Қазақ тілінен үлгілік ҰБТ тапсырмасы

0
1555
Freepik.com

 

 1. Антонимдес сөз тіркестер қатары

A) Телегей теңіз, ұшан теңіз

B) Кең дала, үлкен кісі

C) Жаз мезгілі, түс мезгілі

D) Айдын көл, асқар тау

E) Ала жаздай, қыс бойы

 2. Синоним болатын қатар

A) Байлық, қазына, дәулет

B) Әрқашан, шығыс, күшті

C) Жаңа, селдір, сирек

D) Ғылым, қысқа, түсте

E) Мықты, кейін, ілгері

 3. Берілген сөздердегі дауыссыз дыбыстардың сипаты

Кесе, соқпақ, шаттық

A) Қатаң және үнді дауыссыз дыбыстар

B) Ұяң дауыссыз дыбыстар

C) Ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстар

D) Үнді дауыссыз дыбыс

E) Қатаң дауыссыз дыбыс

 4. Тек дауысты дыбыстан құралған буын түрі

A) Бітеу буын

B) Ашық буын

C) Бітеу және тұйық буын

D) Ашық және тұйық буын

E) Тұйық буын

 5. Дара түбір

A) Кестеде

B) Он бес

C) Мәдениет сарайы

D) Ата-ана

E) ТМД

 6. Негізгі  етістік

A) Ойлан

B) Кел

C) Қысқарт

D) Ақылдас

E) Ойнамақ

 7. Жалқы зат есім

A) Желтоқсан айы – қыс айы.

B) «Балдырған» журналын жаздыртамыз.

C) Еліміздің астанасы көрікті.

D) Көктемде мейрам көп.

E) Дүкенде түрлі сыйлықтар сатылуда.

 8. Бұйрық райлы сөйлем

A) Спортқа лайықтап тігілген киімді жаттығуға кигім келеді.

B) Көшеге күндіз шықсам, жеңіл киінемін.

C) Ескі киім – жаңа киімнің қорғаушысы.

D) Күндіз киетін киімің әшекейсіз, жарасымды болсын.

E) Екі аяқ бір етікке сыймайды.

 9. Сілтеу есімдігінен болған анықтауыш

A) Олар шалғай ауылдарды аралап шықты.

B) Волейболды алты ойыншы ойнады.

C) Бұл сабақта біз есеп шығарамыз.

D) Жарнама барлық істің басы болып саналады.

E) Мемлекетімізде әр түрлі ұлттар тату өмір сүріп жатыр.

10. Жалаң сөйлем

A) Қоңырау соғылып жатыр.

B) Ол туралы көптеген аңыз, дәстүрлер бар.

C) Қонақжайлылық – қазақтың ерекше белгісі.

D) Еңбектенгенді ұнататындар аз болып барады.

E) Мен онымен дұрыс сөйлессем, ол маған бәрін айтар еді.

11. Ауыспалы мағыналы сөз тіркесі

A) ауыр сандық

B) ауыр салмақ

C) ауыр тұрмыс

D) ауыр жүк

E) ауыр тас

12. Бірыңғай жіңішке буынды сөз

A) Қамқоршы

B) Қарындас

C) Кітап

D) Отбасы

E) Дәстүр

13. Екі түбірден біріккен жалпы есім

A) Мұражай

B) Ақтөбе

C) Көкшетау

D) Екібастұз

E) Ақтау

14. Болымсыздық демеуліктер

A) түгіл, тұрсын

B) бірақ, сондықтан

C) ма, ме, ба, бе, па, пе, ше

D) -мыс, -міс

E) -ақ, -ау, -ай, -шы

15. Болымсыз етістік

A) Жазып отыр

B) Ұзын болады

C) Мекендейді

D) Болады

E) Көрінбейді

16. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем

A) Кенже бала – үй иесі, сондықтан әке-шешесі оған қара шаңырақты береді.

B) Ол әскерді күшейтті, хандықтың жер көлемін кеңейтті.

C) Адам баласы керуен сияқты: тоқтады, көшті де кетті.

D) Ертеде қазақ әйелдері бірде киіз басқан, бірде кілем тоқыған, бірде киім тіккен.

E) Ежелгі қалалар жылы жерлерге салынған, бірақ өзендердің жағасында да көне қалалардың орны бар.

17. «Ұзын-қысқа» антоним сөздерінің орысша аудармасы

A) Твердый — мягкий

B) Толстый — худой

C) Белый — черный

D) Дешевый — дорогой

E) Длинный — короткий

18. Үнді дауыссыз дыбыстардан тұрған сөздер қатары

A) Жиһаз, еңбек.

B) Жоспар, бірлік.

C) Мамандық, мәтін.

D) Роман, Майра.

E) Наубайшы, аспаз.

19. Етістіктен жасалған қатыстық сын есім

A) Бүгінгі, ұрыншақ

B) Көліксіз, жаңбырсыз

C) Балалық, жастық

D) Сынық, ақсақ

E) Көйлекшең, аурушаң

20. Сөйлемнің түрі

Ол көп ойланып, үйге қайтып келді.

A) Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас

B) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас

C) Шартты бағыныңқы сабақтас

D) Мезгіл бағыныңқы сабақтас

E) Мақсат бағыныңқы сабақтас

Дереккөз: Ұлттық Тестілеу орталығы

Ұқсас материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ