Қазақстанның балықтары. Жайын мен шортан туралы мәлімет

0
5686
Freepik.com

Балықтар — желбезектерімен тыныс алып, суда тіршілік ететін су жануары. Олар омыртқалы жануарларға жатады. Адам үшін балықтардың маңызы зор. Олардың еті мен уылдырығы тамаққа, майы құрамында дәрумен көп болғандықтан, дәріге пайдаланады. Жасанды көлдер мен тоспа суларда балықтарды көбейту жұмысы жүргізілуде. Олардың көптеген түрлері сәндік үшін аквариумда өсіріледі. Қазақстан суларында балықтардың 140 түрі кездеседі. 

Жайын. Жайынның  басы жалпақ, екі ұртында ұзынша келген екі мұртшасы болады. Оның салмағы 300 килограмға, ұзындығы 5 метрге жетеді. Осындай алып балықтар 80-100 жылға дейін тіршілік етеді.

Жайын — жыртқыш балық. Ол қорек талғамайды, бақалардан бастап ірі шортандарға дейін жейді. Реті келсе, үйрек, қаз, тағы басқа су құстарын да шабуыл жасайды. Жайындар жалқау, баяу қимылдайды. Жемін ұстау үшін әртүрлі амал-айла қолданады. Олар жасырынып тұрады да, мұртшаларын қимылдатады. Мұртшалары құрт тәрізді қимылдайды.Оны балықтар құрт екен деп жемекші болғанда, аңдып тұрған жайын оларды жеп үлгереді. Кейде олжасын құйрығымен соғып, есеңгіретіп те ұстайды.

Күз болып, күн суыта бастаған кезде олар су тереңіне жиналады. Әсіресе, өзен мен көлдердің суы қатқанда, жайын судың түсбіндегі жұмсақ, құм, қиыршыққа басын тығып, ұйқыға кіріседі.

Шортан. Ол жыртқыш балық, өте күштi және шапшаң қимылдайды. Олардың ұзындығы 70 см- ге, салмағы 6 кг-ға дейiн жетедi. Шортандардың ipiлерi ғана болмаса, көпшiлiгi таяз суларда тiршiлiк етедi.

Шортан — это қомағай балық. Кейде өзiнен үлкен балықтарға шабуыл жасайды. Ондай балықтар шортанның жұтқыншағынан етпей, кептеліп, шортанның тұншығып өлетін де кездері болады. Ол су құстарын, бақаларды, тіпті жәндіктерді, шаяндарды, бауырымен жорғалаушы жануарларды да қорек етеді.

Шортан көктемнің алғашқы айларында  су жағасына жақын, таяз, шалшықты жерлерде уылдырық шашады. Ол өте сақ балық. Өйткені шортанның жаулары да көп. Жайын, құндыз және жыртқыш құстардың көпшілігі-ақ шортанмен қоектенеді. Оны адам да аулайды.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т

Биология пәні бойынша басқа да ақпараттар: 
  1. Қазақстанның өсімдіктер дүниесі. Тораңғы, қырыққұлақ, арша туралы

  2. Үштүсті шегіргүл, күймесгүл, атпақияр өсімдігі

  3. Дүңгіршек пен таушешек өсімдігі туралы мәлімет

  4. Қамыс және ақ тұңғиық өсімдігі

  5. Биологиядан тест тапсырмалары жауабымен
  6. Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері. Биология пәнінен сабақ жоспары

  7. Биология пәнінен ҰБТ сұрақтары, жауаптарымен


ПІКІР ҚАЛДЫРУ