,2,1
  20. «Жаратушының рақымымен біз, ұлы император және Ресейдің дара билеушісі, қайырымды, әділ, қаһарлы, айбатты, көреген патша Петр Феодоровия, осы жоғарғы бұйрығымызбен біздің нағыз шын берілген бодандарымызға және бізге адал қызмет етуші қырғыз-қайсақ ханының ұлы Досалы сұлтанға осы арнайы жіберіліп отырған жаушылар арқылы біздің осы жоғарғы бұйрығымызды жариялаймыз және ол жұрттың барлығына жария болсын. Егер жаратқан Құдай жар болып, аманшылық-саушылық болса, сіздердің барлығыңызды  жер-су, орман-тоғай, қару-жарақ, қорғасын, азық-түлік, киім, ішіп-жем және ақшамен көл-көсір етіп сыйлаймыз. Тек қана сіздер еш жаққа ауытқымай, осы жіберіліп отырған жоғары мәртебелі бұйрыққа сай маған шын бодандық пейілде болуларың қажет. Бірақ, біз болып, ондайларды өз жағымызға тартуымыз қажет, сондықтан да осы бұйрыққа өзім қол қойып, мөрімді басып, жіберіп отырамын. Аяқ жағына Мен, Үшінші Петр, өз қолымды қойдым.
    Мәтіндегі Е.И.Пугачевтің өтінішіне жауап ретінде Кіші жүз сұлтаны Досалының әрекетін анықтаңыз.
    А) Кіші жұз сұлтаны Патша үкіметі жағына шығып кетті
    В) Кіші жұз сұлтаны көтеріліс жетекшісіне әскери көмек көрсетуді ұйғарды
    С) Кіші жұз сұлтаны көтеріліс жетекшісіне көмектесуден бас тартты
    Д) Кіші жұз сұлтаны  Нұралы ханнан ақыл-кеңес сұрады
    Е) Кіші жұз сұлтаны жасағымен Мұғалжар тауларына қарай көшіп кетті

Дереккөз: Қазақстан тарихы оқу-әдістемелік құралы, 2020

Ұқсас материалдар: 

  1. Қазақстан тарихынан тест тапсырмалары (І нұсқа)
  2. Қазақстан тарихынан ҰБТ тапсырмалары (ІІ нұсқа)
  3. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  4. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  5. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  6. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  7. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  8. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ