«Үздік педагог» олимпиадасы — педагог мамандар үшін зор мүмкіндік

3
1855
Олимпиада жүлдегерлері - Алматы қаласы №147 гимназия ұстаздары

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры ұйымдастырған «Үздік қазақ тілді сайт» сыйлығының иегері, «Білім бұлағы» номинациясының жеңімпазы — Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайтында ұйымдастырылған І Республикалық «Үздік педагог» олимпиадасы өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Республикамыздың 15 облысы, 2 қаласының барлығынан да педагог мамандар қатысты. Олимпиада нәтижесінде 200 педагог ең жоғары 25 ұпайды жинады. Олимпиада ережесіне сәйкес уақыт көрсеткіші бойынша  «Үздік жүздік» рейтингі шығарылды. Ең үздік нәтиже көрсеткен 125 ұстазға «Қазақстан ұстазы» төсбелгісі табысталды.

Олимпиаданың марапаттарын алғаннан кейінгі қатысушылардың пікірлерін назарларыңызға ұсынамыз.

«Үздік ұжым» атағына ие болған А.В.Луначарский атындағы орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Ауесбаева Майра Абдракимовна

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев : «Ғасырлар мақсаты –саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» — деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үдерісінде педагогикалық шеберлік қажет. Ал педагогикалақ шеберлік дегеніміз – дарынды талантты емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Сондықтан да ізденімпаз, өзіне талап қоя білетін, кәсіби деңгейі жоғары, рухы биік, даралық сапалары жетілген мұғалімнің шығар шыңының биік мүмкіндігі мол. Нәтижеге жету үшін ылғи да ізденіп, талаптануы қажет дегім келеді. Жаны бала деп шырылдаған, оған қажетінше тәрбие беремін деген әр ұстаз іздену керек, шығармашылықпен жұмыс жасау керек дегім келеді. Ұстаздардың білімін шыңдауда методика саласында көмек беретін бірден-бір сайт Qaztest.kz қазақ тілді олимпиада сайты. Барлық ұстаздарымыз өз білімдерін шыңдау мақсатында осы сайт арқылы байқауларға қатысып, өз нәтижелерінің жемісін көріп келеді. Сайтта ұйымдастырылған 10 қазаннан бастап 10 қарашаға дейін «Үздік педагог» байқауына 40 мұғалім қатысып, директордың оқу ісінің орынбасары Ахметова Маира Ернисовна «Қазақстан ұстазы» төсбелгісімен, мұғалімдер құрмет грамоталары мен дипломдармен марапатталды, ал мектебіміз «Үздік ұжым» атанды. Ұйымдастырып отырған Qaztest.kz қазақ тілді олимпиада сайт ұжымына шығармашылық табыстар тілеймін!

«А.В.Луначарский атындағы орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарих пәнінің мұғалімі Ауесбаева Майра Абдракимовна

Ахметова Маира Ернисовна

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының иегері «Ең үздік қазақ тілді сайт» байқауы жеңімпазы Qaztest.kz қазақ тілді олимпиада сайты ұйымдастырған білім саласы қызметкерлерінің І Республикалық «Үздік педагог» педагогика олимпиадасына біздің ұжымынан 40 мұғалім педагогика-психология әдістемесі бойынша қатысып, «Үздік ұжым» номинациясын жеңіп алдық. Берілген сұрақтар мен тапсырмалар мұғалімнің кәсіби дамуына зор үлесін қосады деп есептеймін. Қазіргі таңда еніп отырған жаңартылған бағдарламаға сәйкес қолданылатын оқу мақсаты, әдіс-тәсілдер, бағалау критерийлерінің ерекшеліктерін қолданып үйренуге жетелейді. Бұдан кейінгі жылдарда да біз Qaztest.kz қазақ тілді олимпиада сайты ұйымдастырған Республикалық «Үздік педагог» педагогика олимпиадасының жалғасын табуын сұраймыз.

«А.В.Луначарский атындағы орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың оқу ісінің орынбасары Ахметова Маира Ернисовна

Батырбекова Гулжайнат Сейтхановна

Білім беру мемлекет дамуының саяси экономикалық және әлеуметтік факторларына айналып отырған қазіргі кезде мұғалім біліктілігінің дамуы мен кәсіби өсуіне баса назар аударылып отыр. Педагогтардың біліктілігі мен кәсіптік деңгейінің өсіп отыруы қажеттілігі еліміздегі білім сапасын арттыруға мейлінше үлес қосуда. Осы орайда, «Qaztest.kz» сайтында педагог мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында түрлі Республикалық педагогикалық олимпиадалар өткізіліп тұрады. Осы ұйымдастырылған педагогикалық олимпиадалардың ұстаз үшін маңызы зор.

Оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігі педагогикалық мамандардың шығармашылық бастамасымен тығыз байланысты. «Qaztest.kz»- қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақтан-ұрпаққа сабақтастыратын сайт ретінде белгілі. Бұл сайттың өзіндік орны бар, сан мыңдаған ұстаздарға үнемі қолдау көрсетіп, ізденіспен жұмыс істеп келе жатқан білім ордасы.

Уақыт ағымымен бірге заман талабына үн қатып, үнемі жаңашылдықпен еңбек ететін «Qaztest.kz»- білім сайты өзіндік өнеге өрнегін қалыптастырып жүр. «Qaztest.kz» сайтының негізгі көрсеткіштері- әдістеме салаларындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік игерту. Жаңашылдықтың көшінен қалмай, заман талабы мен уақыт көшіне ілесу, білім саласы қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру- «Qaztest.kz» сайтының абыройлы міндеті деп санаймын.

«А.В.Луначарский атындағы орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Батырбекова Гулжайнат Сейтхановна

Искакова Айгүл Булатовна

Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайтында өтетін байқаулар мен үшін әрі тиімді, әрі қызықты болды. Өзімізді жоғары деңгейге көрсетуге мүмкіндіктер жасалынды. Осындай тест байқаулары бола берсе, біз үшін үлкен тәжірибе. Атттестациядан өтуге ең керекті байқау және де шығармашылықпен айналысуына септігін тигізеді. Үлкен рахмет сіздерге, осындай байқауларыңыз бола берсін!

«А.В.Луначарский атындағы орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің технология пәнінің мұғалімі Искакова Айгүл Булатовна

«Үздік ұжым» номинациясының иегері — Алматы қаласы №147 гимназия ұжымы

Алиаскарова Жанар

Президент қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиадас сайтында ұйымдастырыдған «Үздік педагог» олимпиадасы өте жақсы ұйымдастырылған. Мұғалімдер олимпиадаға қатыса отырып өз білімдерін сынай алады. Сіздерге  үлкен рақмет! Жұмыстарыңызға шығармашылық табыстар тілеймін!

Ақмола облысы, Степногорск қаласы А. Косарев атындағы №9 орта мектеп мұғалімі Алиаскарова Жанар Абдикаппаровна

 

Мұғалімдердің білімін шыңдау үшін өзінің тәжірибесін дамыту үшін Qaztest.kz сайтының онлайн олимпиадасы шыққанына қуаныштымын. 
Қазақстанның білім саласы өркендеп алдыңғы қатарлы елдің үзеңгілес болуын, сіздерге  шығармашылық тілеймін. Үлкен рахмет!!!

Астана қаласы Республикалық физика-математика мектебінің мұғалімі Джампеисова Шолпан Сламияевна

Сіздердің ұйымдастырып отырған олимпиадаларыңыз жалпы мұғалімдер қауымы үшін өте құнды. Біріншіден , мұғалімдер өздерінің педагогика-психологиялық бағыттағы білімдерін пысықтайды. Екіншіден, мұғалімдердің аттестациялық сараптамадан өту кезеңіндегі партфолие тапсыруда еленетін құнды марапаттардың бірі болып саналады. Ұйымдастырушыларға үлкен рахмет! Алдағы уақытта жылма-жыл қайталанып тұратынына күмәніміз жоқ. Сәттілік тілейміз!

Олимпиада жүлдегері Абдул Дарибаев

Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайтының ұйымдастырушылары! Сіздердің жұмыстарыңызға толағай табыс тілеймін!Қатысқаныма өте қуаныштымын. Осындай  ұстаздардың біліктілігін арттыруға, өз деңгейін біліп отыруына арналған тесттерді ұйымдастырғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін! Тағы да онлайн-олимпиадалар ұйымдастырсаңыздар нұр үстіне нұр болар еді.

Тараз қаласы Дмитрий Карбышев атындағы №16 орта мектеп мұғалімі Тазабекова Галия

Бұл олимпиада жыл сайын өткізіліп тұрса деген ұсынысым бар. Біздердің, мұғалімдер қауымының  мәртебесін көтеруде жасап жатқан жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Бір жапырақ қағаз үшін марқайып қалатын мұғалімдердің білімін шыңдауына  мүмкіндік беріпсіздер. Сіздерге  рахмет! 

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы №170 мектеп мұғалімі Омарова Майра Файзоллақызы 

Сіздерге алғысым шексіз! Дендеріңіз сау болып, жұыстарың алға баса берсін! Ұстаздарға арналған тұңғыш олимпиада баршамызға құтты болсын! Өте жақсы мүмкіндік сыйладыңыздар. Рақмет!

Олимпиада жүлдегері Шынар Касымханова

Маған олимпиадаларыңыз ұнады. Өзіміздің білімімізді тексеруге қолайлы,түсінікті жазылған. Сіздерге көп рахмет. Тағы да осындай олимпиадалар мұғалімдерге қажет.

Алматы қаласы №96 жалпы білім беретін мектеп мұғалімі Каденова Макпал Козмановна

Менің қуанышымда шек жоқ, мен 10 қарашаға дейін олимпиаданың нәтижесін қуана күтемін. Осы ұстаздарға арналған түрлі олимпиадалардың ұйымдастырылып жатқаны, ұстаздардың әрі қарай педагогикалық тәжірибелерінің шыңдалуына үлкен әсер етеді деп есептеймін.Әрі жеңіске жетіп жатсақ ол біз үшін үлкен мәртебе.  Сіздерге үлкен рахмет, еңбектеріңіз жана берсін, отбасыларыңызға тек жақсылықтар тілеймін, өркендеріңіз өссін. 

Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов ауданы Көкалажар орта мектебінің мұғалімі Альмуканова Фариза Сериковна

 

 

 

 

 

 

3 ПІКІРЛЕР

  1. салеметсіздерме!
    Жаңа жыл құтты болсын
    «Үздік педагог» олимпиадасы енді қашан болады соңы асығып күтіп жұрмыз

  2. Қайырлы күн! Рахмет! Жаңа жыл сізге де құтты болсын! Олимпиада жылына бір ақ рет ұйымдастырылады. Алдағы уақытта басқа олимпиадалар ұйымдастырамыз.

  3. өте керемет. балабақша тәрбиешілеріне қандай байқаулар болады? қалай қатысуға болады? рахмет

ПІКІР ҚАЛДЫРУ