Бабалардан жеткен саз балшықтың сыры

0
2102

«Рухани жаңғыру» стратегиялық бағдарлама аясында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер  академиясының,  «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті, «Сәндік қолданбалы өнер» кафедрасының  оқытушылары мен студенттерінің  «Саз балшықтың сыры» атты топтық шығармашылық  көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Көрмені Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  PhD докторы Асхат Маемиров ашып, бұл көрме Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының идеяларын жүзеге асырудың көрінісі болмақ. Ұлы даладан жеткен қол өнер бұйымдарының қазіргі заман мәдениетінде маңызды екеніне тоқталып, жас талант иелеріне жылы лебізін білдірді.

Бұл көрмеге алуан түрлі қыштан жасалған ыдыс-аяқтар мен тұрмыстық  бұйымдар  қойылды.  Аталмыш көрмеде студенттердің кәсіби деңгейін және олардың шығармашылық әлеуетін көтеруге ықпал зор. Көрме барысында студенттер қыштан  ыдыс жасау тәсілдері мен қыр-сырлары бойынша  шеберлік  сыныбы  өткізлуде. Көрмеге Ресей Федерациясының Гжель мемлекеттік университетінен академиялық ұтқырлық бойынша келген студенттер де өз өнерлерін көрсетті.

Студенттер шығармашылық үдерісте қыштан бұйым жасаудың әдістерін көпшілікке тікелей көрсетті. Көрме  қонақтары студенттердің саз балшықтан жасалған ұлы даланың тарихынан сыр шертетін тұрмыстық көркем  бұйымдарды ерекше қызығушылықпен тамашалады.

«Əр халықтың тарихы қасиетті құндылықтарымен қымбат екенін Елбасы «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында айрықша мән берді.   Бабаларымыздың мұрасын тікелей жалғастырып жатқан жас өнерпаздарымыздың шығармашылық көрмесінің негізгі мақсаты ұлттық құндылықтарымыздың бірі – қыш  өнерін қайта жандандыру еді. Сонымен қатар, «Сәндік қолданбалы өнер» кафедрасының  студенттері мен академиялық ұтқырлық бойынша факультетте оқып жатқан ресейлік студенттер Александра Шуплякова және Татьяна Тетерина Гжель тәсілінде шеберлік дәріс көрсетті. Студенттердің оқу және шығармашылық жұмыстары аясында көпшілікке ұлттық дәстүрімізде ерекше тарихи мәнге ие ұлтымыздың қолөнер бұйымдарын кеңінен насихаттау еді, – деп атап өтті «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің деканы Бауыржан Байділда.

Көрме барысында Академияның студенттері қазақтың ерекше әуенді күйлері мен әндерін шырқап көпшілікті тәнті етті.  Көрмеге жиналған қауым қазақтың қасиетті қол өнер бұйымдарын асқан шеберлікпен орындап жүрген он саусағынан өнер тамған жастарға үлкен ризашылығын білдірді.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ