Қазақстанда шығаралатын автокөліктер

0
613

Нұрлы болашақтың даңғыл жолында кімде-кімнің болмасын жүйткіген
тұлпар болмағы рас. Өз күшіне ерік беріп, көп арман етумен бағысуда. Бізде
бүгінгі ойында жеңімпаз атануымызға үміткерміз. Сергелдең сапырыла
бұйырған Тәуелсіздік бізге шаттық пен бақыт сыйлады. Қазір де
егемендігімізді ту етіп, еңселі ел болғанымызға жиырма сегіз жылдың төрі
толды. Қазақстан мелекетіндегі ынтымақ пен тұрақтылық, бейбітшілік пен
келісім жалғаспалары арқасында осындай жетістіктерге қол жеткіздік. Әрине,
тәуелсіздік жылдары көп істер іске асырылды. Жас мемлекетімізде саяси
тұрақтылық, ұлтаралық достық шебі қалыптасып, қазақ халқының береке,
бірлігі артты. Білім мен ғылым, технология дамыған заманында мектептер
мен жоғары білім беретін университеттер, балабақшалар салынып жатыр.
Сан түрлі мамандықтар ашып, ел дамуына үлес қосатын азаматтар өсіп
келеді. Бүгінгі заңғар тұсын талқы етіп, қалың жұртқа томшалап ой елегінен
өткізер тақырыбымыз, елімізді аса ірі саудасымен даңқты машина жасау
кәсібі болмақ.

Машина жасау — еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының ең
басым саласы. Индустрияландыру салмақты бағдарламасын іске асырған
жылдары машина жасау — ең серпінді дамыған салалардың бірегейіне
айналған болатын: ондағы өндіріс көлемі 3 есеге өсті және 2018 жылы 1 трлн
теңгеден асты. 2019 жылы жоғарғы өсу қарқыны сақталып қалатынына да
сеніміміз шүбәсіз. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
хабарлағандай, индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асырған жылдары
елімізде машина жасау саласында 276 млрд теңгеге жуық сомаға 114 жоба
іске асырылып, 11 мыңға жуық жаңадан жұмыс орны құрылды.

Жалпы қорытпа есептің тобықтай есептіңт торсықты мәлімдемесі
бойынша, 2000 жылдан бастап Қазақстанда машина жасау өндірісінің көлемі
24 есеге өсіп, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 1,1 трлн теңгені
еншіліген деседі.Саланы жетік дамытуға Alstom, General Electric, СМС–JAC
Motors, Hyundai және басқалары тәрізді ірі трансұлттық корпорациялар
тартылды. Экспортқа арналған өнім шығару желісі кеңейтіліп, аса сұранысқа
ие болардай бағытын бұрмалай білді десек те артық емес.Ағымдағы жылы
сәуір айында «Hyundai» маркалы жеңіл автомобильдер шығаратын «Hyundai
Trans Kazakhstan» ЖШС жаңа зауытының алғашқы іргетасы қаланды.

Қытайлық серіктестермен ынтымақтастық шеібердің шылдыр аясында
шиналар мен двигательдер өндіретін зауытты іске қосу жоспарланған, бұл
біздің елімізде автокомпонентті базаның дамуына бағыт — бастау болатыны
сөзсіз. 2018 жылы Қазақстанда 6 мыңнан аса жеңіл автомобиль өндірілген.
Олардың жартысы басқа елдерге экспортқа жіберілді, атап айтқанда —
Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан. 2019 жылдың 8 айында елімізде 30
мыңға жуық автомобиль құрастырылған. Аталмыш кезеңнің қаламды
қорытындылары бойынша машина жасаудағы өндіріс көлемінің өркендеп

алты қанатын көкке жаюуы өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда
18% құрады. Сала құрылымында машина жасаудың ішкі салаларының
арасында жоғары өсу динамикасының шығар биік шоқтығын автомобиль
жасау саласы көрсетіп отыр. Қазіргі таңда Қазақстанда автокөлік
құралдарының барлық санаттары өндіріледі. Елімізде 167 автомобиль моделі
құрастырылады, оның ішінде 39 – жеңіл модель, 22 – әлемдік
бренд.Қазақстандық Автобизнес қауымдастығының мәліметтері бойынша,
жеңіл автокөліктердің үлесі 12,9 мың бірлікті құрады немесе 88,65%, бұл
2016 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда үш есе көп.

545 автобус және 1,1 мың
жүк көлігі жиналды. Өндірістің ең үлкен көлемі алты отандық зауытқа тиді.
Осыған байланысты LS компаниясы Қазақстанда қандай автомобильдер
құрастырылатындығын анықтады.Өндіріс желісіне сәйкес, жергілікті
кәсіпорындар автомобильдер мен джиптердің 50-ге жуық моделін, тоғыз
әлемдік бренд шығарады. Бұл жағдайда жеңіл автомобильдердің ең көп
түрлері Lada — 13 моделінде. Ең арзан автомобиль Ravon Nexia болды, оның
құны 2,5 миллион теңгеден басталады. 2016 жылы біріншілікті Lada Priora
иеленді, ол 1,7 миллион теңгеге сатылды.Алайда, «әттең, тоңның келтесі –
ай» демекші, қазіргі уақытта мұндай модель Қазақстанда өндірілмейді. KIA
Quoris-ке қазақстандықтардың ең қымбат автомобильдерінің үлгілері келеді,
оның құны 17 миллион теңгеден басталады.

Және де «СарыарқаАвтоПром» зауыты 55,8 млрд. Теңге ағымдағы жылдың қаңтар-
қазан айларында ең көп ақша өндірді. Одан кейінгі орында 34,6 млрд теңгеге
автомобильдер жинаған «Азия Авто» компаниясы. Одан кейінгі орындарға
КАМАЗ-Инжиниринг (11,6 млрд. Теңге), Hyundai Auto Kazakhstan (3,8 млрд.
Теңге), Daewoo Bus Kazakhstan (2,2 млрд. Теңге), СемАЗ (1,7 млрд. Теңге)
кірді. Сонымен қатар, Азия Авто сандық жағынан (9,4 мың бірлік) көш
бастап келеді. «СарыарқаАвтоПром» екі есе аз жинады (4 мың бірлік).
Қалған зауыттар өндірілген 1 мың техниканың көрсеткішінен асып кете
алмады: «КАМАЗ-Инжиниринг» барлығы 708 автомобиль шығарды, Hyundai
Auto Kazakhstan — 432 техника, SemAZ — 108 дана, Daewoo Bus Kazakhstan —
107 дана.

«Чехия мен Қазақстанда шығарылатын «Skoda» автокөліктерінің арасында
сәл ғана техникалық айырмашылық бар. Бұл – нарықтың талабына
байланысты. Қазақстанның табиғаты қатал. Мысалы, Чехияда қыста ең суық
градус -19°С. Ал мұндағы суық сүйегіңнен өтіп кетеді. Оны өз басым
сезіндім. Осы жағдайларды мамандар машина құрастыруда да ескереді. Мен
машинаны шығаратын Өскемендегі зауытта болдым. Ондағы басшылық пен
қарапайым жұмысшылардың жұмысқа деген ынтасын өз көзіммен көрдім.
Себебі, қазақстандық мамандар өз істеріне адал. Олар машиналарды үлкен
жауапкершілікпен құрастырады. Сондықтан Қазақстанда шығарылатын
«Skoda» автокөліктері сапалы», — деп, Чехияның ТМД елдері бойынша
Сауда-өнеркәсіп палатасының басқарма төрағасы тіл тартқандай еліміздің
өнімдері жайлы бір марқайып қалуға болады.

Бүгінгі асау тайлақты, бұрынды қыстан шыққан көтеріңді көлік қылып,
арқау ете білген Қазақ еліміздің көк байрағын әлемдік елдермен тең
шарқастырғанда жетісіп, мақтан тұтар машина жасау саласы «өте қымбат»
деген сынды пікірге иеленіп отырғаны даусыз. Көпті елең ете білген бұл сала
осы күнге дейін бірде – бір қара халықтың қара қаһарына ұшырады дегенді
де естімегеніміз рас. Сапалы дүниені ырқына келтіріп, елдің ахуалына сай
етіп, құйып қойғандай антынын көркемдеу сізге өтірік, маған шын – өте қиын
жұмыс. Шетелден келген бастаманы елімізде жалғастырып қытығын қағып,
алқынып желдетерін өңдеу, әсте қымбатшылық заманда қымбатты
өнімдермен даярлау үстінде жаныққан бұл салаға айтып алар дауымыз
орынсыз дегеніміз абзал. «Кітаптардың саны емес, оның сапалысы, жақсысы
пайда келтіреді. Бұны көбі біледі, мойындайды, бірақ өздері амал етпейді»
деп Сенека айтып кеткендей, сапасымен шартараптың шаршы ойлы шын
мақтауымен жетістікке жетіп отырған бұл саланың қымбат болуы да осы
себепті. Іргесі елдік бастауымен қатар құра білген , әлем брендін елімізде
тарата білген бұл саладан ендігі алда күтеріміз мол. Алар асуы мен арманы
ниеттері ұштасып жаңа дүниелердің жаңа кемелденуіне қарық болуға
асықпыз!!!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ